Ұстаздар қауымы заң үстемдігі үшін

Ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің оқытушылар ұжымына дәріс оқыды.
Кездесу қызықты өту үшін, ұйымдастырушылар жиылғандарға қоғам өмірінде орын алған, жемқорлық фактілері туралы бейне роликтерді көрсетуден бастады. Содан соң, тақырыпты тарқатуға кіріскен мұғалімдер қоғамдағы, еліміздің ЖОО-дағы жемқорлықтың таралу деңгейі туралы пікірлерін білдірді. Ал мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған сот процестеріне ерекше назар аударатын ұстаздар қауымы, айыптылар заң жүзінде тиісті жазаларын алса екен деген үміттерін білдірді.
Департамент қызметкерлері өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мақсаты мен міндеті, мемлекеттік басқару, сот және құқық қорғау жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа төтеп беруге бағытталған іс-шаралар, халықта жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары туралы мағлұмат берді.
Жемқорлық құқық бұзушылықтар мен жүйелі жемқорлықты анықтау және олардың алдын алуда азаматтардың алатын орны ерекше атап өтілді.

Кездесу соңында халықпен өзара байланыстың маңыздылығын атап өткен Департамент мамандары, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау және мәселелерді жедел шешу мақсатында құрылған Департаменттің интернет-ресурстары: «СҚО кәсіпкерлігін қорғау» веб-сайты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңымен таныстырды.
