Мазмұнға өту

Жаңа

VINO 4-EVER велоклубы халықаралық Tour of Bulgaria веложарысында көшбасшылықты сақтап қалды

Құрлықтық VINO 4-EVER велоклубы халықаралық Tour of Bulgaria веложарысында көшбасшылықты сақтап қалды. «Солтүстікқазақстандықтар халықаралық Tour of Bulgaria веложарысын сәтті бастады. Оған 19 команданың 100-ден астам спортшысы қатысты. Бес кезеңнің қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандықтар алғашқы орындарды сақтап қалды. Олег Земляков бас жіктеуде екінші орында, командалық сында VINO 4-EVER үшінші орынға ие болды. Бірнеше күннен кейін Болгарияда СҚО спортшылары екі күндік Tour of Black Sea жарысына қатысты. Жандос Бижігітов 162 км қашықтықтағы топтық жарыста екінші, 103 шақырымдық жарыста үшінші және бас жіктеуде екінші орынға ие болды», — деп хабарлады СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Олег Земляков — 23 жа…

0
0
377

Хабибулин ITF топтамасы жарысындағы жеке сында 2-ші айналымға шықты

Қазақстандық теннисші Тимур Хабибулин дүйсенбіде Үндістандағы жүлде қоры 10 мың долларды құрайтын  ITF топтамасы жарысындағы жеке бәсеке сынында 2-ші айналымға шықты.

Бірінші айналымда Хабибулин Үндістан спортшысы Абхинав Шанмугамды 6:2, 6:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды sports.kz.  Екінші айналымда қазақстандықтың қарсыласы жеке разрядтағы алтыншы ракетка, ресейлік Маркос Каловелонис пен үнділік Кунал Анандтың арасындағы кездесудің жеңімпазы болмақ.

   
Басты сөздер: Спорт
0
0
257

«Пари Сен-Жермен» Роналду үшін €150 млн. ұсынды, «Реал» бас тартты

Мадридтік «Реал» команда футболшысы Криштиану Роналдуды «Пари Сен-Жермен» клубына €150 млн-ға сатудан бас тартты. Бұл туралы Globo Esporte хабарлайды.

Испаниялық клуб ұсыныстан бірден бас тартқан. Алайда Роналду 1 жылдан соң өзге клубқа ауысуы мүмкін.  Ал биылғы кезеңде Роналду Испания чемпионатында 2 матчқа қатысып, бір де бір гол салған жоқ, деп жазады 24.kz.

   
Басты сөздер: Спорт
0
0
358

11 мыңға жуық ауыл тұрғындары әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды

2015 жылғы 16 наурыз бен 7 қыркүйек аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 10980 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды. Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 10980 азаматтың 7030-ы түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 2083 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 1867 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды. Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 7 қыркүйек аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлерінде…

0
0
212

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Швейцария жастарынан ұтылып қалды

Қазақстан жастар құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Алматыда Швейцария құрамасын қабылдап, 0:1 есебімен жеңілді, деп жазады ҚФФ. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз гол ойынның 85-минутында соғылды. «Грассхопперс» шабуылшысы Шани Тарашадж пенальтиді мүлтіксіз орындады. Қазақстандық футболшылар қарсыласына қарағанда жеңіске жақын болған еді. Бірінші таймда Әлішер Сүлейдің соққысы қақпа маңдайшасынан қайтты. Швейцария құрамасы допқа иелік етуде басымдық танытты. Алайда, қазақстандық футболшылардың шабуылы өткірлеу болды. Екінші таймда да қонақтар допты бақылауда ұстап, шабуылдарын үдете түсті. Біздің футболшылардың ойын соңында шаршағаны байқалды. Ойынның 85-ші минутында қонақтар он бір метрлік айып добын мүлтіксіз орындады. Қазақстан U-21 — Швейцария U-21 - 0:1 (0:0) Го…

0
0
223

Досжан Қартықов грек-рим күресінен Рио Олимпиадасына жолдама алды

АҚШ-та басталған күрес түрлерінен Әлем чемпионатының алғашқы күнінде грек-рим күресінен 75 келідегі қазақстандық палуан қола медаль иеленіп, 2016 жылы өтетітін Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Ол іріктеу кезеңінде украиналық Дмитрий Пышковты (4:2), молдовиялық Игорь Бислягты (6:0) жеңді. Онан соң Досжан оңтүстіккореялық Әлем және Олимпиада чемпионы Хенву Кимді (4:2) ұтып, ¼ финалына шықты. Ал, ширек финалда Олимпиада чемпионы ресейлік палуан Роман Власовтан ұтылып қалды.

Жұбаныш белдесуде Досжан армениялық Әлем чемпионы Арсен Джулфалакянды ұтты. Қола медаль үшін өтен белдесуде Досжан Қартықов әзірбайжандық палуан Эльвин Мурсалиевты ұтып, Әлем чемпионатының қола медалін және Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

0
0
991

Тұрсынбек Кәкішев — XX ғасыр ақтаңдақтарын ақтау жолында жанкештілік танытқан ғалым

Қаламгер қаншама ғалымдар шоғырын тәрбиелеп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етті.

Ғалымның 30-ға тарта түрлі жанрдағы кітаптар жарық көрген. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен зерттеді. Тіпті осы бағытқа шәкірттерін де баулып, XX ғасыр ақтаңдақтарын ақтау жолында жанкештілік танытты.

«Тұрсынбек Кәкішев - ғылымда өзінің орны бар тұлға. Ол әдеби сынды жеке жанр ретінде қалыптастырып, оны жоғары оқу орындарына пән ретінде енгізді», дейді академик Сейіт Қасқабасов.

Саналы ғұмырында қазақ әдебиеті мен мәдениетін, өнерін зерделеген ғалым мұрасының орны ұрпақ үшін құнды болып қала бермек.

Ғалымның өнегелі жолы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
865

«Таңшолпанның» қонағы — күйші Секен Тұрысбеков

Студияда жаңадан жазылған «Мәңгілік ел» авторлық күйін орындады.

Композитор, күйші, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі Секен Тұрысбеков  «Таңшолпанда» қонақта.

Секен Тұрысбековтің тұңғыш күйі - «Көңіл толқыны». 1985 жылы шыққан. Одан басқа күй қоржынында «Ақ жауын», «Жазғы қар», «Бесік күйі», «Күлтегін», «Көкбөрі», т.б ән-күйлер мен романстар да бар.

«Таңшолпан» студиясында жаңадан жазылған «Мәңгілік ел» авторлық күйін орындады.

«Мәңгілік - ол сұрау, жалбарыну.  Батырларымыз ұйқысыз, күлкісіз жүріп, құс қанаты талып, тұлпардың тұяғы тозатын ұлан-ғайыр даламызды сақталып қалды. Осы бақытымыз баянды болсын, деген тілектен шыққан туынды», дейді күйші.

Күйдің толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

0
0
1091

Қызылжар ауданының азаматтық қоғамы жемқорлыққа төзбейді

Ағымдағы жылғы 4 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен, Бескөл ауылындағы Қызылжар ауданының әкімдігінде «Елдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарының күшін біріктіру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға қатысқан «Нұр Отан» партиясының және Қызылжар ауданы қоғамдық, жастар, этномәдени, діни бірлестіктерінің өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі мақсаттары және міндеттерімен танысып, азаматтардың қоғамдағы жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру жөніндегі тәжірибелерімен алмасты. Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде мемлекеттік қызмет саласы, сот жүйесі, жеке сектордағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігі түсіндірілумен қатар, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы…

0
0
744

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының азаматтарын жеке қабылдады

Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының орынбасары Қ.С. Бейсембаев Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының азаматтарын, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында жеке қабылдады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығымен кездесу мүмкіндігіне ауданның бес тұрғыны ие болды. Ауылдықтарды мазалаған мәселелердің бастысы – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның шаруа қожалықтарының жұмысшыларға еңбекақыларын төлемеуі болды. Нақтырақ айтқанда «Данто» ШҚ, «Астана-Холдинг» ЖШС жұмысшылары ақшаларын ала алмауда. Қабылдауға қатысқан еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Б.Қ. Жанботин, арызданған Р.Е. Яцуков пен А.В. Обидникке бұл мәселе бойынша сотқа жүгінген абзал деп шешті. Ал Департамент болса, бұл мәселені өз бақылауын…

0
0
558