Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Дағыстан» этно-мәдени бірлестігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың   9 қыркүйегінде Кавказ халықтарының «Дағыстан» этно-мәдени орталығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы институционалдық реформасының талаптарын түсіндіру бойынша  дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы                    Ербол Жұмабай Департамент қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары,  Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру бойынша  атқарылып  жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Іс-шара соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы, Департаменттің ресми www.anticorruption-mangystau.kz порталындағы басшының жеке блогына арыз-шағым түсіру мүмкіндігі  бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Дәріс барысында этно-мәдени орталықтың мүшелері көкейіндегі сауалдарын қойып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы еліміздегі реформаларға белсенді түрде қолдау білдіріп жатты.

0
0
413

Осы тақырып бойынша

«Дағыстан» этно-мәдени бірлестігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары түсіндірілді - Yvision.kz