Мазмұнға өту

Жаңа

«Қара шаңырақ» телехикаясын көріңіз

Туындының қайталау бөлімдерін сенбі-жексенбі күндері сағат 17:50-де тамашалай аласыздар. «Қара шаңырақ» телехикаясы - отбасы құндылықтарын насихаттайтын бірден-бір отандық туынды. Телехикаяның көрерменін бірден тапқан себебі – қарапайым қазақ отбасы, әке аманаты, ана махаббаты, бауырлардың сыйластығы. Туындының халыққа жақындығынан болар, көрерменнің сұрауы бойынша, телехикая Ұлттық арна эфирінен сенбі-жексенбі күндері қайта көрсетіліп жатыр. Күнделікті өмірде кездесетін қуаныш пен қайғы, сәтсіздік пен сатқындық, әркімнің отбасында болатын басқа да жағдайлар телехикаяда көрініс тапқан. Кәсіпкер Әлішер, спортшы Дәулет, қара шаңырақпен қатар, шаруашылықтың да тізгінін ұстаған Мәди. Бұл үш кейіпкер үш түрлі, мақсаттары да әрқилы. Бірақ, оларды біріктіретін бір нәрсе бар. Ол – Қара шаңырақ. Б…

0
0
442

«Жас жауынгер» драмасын көріңіз

Режиссер Чауей Чжудің фильмінде басты рөлдерді Жен Чанг, Ченгуа Чен, Руалан Гонг сомдайды.

Солтүстікте Соң әулеті билеп тұрған кезде, Юенің ауылында жауынгерлік өнер мектебі ашылады. Ынталы шәкіртті Чжоу Доң ұстаз басқа балалардан ерекше жақсы көретін.

Жауынгердің бағын сынға салған түрлі оқиғаларда сынақтан сүрінбей өткен Юе Фэй елдің мақтанышына айналады.  Басты рөлдерін Жен Чанг, Ченгуа Чен, Руалан Гонг сомдаған драманы бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:05-те тамашалай аласыздар.

0
0
693

«Поэзия әлемінде» — Нұргүл Маулина

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толығырақ бүгін 12:30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

Жас ақын Нұргүл Маулинаның шығармашылығы турасында ақын  Рахат Қосбармақ: «Бастысы, оның бойында шын ақынға тән тас жаратын талант, шынайы мөлдір сезім, ештеңеге айырбастауға болмайтын еліне, жеріне деген маздаған махаббат, Ардың туын биік ұстаған азаматтық көзқарас, айналадағы өмірді, қоғамда болып жатқан құбылыстарды суреткердің көзімен көре алатын сұңғыла қасиет бар», дейді.

Бұл ақынның ақынға берген жоғары бағасы. Сезімге толы мөлдір өлеңдері поэзиясүйер қауымның көңілінен орын алған Нұргүл ақынның өмірі мен шығармашылығы турасындағы хабарды бүгін Ұлттық арнадан сағат 12:30-да тамашалай аласыздар.

0
0
1199

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті

Ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Аталған шараға облыс әкімі Ерік Сұлтанов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысы Шыңғыс Қабдула, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты. Керей мен Жәнібек бастап, туын көтерген Қазақ хандығының құрылғанына биыл 550 жыл толып отыр. Бүгінде төрткүл дүниеге танымал, сан ұлттың алтын шаңырағына айналып отырған Тәуелсіз Қазақ елі алтын күн бедерленген көк байрағын, әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл Ел. Мерекелік шараны ашқан о…

0
0
406

БҚО Шыңғырлау ауданында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

2015 жылдың 23 қыркүйек күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсаттарын түсіндіру және өскелең ұрпақ бойында «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыружәне жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің қызметкерлеріШыңғырлау ауданына барды. Олардың жұмысы Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы мен Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде өткізілді. Орталық аурухана ұжымына 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізгі бағыттары және мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер жөнінде Департаменттің консультанты Б.Хайруллин баяндама оқыды. Ол Стратегияда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен…

0
0
437

Білім беру тақырыбындағы 5 фильм

Білім және тәрбие тақырыбы бүгінгі қазақ қоғамы үшін өте өзекті екені мәлім. Аталмыш екі ұғымды ешқашан бөліп қарастыруға болмайды, өткені тәрбиесіз білім қоршаған ортаға, қоғамға теріс әсер етуі мүмкін. Бұл заңдылықты ұстанудың қаншалықты маңызды екенін бірқатар фильмнен байқауға болады. Еl.kz редакциясы аталмыш тақырыпты қозғайтын 15 фильмді ұсынады.


0
0
523

Сізге өз мамандығыңыз ұнайды ма?

Иә, бұл менің көптен бергі ойланып жүрген сұрағым. Жауабын өзім де білемін. азірге студенпін ғой. Бірақ осы 4 жыл оқуды бекер оқып жүргендей - ақ көрінемін. Мамандығым қазіргі таңдағы сұранысұа ие мамандық. Бірақ маған ұнайды ма? Мәселе осында ғой. Қазіргі оқушылар мамандық таңдарда грант көп бөлінген жағын таңдайды. Өзім оқуға документ тапсыруға барғанда көргенмін: ата - аналары да мамандықтың атын қарап жүрген жоқ, гранттың санын қарап әуре болуда. Грантқа түсіп, оны жақсы дипломмен бітіріп шықсын делік. Сосын жұмысқа тұрып, жұмыс жасағысы келмей жүргені тағы бар. Неге? Мамандыққа дұрыс таңдау жасалмаған. Бәріне үкіметті кінәләп бастайтындары да жоқ емес. Жақында таксиге отырып, бір апайдың отпускке шығып қуанып отырғанын көрдім. Маған қарап демалысқа тағы да ұзаққа созылса, дұрыс болат…

2
0
1259

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова 24 қыркүйек, бейсенбі күні Санк- Петербург қаласында өткен Еуразиялық әйелдер форумында баяндама жасады

Өз сөзінде Наталья Коржова Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД және Шанхай ынтымақтастық ұйымдарының шеңберінде интеграциялық процестер жағдайларында өткізіліп отырған Форумның өзектілігін атап өтті. Заманауи басқару аппараттағы әйел рөлін және біздің қоғамымыздың ілгері дамуына әйелдердің қосқан үлесінің маңыздылығын ерекше атап өтіп, Қазақстан өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап өзін толерантты, унитарлық мемлекет ретінде жариялады, онда гендерлік теңдік, әділ бәсекелестік, ұлтаралық бірлік, табысты экономикамен бір тыныстап келе жатқанын атап көрсетті. Н. Коржова Форумға қатысушыларға ел Президенті ұсынған «бұдан әрі мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамына» негізделген 5 институционалдық реформаны іске асыру туралы айтты. Ол, сондай-ақ Астана қаласында «Болашақ энергиясы» деген тақыры…

0
0
420

Сәлем YourVision әлем!

Сәлем YourVision әлем!

Бүгін аталмыш блог - платформаға алғашқы рет кіруім, бұл алғашқы жазбам. "Өмірде бәрі де бірінші реттен басталады"- дейді ғой, бәріңіз мені қолдайды деген үлкен үмітім бар. Көңіл бөлгендеріңіз үшін үлкеееен РАХМЕТ!

4
0
252

ОҚО мемлекеттік қызметшілер Ресми сөз сөйлеу этикасы бойынша жарысқа түсті

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Мемлекеттік тіл – ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс!» – деп атап өткендей, Қазақстан өзінің тәуелсіздік туын тіккелі бері, мемлекеттік тілдің елімізде жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл тұста, «Қазақ Хандығына 550 жылдығына» орай, 2015 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) және Шымкент қаласы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесі аясында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық байқау өткізілді. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – Мемлекеттік органдарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң…

0
0
899