Ертең қасиетті Құрбан айт басталады
Балиғат жасына толған, ақыл-есі түзу, зекет беретін мал-мүлік мөлшеріне ие, жолаушы емес әрбір мұсылманға құрбан шалу - міндет.

Ертең күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт басталады. Құрбан араб сөзі. Мағынасы «жақындау» дегенді білдіреді. Бұл - лайықты, ізгі іс жасау арқылы Жаратқанға жақындау.
Ал, құрбан шалудың шариғаттағы анықтамасы - Құдайға құлшылық ниетпен, ереже шарттарын ескере отырып, мал шалу.
Балиғат жасына толған, ақыл-есі түзу, зекет беретін мал-мүлік мөлшеріне ие, жолаушы емес әрбір мұсылманға құрбан шалу - міндет.
Құрбандыққа бір жасар қой, ешкі, екі жасар сиыр, бес жасар түйе шалынады. Сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, құлақсыз шұнақ, мүйізі сынған болмауы керек. Сойылған малдың еті жақын-жуықтарға, мұқтаж жандарға таратылады. Бұл күндері көпшілік бір-бірінің үйіне бас сұғып, айттайды, көптен көрмеген туыстарымен қауышып, науқастардың қал-жағдайын сұрайды. Дүниеден өткен жандарға Құран бағыштап, Жарылқау тілейді.
Мұның барлығы мұсылманша мерекелеу мәдениетінің ерекшелігін білдіреді. Толығырақ «Таңшолпанда».
