Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінде алғашқы институционалдық реформа талқыланды
Ағымдағы жылдың 21 тамызында ҚР инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және «100 нақты қадам» ұлт жоспарының алғашқы «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» бөлімінің талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға ҚР инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М. Назаралиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы
Е. Жұмабай, департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты А. Сванбаева, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының өкілі М. Сарсенова және департамент қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Е. Жұмабай «Еңбек ақысын төлеудің факторлы-баллды көрсеткішін енгізу», «Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру», «Мемлекеттік аппараттың дербестігін қамтамасыз ету», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту», «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңды қабылдау тақырыптарында баяндама жасап, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптарымен таныстырды.
Мемлекеттік органның қызметкерлері өз пікірлерін ашық білдіріп, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына, «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясындағы алғашқы институционалдық реформасына белсенді түрде қолдау білдіріп, өздерінің ұсыныстарын қызу талқылау барысында айтып жеткізді.
Жалпы бұл іс-шара мақсатына жетіп, қатысушылар өз көкейіндегі сауалдарына тиісті жауаптарын алып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

