Курчатовта ШОБ кәсіпкерлігінің саны 16,2 пайызға өсті
Курчатов қаласында жыл басынан бері шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны 16,2 пайызға өсті, деп хабарлады Шығыс Қазақстан Облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
2015 жылдың 6 айы бойынша аудан және қала рейтингтері бойынша Курчатов 4-ші орын алды.
Курчатов қаласының экономика және қаржы бөлімінің мәліметінше, өндірістік өнім көлемі 1 123,3 млн теңгені құрады, ол 2014 жылдың көрсеткішінен 4,2 млн теңгеге жоғары. Шағын және орта бизнес кәсіпорыны 16,2 пайызға көбейді, мал шаруашлығы өсуде.
Тамыз айында 600 орындық мектептің құрылысы басталмақ.
Сонымен қатар, еліміздің өзге өңірлеріндегі осы тақырыптағы жаңалықтарды еске түсіріп өтсек, Қарағанды облысында жұмыс істеп жатқан ШОБ субъектілері 12,4%-ға артты және 91,1 мың дананы құрағандығын экономика және қаржы басқармасының бастығы Ольга Чернявская ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық қорытындысына баяндаған болатын.
Ол атап өткендей, өндірістік өнім көлемі 613,9 млрд теңгені, ФКИ – 110,8% құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 44 млрд теңгені көрсетті. Ал, негізгі капиталға 158,8 млрд теңге инвестицияланды.
«Жалпы, 162,7 мың шары метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Салық пен өзгеде міндетті төлемдер түсімі 105,5 млрд теңгені құрады, ал шығын көлемі - 97,6 млрд теңге болды», - деп хабарлады О.Чернявская.
Сонымен қатар, аймақтың сыртқы сауда айналымы 2 млрд 498,2 млн долларды құрады.
Ал, тұтынушылар бағасының индексі ағымдағы жылдың маусым айында 101,8% көрсетті, санымен қатар азық-түлік тауары индексі – 101,4%, азық-түлік емес тауарлар – 100,9%, ақылы қызметтер – 102,9% болды.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнес субъектісінің саны 47,8 мың теңгені құрағандығын облыс әкімдігі мөлімдеген еді.
Шағын және орта бизнес олыс экономикасына үлкен үлес қосады.
Бүгінгі таңда тіркелген шағын және орта бизнес субъектісінің саны 47,8 мыңды құрады, оның ішінде 42,4 мыңы әрекеттегілер, ол 2014 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 8,6 пайызға жоғары. Шағын және орта бизнесті дамыту еліміздің экономикасы үшін маңызды.
Хабарламада айтылғандай, ШОБ субъектілерінің көбеюі Ақжайық, Бөкейорда, Қаратөбе, Теректі аудандарында көбейді.
Шағын және орта бизнес кәсіпкерлігінің саны 1,3 пайызға өсіп, осы жылдың бірінші тоқсанында 91,8 мың адамды құрады.
