«Нөлдік төзімділіктің» қалыптасуы — балалар үйінен бастау алады

Ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, облыстық балалар үйінің дәрігерлері мен мұғалімдеріне дәріс өткізді.
Әңгімелесу барысында балалар үйінің ұжымы мемлекеттік басқару, сот және құқық қорғау жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа төтеп беруге бағытталған елімізде өткізілетін іс-шаралар, халықта жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары туралы мағлұмат алды.
Жемқорлық құқық бұзушылықтар мен жүйелі жемқорлықты анықтау және олардың алдын алуда азаматтардың алатын орны ерекше атап өтілді.
Дәрігерлер болса, өз кезектерінде жемқорлықтың қоғамдағы, еліміздің ЖОО таралу деңгейі, әлеуметтік саладағы жемқорлық сипаттарына жауапкершіліктің артуы туралы пікірлерін білдіріп, ХҚКО жұмыстарына оң баға берумен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетулерді сапалы ұсыну үшін жұмыстарды әлі де жаңғырту қажеттігін тілге тиек етті. Әсіресе, құжатнама саласындағы қызметтерді жақсарту жөнінде бірнеше ұсыныстар жасалды.
Кездесу соңында халықпен өзара байланыстың маңыздылығын атап өткен Департамент мамандары, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау және мәселелерді жедел шешу мақсатында құрылған Департаменттің интернет-ресурстары: «СҚО кәсіпкерлігін қорғау» веб-сайты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңымен таныстырды.

