Мазмұнға өту

Жаңа

Ұлт жоспары: Мемлекеттік аппаратты қалыптастыру меритократия талаптарына негізделетін болады

Лауазым үлгісіне көшу жұмыстары меритократия талаптарына негізделеді, деді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының орынбасары Әлия Мұхамеджанова Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 29-сәуірінде Ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде 5 институционалды реформа - Ұлт жоспары мен оны жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» туралы бастама көтерді. Мемлекет басшысы бұл бастамалардың жаһандық және ішкі қауіп-қатерлерге жауап болатындығын атап өтті. Мемлекеттің ішкі мәселеріне байланысты күрмелуі жәйттердің бірі заманға сай мемлекеттік аппаратты қалыптастырумен байланысты болып отыр. Баршаға мәлім, Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару акдемиясы дай…

0
0
330

ҚР БҒМ: Балалар құқығын қорғаумен 40-қа жуық ҮЕҰ-лар айналысады

Балалар құқығын қорғау комитеті жанынан үкіметтік емес ұйымдарды үйлестіру кеңесі құрылған, оған 37 ұйым кіреді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы Гүлмира Құлсариева ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында. «Бүгінде әлеуметтік қорғау, білім беру мен денсаулық сақтау, балалар құқығын қорғаудағы мемлекет саясатында азаматтық сектордың ролі зор екені даусыз. Елімізде балалар мәселесімен айналысатын 400-ден астам түрлі республикалық бірлестіктер жұмыс істейді», деді Гүлмира Құлсариева. Оның айтуынша, Балалар құқығын қорғау комитеті жанынан үкіметтік емес ұйымдарды үйлестіру кеңесі құрылған, оған 37 ұйым кіреді. Сонымен қатар, ол атап өткендей, үкіметтік емес ұйымдар жасөспірімдер істері мен олардың құқығын қорғау…

0
0
495

Посол РК в Австрии презентовал руководству Каринтии реализацию программы «Нұрлы жол»

С рабочим визитом в австрийскую федеральную землю Каринтия прибыл посол Казахстана в Австрии Кайрат Сарыбай. Об этом сообщает пресс-служба Министерства иностранных дел РК. В рамках визита были проведены встречи c политическим руководством, деловыми и культурными кругами федеральной земли, в частности, с Президентом земельного Парламента Райнхарт Рором, заместителем Главы земельного Правительства Каринтии Беате Преттнер, представителями ведущих промышленных кампаний, а также организаторами фольклорного фестиваля в г. Филлахе. В ходе встреч с руководством Каринтии австрийская сторона была информирована о политической и экономической ситуации в Казахстане, планах дальнейшего развития нашей станы в рамках пяти институциональных реформ и «100 конкретных шагов» по их реализации, перспективах со…

0
0
224

ҚР Мәжілісі ДДҰ МСАК бойынша қашықтағы кеңсесін ашу туралы келісімнің ратификациясын мақұлдады

Бүгін ҚР Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық санитариялық көмек бойынша Алматы қаласында қашықтағы кеңсені ашу бойынша өзара келісімін ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын мақұлдады. ДДҰ-ның алғашқы медициналық санитариялық көмек бойынша (ары қарай - МСАК) тұңғыш кеңсесі әлемнің 54 елі кіретін ДДҰ Еуропа аймағы үшін денсаулық сақтау саласының аталған бағытын дамыту бойынша зерттеулер жүргізіп, ұсынымдар жасаумен айналысатын болады. Бұл Еуропа аймағында енгізіліп жатқан озық технологияларды меңгеруге, еліміздегі денсаулық сақтаудың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және МСАК бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді Қазақстанда бейімдеуге мүмкіндік береді. Бірлесе атқарылатын жұмыс нәтижесінде де…

0
0
439

Грек-рим стилінің палуаны Алмат Кебіспаев Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Грек-рим күресінің шебері Алмат Кебіспаев Лас-Вегаста (АҚШ) күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі.

Алмат қола жүлде үшін таласта белорусьтік Сослан Дауровты жеңді.

Осылайша, Алмат өзінің командалас әріптесі Досжан Қартықовтың жеңісті жолын жалғастырып, Қазақстан қоржынына екінші қола жүлдені салды.

Сонымен қатар, төртжылдықтың басты додасы саналатын – 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жолдамасын еншіледі.

0
0
653

Алмас Кішкенбаев: Күзде жаңа бейнебаяным жарыққа шығады

Әнші жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөлісті.

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Алмас Кішкенбаев қонақ болып, соңғы жазып жатқан әндері мен жоспардағы жаңа бейнебаяндары туралы  айтты.

«Бейнебаянға ән таңдауда  өте қаталмын. Сол себепті бейнебаян түсірілмей жүрген еді. Бүгінде бейнебаян түсірілетін ән табылды. Күзде жарыққа шығады», - деді әнші.

Сондай-ақ, ол жеке өміріндегі жаңалықтарымен де бөлісті.

«Екінші рет әке атандым. Негізі, Зере кішкентай нәрестені қалай қарсы алады екен деп уайымдадық. Қазір сіңілісін ешкімге ұстатпайды. Қызымыздың есімін атасы мен әжесі Кәлима деп қойды», - дейді Алмас Кішкенбаев.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

0
0
244

Өміріңізді жарқын ететін 6 қадам

Әйел – сұлулықтың символы. Үйде алба-жұлба болып, сыртқа шыққанда сықиып киініп алып, сәнденіп шығу дұрыс па? Біз сіздермен шығынға батырмайтын, әдетке айналдыруға тұрарлық 6 қадаммен бөлісеміз. 1. «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық». Таң сәріден бастаған іс несібелі болып, кеш батқанға дейін біраз шаруаны тындырып тастауға мүмкіндік бар. Ұйқы алдында мына шарттарды ескеріңіз: * Күні бойы шаршағанша жұмыс жасасаңыз, кеш бата салысымен көзіңіз іліне бастайды. * Су күні бойы шаршаған жүйкеңізді демалтады. Жатар алдында шомылып алсаңыз, босаңсып қаласыз. * Дәрігерлердің айтуынша, оң жаққа қарап, тізеңізді сәл бүгіп жатқан дұрыс. Қан айналымына пайдалы, ұйқыңыз да тыныш болады. Ерте тұру үшін не істеу керек? * Жастыққа басыңызды қояр алдында ертерек тұрамын деп ішкі түйсігіңізді дайындаңыз. *…

1
0
1077

Астанада қазақ тазысы мен қазақы төбеттің көрмесі өтті (фотобаян)

«Еттің бәрі қазы болмас, иттің бәрі тазы болмас», деп құмай тазының қасиетін ерекше бағалаған қазақ үшін бұл жануардың орны бөлек. Тіпті өзі аш болса да, үйдегі еттің иісін де иіскемейтін тазының «Жеті қазынаға» кіруі тегін емес

0
0
1330

Оңтүстікқазақстандық шаруалар мақсарыны шет елге шығаруға ұмтылуда

Бұған дейін шаруалар сыртқа тек өсімдік майын ғана экспорттайтын. Ал диқандар дәнді-дақылдарын төкпей-шашпай жинап алуға барын салуда. Өйткені өнімге сұраныс бар. Мақсары дақылы басқа өнімдермен салыстырғанда, күтімді көп қажет етпейді. Тек көктемде мол жауын мен аптап ыстық болса болғаны. Ал, табиғатынан ерекше өнімнің тікенегіне мұнда мал тұрмақ шегіртке де жақындай бермейді. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, «Нұркөл» шаруа қожалығына қарасты егін алқабындағы сақылдаған техникалар күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп жатыр. Су жаңа комбайндар тәулігіне 50 гектарға дейін орады. Былтыр егіндері құрғақшылыққа ұрынып, құралақан қалған дихандардың көңілі тоқ. Өйткені түсім жақсы. Шаруашылықта мақсарыны өңдейтін зауыт та бар. Кәсіпорын дәнді тазартып, сосын сығымдау арқылы май алады. Қалдығынан сабы…

0
0
569