Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың   8 қыркүйегінде Маңғыстау облыстық орталық мешітінің конференц-залында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы институционалдық реформасының талаптарын түсіндіру бойынша  семинар өткізілді. Семинар жұмысына қалалық және аудандық мешіттердің имамдары, сондай-ақ  «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің  өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы                    Ербол Жұмабай Департамент қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары,  Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру бойынша  атқарылып  жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Өз кезегінде «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Алтынзер Көшенова «Сыбайлас жемқорлық жөніндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жобаны іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі атқарылған іс-шаралармен таныстырып өтті.

Іс-шара соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы, Департаменттің ресми anticorruption-mangystau.kz порталындағы басшының жеке блогына арыз-шағым түсіру мүмкіндігі  бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, тақырыптық бейнорликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Қорытынды сөзінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбеков қала және аудан имамдары өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауға белсенді атсалысатындығын жеткізді.

   
0
0
432

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары түсіндірілді - Yvision.kz