Мазмұнға өту

Жаңа

Көңіл жетім

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Крис Сфирис «Always»
1 Бейнематериал авторы – Копилка футажей «Осень»
2 Бейнематериал авторы – Жаралы сезім к/ф үзінді
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Аш емес-ау, сонда да көңіл жетім,
Жалтақ-жалтақ қарайды, басқаларға.
«Ештеме де, керек жоқ, бар керегім,
Әке дейді» - біреулер сұрағанда.

Қайран өмір, сан өзгеріп жатасын,
Қызыл түлкі, қызығамыз басқаға.
Бүгін сүйіп, ертен кете барамыз,
Жеткізе алмай сәбилерді, арманға.

Бар ма кінә, айтыңдаршы балада?
Тілегінде, ата – ана, бірге тұрса.
Жағдайы болсадағы, ой басқада,
Тек ата – ана, шіркін-ай тату болса.

Жетелейді-ау анасы, бәрін беріп,
Кем қылмайды ешқашан, ол басқадан.
Бірақта, дұшпан бар ғой, тұр ол сөгіп,
Іздегені тек ілік, мынау бар маңнан.

Болады-ау, көңл жетім, болады-ау,
Өтеді-ау, сан жылдары, аңсаумен.
Арманы мен өкініш, таласады—ау,
Сан жылдары арпалысып, сағымменен.

Бауыр ет, емес пе еді баламыз?
Мейлі, талай ұрсып, біз жатамыз.
Бірақ бала, ұмытпайық, ол парыз,
Жаратқанның алдында, үлкен қарыз.

Махаббат, білсек мүлдем, елес қой,
Сәбиден, барма екен, артық бақыт?
Сабырлық, керек бізге, терең ой,
Ажырасу да, жоқ қой білсек, мүлдем құт.

Әке деп, соғып тұрған, жүрегінің,
Жылдар өтіп, үміті қалар сөніп.
Керегіміз болмас, мүлдем керегіміз,
Кәрілік, келсе бізге, түңіліп.

2
1
772

Салмақ қоса алмай жүрсіз бе?

Бір адамға арықтау арман болса, енді біріне нағыз трагедияның өзі. Тым жүдеу жанның келбеті ұсқынсыз көрінеді. «Арықсың, толмайсың ба?» деген сұрақ, ол үшін жанына бататын ауыр сөздердің қатарында. Томпақ болғандағы суреттерін қарап, «неге қазір арықпын?» деп өзін-өзі жеп қояды-ау.

Диетолог Зарина Керуеновадан мән-жайды анықтап білген едік.

Себептері:

* Салмағы аз адамның қан қысымы төмендеп, гемоглобин мөлшері де аз болады. Ағзаға темір жетіспей, анемияға шалдығып жатады.

* Қалқан безі артығымен қызмет атқарса, бөліп шығаратын гармон мөлшері тым көп болады. Метоболизм жылдам болғандықтан, адам салмақ қоса алмайды.

* Көп жағдайда әлдебір дәруменнің жетіспеушілігінен осындай жағдайға тап келеді. Ағзаңыз шаршағыш болып, депрессияға тез берілгіш келесіз.

* Орта жасқа келгенде өздігінен салмақ қоса бастайды.

* Тұқымқуалаушылықтан келбеті арық болып келеді.

Психологиялық факторларды Лимана Құттыбекқызынан сұрап білген едік:

* Күйзелісте жүрген жанның ағзасы дұрыс қызмет атқара алмайды. Жүйкені мейлінше сақтау қажет.

* Өзіне көңіл толмауынан адам тола алмайды. Сондықтан, айнаға қарап, «Мен өзімді жақсы көремін», деп айтыңыз.

* Уайымдағыш болмаңыз. Қайғы адамды барлық жағынан толыққанды қалыптасуға мүмкіндік бермейді.

* Көп қимылдағыш жандардың да салмақ қосуы қиындау.

Әлемдегі ең арық әйел 24 жасар Лиззи Веласкестің салмағы бар болғаны 25 келі. Бойы 152 см. Мамандар 20 минут сайын тамақ ішуі керектігін айтады. Техас штатындағы Остин қаласының студенті туылғанынан 1 келі болған көрінеді.

Ал, ата-ана, бауырларының салмағы қалпында. Енді адамдарға мотивация беретін инструктор болғысы келеді. Бетін аулақ қылсын. Модельдерге еліктеймін деп аты жаман ауруға шалдыққан қыз да естеріңізде болар. «Бірі тойып секіреді, бірі тоңып секіреді».

Арықтықтан қалай құтылуға болады? Жолдары қандай?

* Адамның салмағы майдан ғана тұрмайтын болғандықтан, спортпен жиі шұғылдану қажет. Бұлшықетті өсіру арқылы салмақ қосуға болады. Ол үшін арнайы жаттығуларды қажетінше жасаған жөн.

* Уақытылы тамақ тәртібін қалыптастыру керек.

* Ішіп жүрген асыңыздың көлемін ұлғайтыңыз. Жеңіл сусындардан жоғарыкалориялы сусындарға ауысқаныңыз дұрыс. Күніне 500-1000 калориялы тағамды қолданыңыз. Балық, жаңғақ, авакадо, зәйтүн майында бар.

* Тамақ уақытынан өзге 2-3 рет ара-арасында әр нәрседен тістеп қойыңыз.

* Көмірсулы тағамдарды күріш, ұн, қантпен бірге қолданғаныңыз дұрыс. Ағзаңызға инсулин гармоны бөлініп, майдың жиналуына септігі тиеді.

* Күніне кем дегенде 3 литр суды ұрттап ішіңіз. Бірден сылқыта іше салуға болмайды. Күніне 3-4 рет сүт ішіңіз.

* Тамақ ішіп болған соң, 1,5-2 сағаттан кейін протеинді коктейлді қолданыңыз.

Осы жағдайдың бәрін ескерсеңіз, қалыпты фигураны қалыптастыра аласыз. Өзіңізді жайлы сезінген соң, ажарлана түсесіз. Толық мәліметті «Әйел бақытының» 16 қыркүйек күні өткен санынан білуге мүмкіндігіңіз бар.

15:00-де мамандар кеңесіне құлақ түріңіз!

 
2
0
29554

Бас Прокурордың Үндістан Елшісімен кездесуі туралы

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Харш Кумар Джайнмен кездесті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokurordyn-undistan-elshisimen-kezdesui-turaly-astana-k-2015-zhylgy-23

0
0
331

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесінің жиналысы туралы

Бүгін Бас прокуратурада Ғани Қасымовтың төрағалығымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/atameken-ulttyk-ksipkerler-palatasynyn-ksipkerlerdin-kukyktaryn-korgau-zhonindegi

0
0
392

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және әлеуметтік саладағы оның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2015 жылдың 14 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және әлеуметтік саладағы оның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Департаменттің қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілі, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ спорт мектептерінің директорларымен оның орынбасарлары және «Шымкент қаласының шығыс жекпе-жек түрлерінен №11 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» ұжымы қатысты.

Өткізілген іс-шараның мақсаты кәсіби ерекшеліктерін ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзектілігі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыруда қарастырылған. Онда мемлекетпен қоғам өміріндегі түрлі салаларда жемқорлық мінез-құлықтарын тудырушы себептер мен шарттарды төмендету мен жоюға ерекше назар аударылып, спорт саласында қамтып отыр. Яғни, спорт – адамның әлеуметтік-мәдени қызмет саласы болып табылады.

Диалог барысында дөңгелек үстел қатысушылары бір ауыздан Стратегияның іске асырылуын қолдай отырып, алдын алу – профилактикалық қызмет оның іске асырылуында басымды бағыт болып табылатынын айтып өтті.

Сондай-ақ, тұрақты және жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениет деңгейін қалыптастыру мақсатында, бекітілген жоспарға сәйкес Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен келісіліп, қыркүйек – қазан айларында Департамент қызметкерлерінің қатысуымен барлық қалалық спорт мектептерінде семинар өткізілетінін жеткізді.

0
0
365

Қызылорда қаласында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі семинар барысында талқыланды

2015 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Байхожаевпен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия) негізгі басымдықтарын түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша «Сыр медиа» ЖШС-нің қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық семинар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған құқықтық семинарға 40-тан астам бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Байхожаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бөлімдерімен, мақсат-міндеттерімен таныстырып, осы бағдарламалық құжаттың Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында белгілеген нақты міндеттерді жүзеге асырудағы маңыздылығын, осы бағыт бойынша Департаментпен атқарылып жатқан іс-шаралар, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында бірнеше дамыған елдердің жемісті күрес тәжірибесі жөнінде әңгімеледі.
Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары сыбайлас жемқорлықты қоғамның қабылдамауы ахуалын қалыптастыруды қамтамасыз етуге, қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымдарының қалыптасуына, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне белсенді қатысуына үлкен ықпал жасайтындығын атап өтті.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөлдік» төзбеушілік қалыптастырудағы қоғаммен әрекеттесу механизмдері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жолдары, қолданыстағы заңнамалар қызықтырды.
Кездесу соңында қатысушыларға «сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жадынамалар таратылып, сауалнамалар алынды.

0
0
515

ҚР Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары бірінші және екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заң жобасын мақұлдады.

Бұл Заң жобасы Мемлекет басшысы ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 5 мамырындағы кеңейтілген отырысында айқындаған бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Заң жобасының аясында төмендегі мәселелер қарастырылады:

1. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50%-нан төмен отбасына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде қазіргі таңдағы қолданыстағы жұмыспен қамту шараларын алмастыратын белсенді шараларға қатысуымен шартталған атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) әрбір отбасы мүшесіне көрсетудің жаңа тәртіптерін енгізу:

- көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай - АМЖ);

- аз қамтылған отбасыларына арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдеамақысы;

- аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.

АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.

Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады: әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамту шараларын қарастырып, жәрдемақы төлесе, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына адал ниетпен қатысады.

Тұлғаларға тектен тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады.

1. 2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізілетін АМЖ өзгерістері келесі мәселелерді қарастырады:

- ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, қарт адамдар, тыл еңбеккерлері (барлығы 14 азаматтар санаты) тәріздес санаттағы азаматтарға арнайы мемлекеттік жәрдемақыны сақтау;

- Мүгедектерге арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақыны мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақымен біріктіру. Бұл жәрдемақыны тағайындау шараларын жеңілдетпек. Аталған шараларды қолдану мүгедектердің құқығын шектемейді, өйткені, төлемақы көлемі азаймайды (мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы қазіргі АМЖ-ның сомасына ұлғаяды);

- «Алтын алқа», «Күміс алқа», бұрындары «Батыр ана» атағын алғандар, I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көпбалалы аналар үшін АМЖ-ны «Балалары бар отбасыларына арналған мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңымен реттелетін көпбалалы аналарға арналған жәрдемақыға өзгерту.

Заң жобасы арқылы Бюджеттік кодекс пен 7 заңға (1995 жылдың 12 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы», 1997 жылдың 16 маусымындағы «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», 1999 жылдың 5 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы», 2001 жылдың 17 шілдесіндегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», 2001 жылдың 17 шілдесіндегі «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы», 2005 жылдың 28 маусымындағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», 2010 жылдың 2 сәуіріндегі «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы») өзгерістер енгізілмек.

Заң жобасын жүзеге асыру 2018 жылы республикалық бюджеттен 11,8 млрд.теңге көлеміндегі қосымша қаржыны талап етеді.

 
0
0
303

Байқоңыр қаласы және Қазалы ауданында азаматтарды көшпелі жеке қабылдау өткізілді

 

Ағымдығы жылғы 22 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары - Тәртіптік кеңес төрағасы Марат Оразали Байқоңыр қаласы және Қазалы ауданында көшпелі түрдегі азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.
Бұл күні мемлекеттік қызметті өткеру, тұрғын үй және т.б. мәселелерімен жүгінген 11 азамат қабылданды.
Азаматтарды қабылдау кезінде түскен сұрақтар Департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды.
Азаматтарды көшпелі жеке қабылдау Департаментпен тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жеке қабылдауларды өткізу азаматтардың өзекті мәселелерін нақты шешуге және халық арасында сенімнің артуына ықпал етеді.

 
0
0
461

Мәжіліс «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заң жобасын Мемлекет басшысы айқындаған бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 80-қадамын іске асыру шеңберінде әзірледі. Заң жобасын дайындау барысында үздік халықаралық тәжірибе мен әлеуметтік әділеттілік қағидалары қолданылды.

Заң жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызметтің 2 түрлі пакеті ұсынылады:

Біріншісі – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет. Ол Қазақстанның барша азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Пакеттің құрамына жедел-жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік маңызды ауруларға, сондай-ақ төтенше жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек кіреді.

2020 жылға дейін өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған тұрғындарға республикалық бюджеттің есебінен амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етілетін амбулаторлық-емханалық көмек көрсету қарастырылған.

Екіншісі – жаңадан құрылатын медициналық сақтандыру Қоры ұсынатын сақтандыру пакеті. Оған абулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды есептемегенде), стационарлық көмекті алмастыратын көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды есептемегенде), қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғарғы технологиялық көмек кіреді.

Аталмыш пакетті алу құқығы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы ҚР азаматтарына, ҚР аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі.

Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Жоғарыда аталған пакеттерге қосымша, ерікті сақтандыруға қатысқан азаматтар медициналық қызметтерді жеке сақтандыру компанияларымен жасаған келісімшарт негізінде алатын болады.

Міндетті ай сайынғы жарналар мен ҚР ДСӘДМ медициналық қызметтерді төлеу Комитетінің базасында медициналық қызметтерді сатып алуды топтастыру үшін коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық формасында әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры құрылатын болады. Қордың құрылтайы әрі жалғыз акционері ҚР Үкіметі болмақ.

Ерекше санаттағы азаматтар (халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы) үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан  7%-ға сатылай өсетін болады.

Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады. Аталған аударымдар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерілетін болады.

Қызметкерлер жарнасының мөлшерлемесі кірістің 2%-ын құрайтын болады, аударым 2019 жылы 1%, 2020 жылдан бастап 2% болады. Бұл жарналар сомасы жеке табыс салығын есептеу кезінде шегерілетін болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардың кірісінің 7% құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады (халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы):

- балалар;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі  «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

- мүгедектер;

- жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;

- интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар;

- бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

- жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;

- зейнеткерлер;

- әскери қызметкерлер;

- арнаулы мемлекеттік қызмет жұмыскерлері;

- құқық қорғау органдарының жұмыскерлері;

- ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;

- уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар.

 
0
0
457