Мазмұнға өту

Жаңа

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»

Өздеріңіз білетіндей, республика тұрғындарының саны күн санап өсіп келеді, өмір сүру сапасы жақсарып, сәйкесінше, басқа факторлардан бөлек автокөлік иелері санының да тұрақты молаюы байқалады.Автокөліктердің техникалық сапасын тексеру заман талабы. Себебі экологияның таза және адам денсаулығына зиян келтіретін, ауаны ластайтын фактрлердің алдын алу қажет. Осы орайда, еліміздегі автокөліктер жылына бір реттен техникалық бақылаудан өтеді. Оларды арнайы өткізу құқығы арнайы сертификаттары бар мекемелер ұйымдастырады. Аталмыш сертификатты қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі.«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызметі орталық арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Қажетті құжаттар т…

0
0
394

Тәртіптік кеңес заң бұзушыларды қызметтерінен босатты

Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Әділбек Қайырбекұлы Мұқашевтың төрағалығымен Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 10 мәселе қаралды, ішіндегі 8 тәртіптік іс жемқорлық құқық бұзушылықтар және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің нормаларын сақтамауына қатысты болды. Алдымен, Мағжан Жұмабаев ауданы Булаево қ. әкімінің орынбасары Юрий Портнягинге қатысты тәртіптік іс қаралды. Ашығын айтқанда, әкім орынбасары жобалық-сметалық құжаттамаға қайшы келетін, балалар алаңын жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойған, автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеуі бойынша қызметті ұсынушыны мем…

0
0
597

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алу

Қазіргі таңдағы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған жетім балалар санының көбеюі аянышты-ақ! Әйтсе де, біз оларға өз мейірімімізді төгуден еш аянған емеспіз. Осы тарапта мемлекет қорғаншы және қамқоршы жандар үшін мекеме табалдырықтарын тоздырмай, ұзын - сонар кезекте тұрмай «бір терезеден» өз жұмысын жеңілдетудің жолын қарастырып отыр. Осы арада жүрегінде мұңы бар сәбилерді жұбатып, қамқорлығына алған жандар үшін арналған келесі қызметіміз «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алу». Анықтама алушы өзіне жақын орналасқан Орталыққа жеке басын растайтын құжаты мен баланың туу туралы куәлігімен келіп, бекітілген нысандағы өтініш толтыруы қажет. Қызмет тегін түрде көрсетіледі және құжатты тапсырған сәттен бастап 5 минут ішінде дайын болады. Өз кезегінде құжаттарды қабылд…

0
0
385

Үйде мемлекеттік қызмет көрсету

Тағдыр тәлкегімен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар аз емес. Ондай отбасылар бауыр еті баласын арнаулы орындарда оқытып жатса, көпшілігі үйде оқып тәрбиеленуде. Үйде оқитын мүгедек балаларға мемлекет тарапынан материалдық қамсыздандыру тағайындалатынын білмейтін де ата-аналар болуы мүмкін. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай мүмкіндікті алу үшін, Сіз әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен қатар, өзіңіз тұратын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінсеңіз болады. «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығында баламалы түрде көрсетіледі. Ол үшін ХҚКО-ға мына құжаттарды алып барасыз: 1) сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәланды…

0
0
376

«Жастар жемқорлыққа қарсы»

Шиелі ауданында орналасқан «Сыр ұланы» балаларға арналған тынығу лагерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімі қызметкерлерінің бастамасымен «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында еркін пікір алмасу үшін кездесу алаңы ұйымдастырылды. Кездесуге Шиелі ауданының 70-ке жуық белсенді жастары қатысты.Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне көңілін аудару, құқықтық сауаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тұрғысында сөз қозғаған Департаменттің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің консультанты Досхан Бектұрсынов Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы страте…

0
0
450

Астанада Орталық Азиядағы босқындар ағымы мен оларды қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін Астанада «Орталық Азиядағы еңбек көші-қонының мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері» тақырыбында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесі бойынша жоғарғы лауазымды тұлғалардың екінші кездесуі өтті. Жиынның мақсаты – Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны саласындағы жаңа беталыстарды сараптау мен өзара тәжірибе алмасу, қатысушы мемлекеттердің көші-қон заңнамасындағы олқылықтарын анықтау мен ортақ ұсынымдар жасау болып табылады. Кездесу барысында олардың әрі қарай бейімделу құралы ретінде Алматы процесіне қатысушы мемлекеттердің еңбек нарығына босқындардың қолжетімділігі мәселелері қарастырылды. Шараға ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов, БҰҰ-ның Орта Азия бойынша босқындардың істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқа…

0
0
235

«Сұхбат» бағдарламасы

А.ж. 21 қыркүйекте "Қазақстан-Петропавл" арнасындағы "Сұхбат" бағдарламасында Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Н.С. Жахин "Үздік отыздыққа апарар 100 нақты қадам" тақырыбында өткізілген тікелей желіге қатысты
21 сентября т.г. руководитель отдела антикоррупционного просвещения и взаимодействия с общественностью Жахин Н.С. принял участие в программе "Сұхбат" телеканала "Қазақстан-Петропавл" на тему "Үздік отыздыққа апарар 100 нақты қадам"

0
0
483

Ақын Ажар Ерболған «Таңшолпанда» шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті

«Туған жер» атты өлеңін өзінің оқуында тыңдай аласыздар. Ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты Ажар Ерболған - «Таңшолпан» студиясында қонақта. Бүгін, елордадағы Тілеп Қобыз сарайында 22 қыркүйек - Тілдер күні және Қазақ хандығының 550 жылдығынаарналған «Тарих пен тіл тамырлас» атты жас ақындар мүшәйрасы өтеді. Мүшәйраға 40-қа жуық үміткерден өлеңдер келіп түскен. 10 үміткер іріктеудің екінші кезеңіне өтті. Осы 10 ақынның өлеңдері арнайы жинаққа енгізілмек. Жеке шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөліскен ақын балаларға арналған әндерге сөз жазып жүргенін жеткізді. Бұл туралы «Қазіргі уақытта балаларды қызықтыру өте қиын. Сондықтан, жазылған сөз тәрбиелік мәнінен бөлек, тілге жеңіл, жаттауға ыңғайлы болуы керек», дейді. Ақынның «Туған жер» атты өлеңін өзінің оқуында «Таңшолпанн…

0
0
537

«Таңшолпанның» қонақтары — Әділбек Ниязымбетов және Олжас Сәттібаев

Спортшылар Доха қаласында өтетін Әлем чемпионатына дайындық үстінде.

«Таңшолпан» бағдарламасының қонақтары - бокстан Азия чемпиондары Әділбек Ниязымбетов және Олжас Сәттібаев.

Әділбек Ниязымбетов Таиландта өткен бокстан Азия чемпионатында 81 келі салмақ дәрежесінде, Олжас Сәттібаев 52 келіде ел қоржынына алтын салды.

Спортшылар қазіргі уақытта 5-15 қазан аралығында Катар астанасы Доха қаласында өтетін Әлем чемпионатынадайындық үстінде.

«Бос уақыт көп бола бермейді. Азия чемпионатынан кейін 10-12 күн демалыс берілді. Қатты босаңсуға жол бермеу қажет.  Үнемі дайындықта, жарыстарда жүретіндіктен, демалысымызды отбасымызбен өткіземіз», дейді спортшылар.

Жанұядағы әкенің рөлі қандай болуы керек? Қазақ елі туралы шетелдік спортшылар қандай пікірде?

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.

0
0
276

Кит Тёрман: Г.Головкин кез-келген қарсыласқа айтарлықтай қауіп тудырады

Жартылай салмақтағы танымал боксшы Кит Терман Генадий Головкинге қатысты білдірген пікірінде осылай деді.

Бұл туралы Вконтакте әлеуметтік желісіндегі GGG парақшасында жазылған.

«Головкин кімге қарсы тұрады ? Мен әзірге олардың қайысы жеңімпаз болатынын біле алмай отырмын, өйткені бұл менің салмағым емес. Дегенмен, мен GGG үшін аса қатты уайымдап отырған жоқпын. Барлығы GGG-ді қолдауда. Ол әрине, өзінен айласын асыра алатын аз да болса дұрыс ойлап, дұрыс соққы бере алатын боксшыны кездестірмейінше, өзінің жеңіс жолындағы сапарын жалғастыра береді. Бірақ қалай боллғандада  GGG кімге болса да қауіп тудыра алатын спортшы»,-деді Кит.

Бұл туралы  бүгін www.sports.kz жазды.

0
0
212