Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Асқар Мырзахметов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Маңғыстау облыстық филиалы партия активінің жиналысына қатысты.

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің  мәжіліс залында өткен жиынға «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, аумақтық филиалдардың басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия ардагерлері және жасотандықтар қатысты.

Жиын барысында аймақ басшысы, облыстық филиал төрағасы Алик Айдарбаев Елбасы Жолдауында және  Бес ұлттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамында айтылған тапсырмаларды орындау бойынша өңірде атқарылып жатқан  жұмыстармен таныстырды. Ол облыс бойынша партияның Сайлауалды тұғырнамасындағы көрсеткіштерінің 80 пайызға жуығы орындалғандығын айтып, білім, денсаулық, т.б. салалар бойынша мәліметтер келтірді.

Бұдан соң облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Х. Нұрғалиева  партия белгілеген жобалар мен бағыттар бойынша жүргізілген жұмыстарды баяндады.

Жиын барысында сөз алған партия Төрағасының Бірінші орынбасары А. Мырзахметов Елбасының партияға жүктеген міндеттерін жүзеге асыру, осы бағытта өңірлермен жұмысты жандандыру мәселелеріне кеңінен тоқталды.

«Елбасының партия жұмысының қарқынын арттыруды жергілікті жерлерден бастау керек деген тапсырмасына орай сайлауалды тұғырнамадағы мақсатты индикаторларды орындау барысында партияның мәслихаттардағы депутаттық фракцияның жұмысын күшейту қажет», - деді.

Асқар Исабекұлы  қоғамдық қабылдаулар партияға деген ел сенімін арттыру құралы екендігін айта келе, жергілікті жерлерде шешуге болатын мәселелердің созбалаңға салынып, шешімін таппай жататынына сыни көзқарасын білдірді. Мәселенің түпкі себебін анықтап, шешімін шығару жергілікті әкімдердің қолынан келе тұра, министрлікке дейін жетіп жататынын, міне, осындай мәселелерді партия назарға алып, жүйелі жолға қоятынын айтты.

Осы мақсатта қоғамдық қабылдауларға халықтан түсіп жатқан арыз-шағымдарға, яғни ол жерде көтеріліп жатқан мәселелердің түп-төркініне үңіліп, жан-жақты талдау жүргізіледі. Бұл шағым қандай себеппен, қандай орган жұмысындағы олқылықтарға байланысты түскенін анықтап алып, оның шешілуіне ықпал ету қажеттігі айтылды. Әсіресе өз шешімін жылдар бойы таппаған мәселелерге баса назар аударылып, нәтижесі болмаған жағдайда тиісті орган басшыларына шара қолданылатыны да айтылды.

Активтен кейін партия Төрағасының Бірінші орынбасары «МАЭК-Қазатомпром» ұжымы негізінде құралған бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті. Шара барысында бастауыш ұйымдарының орталық аппаратпен байланысын нығайту мәселесі көтерілді. 5700-ге жуық бастауыш партия ұйымдары - «Нұр Отанның» негізгі күші. Осыны дұрыс пайдаланып, өңірлерде кездесетін көптеген өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне атсалысу қажеттілігі баса айтылды.

Сондай-ақ жиын барысында елдегі экономикалық саясаттағы жаңалықтар туралы, және ол сектордағы қиындықтарға қарамастан, Елбасының азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындау қажеттігі жайлы тапсырмасы да сөз болды. Бұндай шаралардың халық мүддесі үшін жасалып отырғаны айтылды.

 
0
0
625

Осы тақырып бойынша

Асқар Мырзахметов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді - Yvision.kz