Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Экологтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментініңұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4қыркүйегіндеМаңғыстау облысы бойынша экология департаментінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия талаптарын түсіндіру мақсатындағы лекция өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Ербол Жұмабай іс-шараның мақсаты, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР ПрезидентініңХалыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Сөз соңында Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kzсайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494Call-центрінің жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

0
0
335

Осы тақырып бойынша

Экологтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы - Yvision.kz