Мазмұнға өту

Жаңа

«Жасыл ел» жастарының еңбегі еленді

Published 28.09.2015 24.kz Солтүстікқазақстандық студенттер жаз бойы мың түп ағаш екті. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жұмысшылары 11-еңбек маусымын осылай қорытындылады. Өңір жастары қоршаған ортаны көгалдандырып қана қоймай, әлеуметтік нысандардың құрылысына да қатысты. Олар Назарбаев зияткерлік мектебі мен спорт сарайын салуға да үлес қосты. Биыл облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 19 млн теңгенің 15 жобасы жүзеге асқан. Маусым соңында жасылелдіктердің еңбегі еленіп, үздік жастарға бағалы сыйлақтар табыс етілді. Асқар Баймұқанов, «Жасыл ел» еңбек жасағы облыстық штабының жетекшісі: - «Жасыл ел» жастар жасақтары 900 гектар орман алқабын тазартты. Осылайша 450 өрен еңбекке тартылып, жаз бойы жалақы алды. Айта кеткен жөн, осы жылы жылдағыдан көп адам жұмыс істеді. Бұл алда…

0
0
353

Жасыл экономика. Су тасқынының алдын-алу мүмкін бе?

Ауа райының тосын мінезінен әлемде су тасқыны фактілері өсіп келеді.

Табиғи апаттың бұл түрін тіркеп отыратын жаһандық жүйенің мәліметтеріне қарағанда соңғы 10 жыл ішінде тасқын фактілері тұрақты өсім байқатуда. Жыл сайын көктем мезгілінде еліміздегі кейбір елді мекендерде де тасқын су қауіпі туындайды. Осы орайда «Қазгидромет» мамандары шетелдік ұйымдармен біріге отырып кенеттен пайда болуы мүмкін су тасқынын болжау жөніндегі жүйені енгізу бойынша жобаны қолға алды. Нақты болжамдар жасау мүмкін бе?

 

http://gbpp.org/kz/2015/09/7934

0
0
316

«Сын сағат» драмасын көріңіз

Режиссері - Ин-му Хео.

Елдің маңдайалды университетінің актерлік бөлімінде оқитын төрт студент қыз болашақта жарқын өмір сүретіндеріне кәміл сенетін.

Әзірше олар түнгі клубтарға барып, өздері құралпы жастармен танысып уақыт өткізеді. Бірақ, өмірде бәрі олар ойлағандай оңай болмайды.

Қателіктер мен өкінішті сәттер де болады екен. Арасындағы бір қыз үлкен жобаға ілініп, түсірілімге қатысатын сәтте олардың достығына қатер төнеді. Бұл сынақтан қалай өтер екен?

Юн Ын Хе, Пак Хань Пёль, Чха Йе Рён басты кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:00-де көре аласыздар.

0
0
1069

«Жігіттер» квартетінің концерті

Алғаш халық алдына «Ерке қызбен» шыққан топтың бүгінде өзіндік орны бар.

«Жігіттер» – тек қана қазақ әндерін, оның ішінде дәстүрлі өнерді жаңғыртып, жаңаша орындайтын ерекшелігі бар топ.

Ең алғаш 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өткен Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән байқауында бақ сынап, өздерінің әншілік қырымен көзге түсіп, сол шабыт арқаландырып Алматыға, үлкен сахнаға келген «Жігіттер» квартеті бүгінде бүкіл қазақ әндерін іздеп жүріп тыңдайтын топқа айналғаны баршаға аян.

Біраз уақыт бұрын квартеттің 10 жылдық мерейтойына орай «Жігіттер» халық алдында жеке шығармашылық концертін өткізді. Сол кештің телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:55-те тамашалай аласыздар.

0
0
380

«Жарқын бейне» Әбділда Тәжібаевты еске алмақ

Бүгін 14:25-те Ұлттық арнадан көріңіз. «...Әбділда шығармаларының негізгі үлгісі, жанры – поэзия. Бұл жанрдың ішінде айқын ерекшелігі – оның сыршыл лирик ақын болуында. Әбділда тек қазақ тарихының көлемінен ғана тақырып алмайды. Қазақ поэзиясына ол кіргізген интернационалдық ақындық мәдениет, іздену өрнектері де бар. Қазақ оқушысына Гейненің, Шевченконың, Пушкиннің, Лермонтов шығармаларының нәр-нақыстарын әкеледі...» Мұхтар Әуезов. Ұлы жазушы ұлы ақынға осылайша баға берген. Әбділда Тәжібаев – қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Ақынның әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, ол шешесі Айманкүлдің қолында қалады. Жағдайына байланысты анасы алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан бол…

0
0
689

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Беларусь Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Н.И.Качановамен кездесті

2015 жылғы 25 қыркүйек. Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық әйелдер форумының екінші күні аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Беларусь Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Н.И.Качановамен кездесті. Гүлшара Әбдіқалықова екі ел арасында жылы шырайлы, өзара сенімге құрылған қарым-қатынастың орныққан айтты, сондай-ақ екіжақты ынтамақтастықты нығайтуда Қазақстан мен Беларусь елдерінің көшбасшылары елеулі рөл атқарып келе жатқанын айрықша атап көрсетті. Тиімді серіктестіктің негізі үшін әртүрлі деңгейде қол қойылған бірнеше ондаған тараптық құжаттармен есептелетін өзара іс-қимылдың нормативті-құқықтық базасын атауға болады. Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова сондай-ақ, Әзірбайжан Республикасының Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі мемлек…

0
0
468

Не істерсің тағдырға

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Крис Сфирис «Allura» Бейнематериал авторы – «Поющие водопады» Г. Перелетов Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Тағдыр, тағдыр, кездестірген, маған оны, Өртенді-ау, ойланбастан мынау жаным. Айыптау, мүмкін емес сүйгенді, Бір көргеннен, мен оны сүйіп қалдым. Шырылдайды бозторғайдай, мынау сезім, Тордағы, тоты құстай, зар жылайды. Жалғыз енді, неге, неге ол жетім? Бір жауапты, сезік жаным таппайды. Мүмкін айтар біреулер, неге сүйдің? Ойланбастан, отына, неге күйдің? Күлімдеген көзінен, нені ұқтың? Бұл сезімнен, айтшы жаным, не күттің? Махаббат, махаббат, мың жырлаған, Сүю, күю заңымен, орын алған. Самғатып ап, аямастан құлатқан, Бірде сезім, бірде болған, тек арман. Не істерсің, бұл тағдырға, не істерсің? Кім сұрапты, нақ шешімді, біздерден. Әй та…

1
1
519

Мейрамбек Бесбаевтың шығармашылық кеші

Кешті бүгін 20:05-те Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.

Оның кез келген әні жүректен шығып, жүректерге жетеді. Ол бүгінгінің жын-жыбыр әні емес, сабырлы, салиқалы туындыларымен-ақ көптің көңілінен шыға білген әнші. Қазақ өнерінің жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаевты білмейтін қазақ, тыңдамайтын жан жоқ шығар, сірә.

Осыдан 2-3 ай бұрын әншінің жеке шығармашылық кеші өткен еді. Сол кешті бүгін 20:05-те  Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.

Айта кету керек, кештен  әншінің өзінің  ғана емес, ұстазы Алтынбек Қоразбаев, «МузАРТ» тобы, Тоқтар Серіков, Жанар Айжанова, Мөлдір Әуелбекова және Сандуғаш Стамғазиева сынды қазақ эстрадасы өнерпаздарының әндерін де тыңдай аласыздар.

0
0
340

«Сенбілік кездесуде» — Сейіл Аяған

Бард әнші Сейіл Аяғанмен кездесуді бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де көре аласыздар. Бүгінде бард әншілер арасында танылып қалғандардың бірі – Сейіл Аяған. Қолына гитараны қалай алғанын, жалпы, өнерге қалай келгенін әнші былайша еске алады. «Алты жасымда әке-шешем маған домбыра алып бергені есімде. Ол кезде күні бойы ойын қуып үй көрмейміз. Кешке қарай ұйқыға бір жола келіп құлаймыз. Түн ортасы ұйқылы-ояу домбырамен айқайлап ән салатын көрінемін. Әке-шешем көрші-қолаңнан қысылғаннан, ертесіне «балам, түнде айқайлауға болмайды. Күндіз айт әнді», дейді екен. Сөйтсе, әкемнің апасы Қазыкен шешей ата-анама: «оятпаңдар, балаға бір құдірет қонғалы жүр», десе керек. Қазыкен апа кезінде өлең шығарған, ән салып, мандалин тартқан кісі. Кейінде домбырам сынып қалды. Содан совхозға гитара келді. Қаз…

0
0
791

«Атырау мұнайы. 70 жыл». Деректі фильм

Бүгін сағат 14:35-те Ұлттық арнадан көріңіз. Атырау мұнай өңдеу зауыты – Қазақстанның мұнай өңдеу саласының алғашқы қарлығашы. Елдегі мұнай өңдеу зауыттарының ең ежелгісі де осы кәсіпорын. Зауыт өнімдерін шығару нарығы негізінен Қазақстан Республикасының батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды. Мұнда негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өндіреді. Сондай-ақ, сусабындар, іштен жанатын қозғалтқыштарға арналған «Тосол-А-50М» майы, ыдыстар мен сантехникалық құралдарды жууға арналған «Афол» сұйығы өндіріледі. Зауыттың алғашқы өнімі – автокөлік бензині. Ал, алғашқы жылдық өңдеу қуаты 800 мың тонна болды. Алғашқы күннен бастап отындық нұсқа бойынша дамып, авиациялық және автомобильдік бензиндер, әртүрлі моторлық және қазандық отындарын шығарумен айналысты. Атырау мұнай өңдеу зауыты туралы толығы…

0
0
569