Мазмұнға өту

Жаңа

2017 жыл қарсаңында Астана көшелерінде қызмет көрсететін жеңіл релсті транспорт туралы естідіңіз бе?

Астана біртіндеп мегополис шаһарға айналуда. Жыл өткен сайын түрленіп, көркейіп келеді. Бүгінгі таңда шаһар тұрғындарының саны 900 мыңға жуықтады. Астана халқының саны өскен сайын жол көлік қатынасы күрделеніп,  қоғамдық көліктерге деген сұраныс арта түсті. Бүгінгі таңда елорданың транспорт кешенін модернизациялау бағытында қандай шаралар атқарылуда, Астананың болашағы қандай, халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында қандай өзгерістер болуы мүмкін? Осы сауалдарға жауап алу мақсатында «Астана LRT» ЖШС Жолаушы көлік бөлімінің жетекшісі Бейбіт Есжановты әңгімеге тарттық.


 
0
0
1504

Ақтау қаласының техникалық қызмет колледжінде семинар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Ақтау қаласының техникалық қызмет колледжінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар-лекция өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің бас маманы          Сұлтан Сахан іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызметті өткеру, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары,  Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

0
0
378

Ақтау қаласы әкімдігінде алғашқы институционалды реформа қызу талқыланды

Ағымдағы жылдың 25 тамызында Ақтау қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Агенттіктің арнайы жоспарын орындау мақсатында Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадам» ұлт жоспарының алғашқы «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» бөлімінің талаптарын түсіндіру бойынша мемлекеттік органдарға арналған жиын өтті.

Іс-шараға Ақтау қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы                Б. Кенжалиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңесінің Төрағасы М. Қадырбек, департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты А. Сванбаева, қалалық мәслихат депутаттары, Өмірзақ ауылының әкімі, қалалық жергілікті атқарушы, аумақтық және құқық қорғау мемлекеттік органдарының, БАҚ, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.

Іс-шара барысында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңесінің Төрағасы                М. Қадырбек «Еңбек ақысын төлеудің факторлы-баллды көрсеткішін енгізу», «Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру», «Мемлекеттік аппараттың дербестігін қамтамасыз ету», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту», «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңды қабылдау  тақырыптарында баяндама  жасады.

Мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары өз пікірлерін ашық білдіріп, «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясындағы алғашқы институционалдық реформасына белсенді түрде қолдау білдіріп, өздерінің ұсыныстарын қызу талқылау барысында  айтып жеткізді.

Жалпы бұл іс-шара мақсатына жетіп, қатысушылар өз көкейіндегі сауалдарына тиісті жауаптарын алып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

 

0
0
317

«Дағыстан» этно-мәдени бірлестігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың   9 қыркүйегінде Кавказ халықтарының «Дағыстан» этно-мәдени орталығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы институционалдық реформасының талаптарын түсіндіру бойынша  дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы                    Ербол Жұмабай Департамент қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары,  Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру бойынша  атқарылып  жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Іс-шара соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы, Департаменттің ресми www.anticorruption-mangystau.kz порталындағы басшының жеке блогына арыз-шағым түсіру мүмкіндігі  бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Дәріс барысында этно-мәдени орталықтың мүшелері көкейіндегі сауалдарын қойып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы еліміздегі реформаларға белсенді түрде қолдау білдіріп жатты.

0
0
460

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың   8 қыркүйегінде Маңғыстау облыстық орталық мешітінің конференц-залында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы институционалдық реформасының талаптарын түсіндіру бойынша  семинар өткізілді. Семинар жұмысына қалалық және аудандық мешіттердің имамдары, сондай-ақ  «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің  өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы                    Ербол Жұмабай Департамент қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары,  Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру бойынша  атқарылып  жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Өз кезегінде «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Алтынзер Көшенова «Сыбайлас жемқорлық жөніндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жобаны іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі атқарылған іс-шаралармен таныстырып өтті.

Іс-шара соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы, Департаменттің ресми anticorruption-mangystau.kz порталындағы басшының жеке блогына арыз-шағым түсіру мүмкіндігі  бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, тақырыптық бейнорликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Қорытынды сөзінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбеков қала және аудан имамдары өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауға белсенді атсалысатындығын жеткізді.

   
0
0
485

«Қайнар» колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың  21 қыркүйегінде «Қайнар» колледжінде оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы                    Ербол Жұмабай оқытушылар мен студенттерге іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары,  Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Өз кезегінде Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Ақмарал Сванбаева «Кешенді құбылыс ретіндегі сыбайлас жемқорлық түсінігі және жемқорлыққа төзбеушілік идеясы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекеттік басқарудың реформасы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», «Этика және мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» тақырыптарында дәріс оқыды.

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы бойынша, республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы және Департамент басшысының www.anticorruption-mangystau.kz ресми порталындағы блогына өтініш түсіру мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

 
0
0
446

Экологтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментініңұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4қыркүйегіндеМаңғыстау облысы бойынша экология департаментінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия талаптарын түсіндіру мақсатындағы лекция өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Ербол Жұмабай іс-шараның мақсаты, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР ПрезидентініңХалыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Сөз соңында Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kzсайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494Call-центрінің жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

0
0
387

Ертең қасиетті Құрбан айт басталады

Балиғат жасына толған, ақыл-есі түзу, зекет беретін мал-мүлік мөлшеріне ие, жолаушы емес әрбір мұсылманға құрбан шалу - міндет.

Ертең күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт басталады. Құрбан араб сөзі. Мағынасы «жақындау» дегенді білдіреді. Бұл - лайықты, ізгі іс жасау арқылы Жаратқанға жақындау.

Ал, құрбан шалудың шариғаттағы анықтамасы - Құдайға құлшылық ниетпен, ереже шарттарын ескере отырып, мал шалу.

Балиғат жасына толған, ақыл-есі түзу, зекет беретін мал-мүлік мөлшеріне ие, жолаушы емес әрбір мұсылманға құрбан шалу - міндет.

Құрбандыққа бір жасар қой, ешкі, екі жасар сиыр, бес жасар түйе шалынады. Сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, құлақсыз шұнақ, мүйізі сынған болмауы керек. Сойылған малдың еті жақын-жуықтарға, мұқтаж жандарға таратылады. Бұл күндері көпшілік бір-бірінің үйіне бас сұғып, айттайды, көптен көрмеген туыстарымен қауышып, науқастардың қал-жағдайын сұрайды. Дүниеден өткен жандарға Құран бағыштап, Жарылқау тілейді.

Мұның барлығы мұсылманша мерекелеу мәдениетінің ерекшелігін білдіреді. Толығырақ «Таңшолпанда».


0
0
415

Құрманың денсаулыққа пайдасы туралы не білесіз?

Дәруменді жеміс артериялық қан қысымын реттейді.

Сан түрлі дертке шипа құрма жемісі дастарханға көбінесе Рамазан айында қойылады. Ғалымдар дәруменге бай бұл жемісті жиі тұтынуға кеңес береді.

Құрманың құрамында калий, магний, кальций, темір көп. Сондықтан, қан аздық, күйзеліс, өкпе қабынуына таптырмас ем.

Дәруменді жеміс артериялық қан қысымын реттейді. Оның құрамындағы микроэлементтер мерзімдік авитаминозға көмектеседі. Тек, мөлшерден тыс пайдаланбау қажет.

Құрманың тағы қандай қасиеттері бар? Толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.


0
0
981

Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінде алғашқы институционалдық реформа талқыланды

Ағымдағы жылдың 21 тамызында ҚР инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мәжіліс залында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және «100 нақты қадам» ұлт жоспарының алғашқы «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» бөлімінің талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға ҚР инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М. Назаралиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы

Е. Жұмабай, департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты                         А. Сванбаева, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының өкілі М. Сарсенова және департамент қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы   Е. Жұмабай «Еңбек ақысын төлеудің факторлы-баллды көрсеткішін енгізу», «Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру», «Мемлекеттік аппараттың дербестігін қамтамасыз ету», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту», «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңды қабылдау  тақырыптарында баяндама  жасап, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптарымен таныстырды.

Мемлекеттік органның қызметкерлері өз пікірлерін ашық білдіріп, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына, «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясындағы алғашқы институционалдық реформасына белсенді түрде қолдау білдіріп, өздерінің ұсыныстарын қызу талқылау барысында  айтып жеткізді.

Жалпы бұл іс-шара мақсатына жетіп, қатысушылар өз көкейіндегі сауалдарына тиісті жауаптарын алып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

 

0
0
498