Мазмұнға өту

Жаңа

Кері байланыс

 

Осы күнге дейін сен спорт туралы көп естідің, сабақта достарыңның пікірін тыңдадың, басқа адамдардың әр түрлі көзқарасын оқыдың. Ал бүгінгі сабақтан кейін қандай қорытындыға келдің?

 
9
7
628

№2 ХҚКОБҚОФ-дағы семинар-кеңес

2015 жылдың 30 қыркүйегінде Департаменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі М.С.Нұртазин және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық №2 халыққа қызмет көрсету орталығында мекеме қызметшілерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық бағытта кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға Департаменттің қызметі туралы, осы күнге дейін атқарылған жұмыстар жөнінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен міндеттері түсіндірілді.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ міндет екендігі айтылды.

Сонымен қатар, аталған мекемеде тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізіліп, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі туралы түсінік берілді.

0
0
453

ҚР АШМ Су ресурстары комитеті ОҚО-ның 30 мыңға жуық халқын ауыз сумен қамтамасыз етті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Астана қ.

30.09.2015ж.

Жылдар бойы ОҚО Арыс қаласы және оған жақын орналасқанелді мекендерде бірінші қатардағы мәселе болып, кесте бойынша келіп тұратын ауыз су болатын.

Бүгін Арыс қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендерге су құбырлары тартылып, Арыс су тартқышына қосылып, аталған мәселе шешілді.

«Арыс су тратқышын қайта өңдеу және оған ОҚО Арыс қаласы мен жақын орналасқан елді мекендерді қосу» жобасы 2008 жылы басталған.

Жалпы, аталған жобаны жетілдіру үшін 1 312 951,0 мыңтеңге сомасындағыинвестиция қоры тартылған.

Жоба аясында Арыс қаласының Тараз, Самал және Көктем шағын аудандырында және орталықтағы көшелер - Салықбаев, Елшінбеков, Елетов, С.Сейфуллин, Шүкірбаева, Бегелдінов, Суворов, Шынғыбаева атындағы және Солтүстік көшесінде, К. Байсеитова-РСУ және Парковый аудандары мен Наурыз ауданының екі көшесінде және Ақдала ауылында су құбырлары тартылған. Хлопком елді мекенінде темір жол астынан өтетін су тартқыштың бөлігі мен екінші су көтеру станциясы салынды. Жеке сектордың су жүйелері толығымен топтастырылды.

Жалпы Оңтүстік Қазақстанның 29 850 тұрғындары ауыз сумен қамтамасыздандырынды.

   

ҚР АШМ СРК баспасөз қызметі

Тел.:8-(7172)-51-83-61

8-707-227-44-37

 
0
0
565

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қалыптасу перспективалары туралы

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, онда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрылуына орай құқық қорғау органдарының ведомствоаралық ғылыми және білім беру қызметі дамуының перспективалары мәселелері талқыланды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuratura-zhanyndagy-kukyk-korgau-organdary-akademiyasynyn-kalyptasu

0
0
455

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқушыларға тәрбие сағаты өткізілді

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу туралы айтылған.
Осыған орай, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, оған қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері 2015 жылғы 30 қыркүйекте Қызылорда қалалық №198 орта мектебінің 8 сынып оқушыларына, «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатында оқушыларға ситуациялық тақырыптар және олардың назарларына ұсынылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтерді тамашалап, олар бойынша өз ойларын жеткізді.
Сонымен қатар, Департамент тарапынан қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Т.Примова оқушыларға сыбайлас жемқорлық дегеніміз не, онымен қалай күресуге болады, жалпы жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру тақырыбында әңгіме қозғап, оқушыларға арнайы дайындалған «Біздің таңдауымыз-жемқорлықсыз болашақ» тақырыбындағы плакаттарды таратты. 
Өз кезегінде оқушылар тәрбие сағатқа қызығушылықпен қатысып, осындай іс-шаралардың көптеп болуын айтып өтті.

 
0
0
3230

Тіл тағдыры — ел тағдыры

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.

Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.

Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.

Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.

Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!

Ең тәтті де – тіл, 
Ең ашты да – тіл, 
Ең жұмсак та – тіл, 
Ең катты да – тіл.

Тіл – ұлттың жан дүниесі. 
Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.

Тіл 
Ұлы, құдіретті; 
Көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды; 
Біздің болашағымыз – ана тілінде! 
Рухани байлық.


 
0
0
18911

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бизнес субъектілерінің мүддесін әрқашан қорғайды

Ағымдағы жылғы 29 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қоғамдық кеңес пен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы маңындағы партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы болып өтті.
Кәсіпкерлердің құқықтарын және олардың заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі облысымыздың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен қабылданатын шаралар туралы, жиылғандарды Департаменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж. Жұмабаев хабардар етті.


Жанат Жұмабаев өз баяндамасында әкімшілік тосқауылдар деңгейін төмендету, сонымен қатар кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласуды болдырмау үшін, мемлекеттік органдарға қоса, қоғамдық институттар, Кәсіпкерлер палатасы күштерінің бірігуі және кәсіпкерлер қауымдастығына белсенділік таныту қажеттігін мәлімдеді. Осы орайда кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшылығымен тікелей байланыс орнату үшін, «СҚО кәсіпкерлігін қорғау» интернет-ресурсы бекерден-бекер құрылмағандығы да жеткізілді.


Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті жұмысының енді бір бағыты – мемлекеттік органдардың бизнес өкілдерімен қарым-қатынасы кезіндегі жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау болып табылады. Сөйтіп, аталған жұмыстың нәтижесінде анықталған жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар, тиісті шара қабылдау үшін орталық атқарушы органдарға жолданады.
Сондай-ақ кездесуде осы бағыттар бойынша өздерінің жүргізілетін жұмыстары жайлы партия, облыс прокуратурасының өкілдері, кәсіпкерлік және туризм басқармасы, кәсіпкерлер палатасының мамандары да есептерін берді.
Отырыс қорытындысы бойынша өзара қарым-қатынастың тиімділігін арттыру, сонымен қатар бизнес-қауымдастықтарының Департамент көмегіне жүгіну арқылы белсенді әрекет етулері жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірленді.

 
0
0
580

Шал ақын ауданында жемқорлыққа қарсы күрес кеңінен насихатталады

Ағымдағы жылғы 23 қыркүйекте Сергеевка қ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Шал ақын ауданындағы «Нұр Отан» партиясының активі, кәсіпкерлік және дін өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде мемлекеттік қызмет және сот жүйесі, бизнес ортадағы жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігі, қоғамдағы адамгершілік құндылықтарын дамытуда, заң бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптстыруда қоғамдық ұйымдар мен дәстүрлі діндердің алатын орны талқыланды.
Аталған мәселелерді пысықтау үшін СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің маманы З.С. Байғаскина, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.П. Кузичева, СҚО Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының төрағасы М.Ж. Жақсыбаев, «Сейдахмет әзірет» аудандық мешітінің имамы Ш.Ж. Жолдыбаев өз баяндамаларын оқыды.
Жиын барысында партия өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша «Нұр Отан» партиясының бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүргізілетін алдын алу жұмыстары, қоғамдағы жемқорлық құқық бұзушылықтарына «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру үшін тұрақты түрде өткізілетін әлеуметтік сауалнамалар нәтижелері туралы ақпар берді.
Аудандық мешіт имамы тұлғаның діни дамуына, дәстүрлі тәрбие берудің ерекшеліктеріне назар аударып, адамның жемқорлық әрекеттерін айыптаушы, құранның аяттарынан бірқатар мысалдар келтірді.
Аталған шараға ат салысқан М.Ж. Жақсыбаев бизнес ортадағы жемқорлық тәуекелдері мен бұзушылықтарды жоққа шығару үшін облыстық кәсіпкерлер палатасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп атқаратын жұмыстары туралы жиылғандарды хабардар етті.
Кездесуді түйіндеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, арнайы құрылған «СҚО кәсіпкерлігін қорғау» веб-сайты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңы арқылы Департамент басшылығы халықпен байланыс орнатуға әрдайым әзір екендігін жеткізді.

***
Дөңгелек үстелдің кеңейтілген отырысы Шал ақын ауданы жалпы білім беру мектептерінің директорлары және олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен де өтті.

Аудандық оқу орындарының басшыларына еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысы таныстырылып, мектеп қабырғасындағы «нөлдік төзімділік» принципін қалыптастырудың түрлі әдіс-тәсілдері талқыланды.
Тәжірибе алмасу кезінде ауылдық мектеп директорларына да сөз берілді. Олар өз кезектерінде, қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың шығармашылығы жоғары деңгейде насихатталатындығын іс жүзінде көрсетіп, Е. Бөкетов атындағы гимназияның жоғары сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта пікірталас өткізді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар тәрбие жұмыстарына жемқорлыққа қарсы тақырыптағы іс-шаралар енгізілгендігін, сонымен қатар мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті әзірлеген әдістемелік және бейне материалдарды сабақ барысында кеңінен пайдаланатындықтарын жеткізді.
Нәтижесінде, үстіміздегі жылдың 4 тоқсанында Шал ақын ауданының жоғары сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта пікірталас турнирін өткізу ұсынылды.

0
0
870