2017 жыл қарсаңында Астана көшелерінде қызмет көрсететін жеңіл релсті транспорт туралы естідіңіз бе?
Астана біртіндеп мегополис шаһарға айналуда. Жыл өткен сайын түрленіп, көркейіп келеді. Бүгінгі таңда шаһар тұрғындарының саны 900 мыңға жуықтады. Астана халқының саны өскен сайын жол көлік қатынасы күрделеніп, қоғамдық көліктерге деген сұраныс арта түсті. Бүгінгі таңда елорданың транспорт кешенін модернизациялау бағытында қандай шаралар атқарылуда, Астананың болашағы қандай, халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында қандай өзгерістер болуы мүмкін? Осы сауалдарға жауап алу мақсатында «Астана LRT» ЖШС Жолаушы көлік бөлімінің жетекшісі Бейбіт Есжановты әңгімеге тарттық.


