Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қарағанды облысында құны 1 млрд теңге тұратын екі жаңа жоба таныстырылды

24.kz

Қарағанды облысында құны бір млрд теңге тұратын екі жаңа жоба жүзеге асады.

«Силициум» зауытында кремний өндіретін кен термикалық пеш іске қосылмақ. Бұл заманауи құрылғы өндірістің көлемін жылына 12 мың тоннаға арттырады деп күтілуде. Сонымен қатар 70 жаңа жұмыс орны ашылады. Техникалық кремний Ресей, Германия, Нидерланд пен АҚШ елдеріне экспортталмақ. Ал екінші жоба Бұқар жырау ауданында орналасқан «Волынский» кешенінде жүзеге асады. Онда биоқалдықтарды қайта өндіретін жаңа технология пайда болды. Сөйтіп жылына 2500 мегаватт электрқуатын өндіріп шығарады.

Андрей Николаев, биоқалдықтар өндірісі жобасын басқарушы:

- Біздің кешенде жүзеге асатын тың жоба, өнімді өз бағасына сату үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Алдағы уақыттарда біз электрқуатты тиімді бағамен сатуды көздеп отырмыз.

http://gbpp.org/kz/2015/09/8389

 
1
0
255

Осы тақырып бойынша

Қарағанды облысында құны 1 млрд теңге тұратын екі жаңа жоба таныстырылды - Yvision.kz