Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2015 жылдың 28 қыркүйектегі жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат

2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 491 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде 406 объекті жекешелендіруге жатады.

2015 жылдың 28 қыркүйектегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 383 объекті шығарылды, оның ішінде 205 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 10, коммуналдық меншік бойынша - 92, ӘКК - 58, холдингтер бойынша - 45. Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 2 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 355 млн. теңгеден астам, Холдингтер 60 850 млн теңге, ӘКК 2 919 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша
Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 21 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 28 қыркүйектегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 21 объекті шығарылды, оның ішінде 10 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша
Барлығы 2014 - 2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 240 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде 202 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 28 қыркүйектегі жағдайы бойынша 194 объекті шығарылды, соның ішінде 92 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 109 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде 97 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 82 объекті сатуға қойылды, 58 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша
2014 - 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 28 қыркүйектегі жағдайы бойынша жоспарланған 86 объектінің 86 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 45 объект сатылды.

0
0
231

Осы тақырып бойынша

2015 жылдың 28 қыркүйектегі жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат - Yvision.kz