Мазмұнға өту

Жаңа

«Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында үздік плакаттар моделі анықталды

2015 жылы 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Шымкент қаласының Білім бөлімімен бірлесе, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Жастар сарайында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты тақырыбында жасөспірімдер арасында үздік плакаттың моделін жасау үшін сурет салудан байқау өтті.

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты –жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау мен «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы үздік плакаттың моделін жасау арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Іс-шара барысында жасөспірімдер бейнелеген суреттерден бірқатар үздік плакаттар моделі анықталып, Департамент басшылығы атынан марапаттаулар болды.

1 орынды  Шымкент қаласының №33 мектеп оқушысы Мусаева Дильбар иеленді.

ІІ орынды Шымкент қаласының №81 мектеп оқушысы Джохангиров Мақсат иеленді.

ІІІ орынды Шымкент қаласының №5 мектеп оқушысы Ли Александр иеленді.

Ең үздік креативті сурет салу номинациясы Шымкент қаласының № 120 мектеп оқушысы Ибрагимов Ибрагимге бұйырса, ал ең үздік шығармашылық сурет салу номинациясы Шымкент қаласының № 23 мектеп оқушысы Бекбосынова Аделя қанжығасына байлады.

Аталған үздік плакаттар алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту, сауаттандыру бойынша түрлі көше, даңғыл бойындағы билбордтарда, тренингтерде, кездесулерде, және т.б. іс-шараларда қолданылатын болады.

 
0
0
3203

30.09.2015 жылға сәйкес жария ету

Сомасы 266,1 млрд. теңгеге 38 290 объект жария етілді.

Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 511,2 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 53 247 өтініш түсті.
- сомасы 377,3 млрд. теңгеге 44 458 тұрғын үй объекті;
- сомасы 128,4 млрд. теңгеге 22 788 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 91,3 млрд.теңгеге 5 473 коммерциялық объект;
- сомасы 1,3 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 19 қатысу үлесі;
- сомасы 4,1 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.
Сомасы 266,1 млрд. теңгеге 38 290 объект жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 657,4 млн тенге құрайтын 24 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш келіп түсті.
- сомасы 650,7 млн. тг құрайтын 20 тұрғын үй объекті;
- сомасы 3,7 млн. тг құрайтын 2 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 1,5 млн. тг құрайтын 1 коммерциялық обьекті.
- сомасы 3,0 млн. тг құрайтын, 2 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі;
- 670 тг сомасында бағалы қағаздар;
Сомасы 654,2 млн. теңгеге 21 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 28.09.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 78,9 млрд.теңге ақшаны жария етуге   167   жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,9 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 29,4 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 41,7 млрд. теңге.

29.09.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,0 млрд.теңге түсті.

0
0
249

Мақала жазу тәсілдері

Бүгін мақала жазудың әдіс-тәсілдерімен бөліскім келді. Журфакқа түскен жас-журналист оқытушыдан мақала жаз деген тапсырма алып, не жазу керек, қалай бастау керектігін білмей, мұңға батып, қиналып жүреді. Келесі пункттерді кезекпен қадағалау арқылы мақаланы тез, әрі сапалы жазуды үйренесіз.

Негізгі әдістермен таныс болыңыз.

  1. Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала - бір мағына, бір тақырып.
  2. Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып - мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам - лид.
  3. Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз. Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.
  4. Әр сөздеріңізге(факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың қалыңдығы(ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.

Мақаланың құрылымы жайлы ұмытпаңыз -

  • Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу)
  • Негізгі бөлім
  • Қорытынды(негізгі ойларыңызды қорытындылаңыз)

5. Мәтіннен бос сөздерді алып тастаңыз. Сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан басталғаны дұрыс. Түсінксіз сөйлемдерді ауыстырыңыз. Бір сөйлем 6-7 сөзден тұруы керек.

6. Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қателер мен теріп жатқан кезде кеткен қателерді жөндеңіз. Қайталанатын сөздерді алып тастап, орнын синоним сөздермен толықтырыңыз!

Міне енді мақалаңыз дайын. Басты ережені ұмытпаңыз, мақала жазудың шебері болу үшін - күнделікті мақала жазып жүрген абзал. 

Мадина Реброва

16
0
47960

«Мәңгілік Ел» — мы живем, пока помним

11 сентября 2015 г. мне посчастливилось побывать на театрализованном представлении "Мәңгілік Ел", посвященном 550-летнему юбилею Казахского ханства.


Об этом событии уже писали многочисленные ресурсы разной степени официальности, телевидение, радио, газеты. В интернете об этом ивенте можно почитать, например, здесь или здесь.

Мне показалось, что встреченные мной отчеты как-то чересчур сухи и показывают лишь одну сторону события, голые факты: 5 глав государств, 3000 актеров, 1,5-часовое представление и т.д. и т.п. Поэтому, на правах зрителя, человека, непосредственно присутствовавшего там, я бы хотел рассказать о своих ощущениях.

Ощущения, кстати, самые позитивные. Прежде всего, меня порадовало само место проведения. Новый ледовый дворец восхитителен и гораздо лучше старого.

Но давайте вернемся к представлению.


В основу сценария была положена книга Президента «В потоке истории». Периодически на экране появлялись страницы этой книги с подходящими по смыслу цитатами.

Надо сказать, сценарист и постановщики потрудились на славу. Одно дело книга, и совсем другое – поставить по этой книге представление, такое, чтоб все было динамично, чтобы действие не прекращалось, чтобы то, что происходит на сцене, не отпускало зрителя, держало его, заставляло переживать. Тут было именно так.


Декорации были хороши, костюмы аутентичны, актеры убедительны. Задний план сцены, который играл роль экрана визуальной поддержки, выполнил свою функцию на все 100%. Когда фон показывал степь, очень легко могло показаться, что мы не в здании находимся, а, на самом деле, в какой-нибудь степи. Прочие визуальные эффекты тоже способствовали погружению в действо.

Вернемся к участникам действия. На сцене сразу находились десятки и сотни человек. И вся эта тьма народу двигалась как единый организм, очень слаженно и органично. Трудно представить, сколько репетиций пришлось провести, чтобы достичь такого уровня синхронности и координации.


Масштабность - это слово как нельзя лучше подходит для того, чтобы описать то, что происходило на сцене. И дело, наверное, даже не в большом количестве участников, хотя это тоже играет роль. Дело в том, что в полтора часа авторы смогли уместить трехтысячелетнюю историю народа. За эти 90 минут перед нами проходят саки и сарматы, монголы и казахские ханы, голодающие дети 30-х и бойцы Великой Отечественной войны.  Целинные события и космодром «Байконур», закрытие Семипалатинского полигона и обретение Независимости, все важные вехи нашей истории прошли перед нашими глазами. Прошлое, настоящее и будущее в одной канве, которая образует исторический путь единого и неделимого народа.




Наверное, очень важно, когда действо поставлено так, чтобы зритель мог не только смотреть, но и искренне сопереживать тому, что происходит на сцене. И я сопереживал. Большую роль тут играет и то, что события, о которых рассказывалось по ходу представления, затрагивают нас всех, каждую семью, каждого человека. И я испытывал гордость за свою страну, когда показывали ее достижения. И почти плакал, когда речь шла о голоде тридцатых годов. И я верю, что весь зал испытывал то же самое. Может быть, это и называется патриотизм. Спасибо организаторам, благодаря которым эти чувства, обычно надежно закрытые где-то в глубинах души, смогли пробудиться в нас. Когда зал, в едином порыве начал скандировать название нашей страны, это было непередаваемо.


Ни один народ не приходит из ниоткуда. У всех нас линия развития уходит в дикую древность. Но какие-то народы забыли себя, и теперь их нет. И, наоборот, любой народ бессмертен, пока он помнит своих предков. Помнит плохое и хорошее, помнит горести и радости. И пока он помнит себя, он и есть вечный народ - Мәңгілік Ел. Мне кажется, именно это было главным посылом авторов, и если так, то у них получилось.

Запомнились многие технические моменты, цветовые сочетания, визуальные эффекты. Благодаря удачному решению создателей, многие символы самых разных эпох, знакомые всем нам с детства, удалось сплести в одно динамичное и непротиворечивое сочетание. Все было очень органично и продумано. Я был удивлен, когда узнал, что большая часть всего этого была сделана руками казахстанских специалистов. Мы ведь все постоянно ратуем за «казахстанское содержание». Наши люди МОГУТ делать такие вещи, и это радует. И за это тоже спасибо.

Пожалуй, это событие, которое будут долго помнить. Помнить и брать пример, и это хорошо.


 

На youtube есть видео этого шоу. Конечно, оно не заменит эффекта присутствия, но желающим причаститься поможет получить представление о том, что происходило на сцене.

 
1
0
1445

Қазақстанның медициналық ұйымдары халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстарының екінші кезеңіне дайын

Бұл туралы бүгін ҚР ДСӘДМ-де «Қазақстан Республикасындағы қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясын қайта бастау туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Сөз басында Алекскей Цой Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағымсыз жағдайдың орын алуы жалғасып келе жатқанын айтып өтті. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша қызылшамен аурудың 2307 жағдайы тіркелді, оның ішінде 696-сы балалар.

«Қызылшамен ауыру 10 есеге, балалар арасында 6 есеге үлғайды. Сонымен қатар, аурудың басым бөлігі тұрғындары қызылшаға қарсы вакцинациялаумен аз қамтылған аймақтарда тіркелген. Бұл Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қаласы. Сол себепті, сонымен қатар ДДСҰ-ның ұсынымы бойынша ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстарын қайта бастауды қолға алу шешімі қабылданды», - деп атап өтті ол.

Халықты қажетті деңгейде вакцинациялаумен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан Республикасындағы қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясын өткізуге арналған әлеуметтік жұмылдыру мен ақпараттық жұмыстар жоспарын бекіткен болатын.

«Қызылшаға қарсы қосымша иммундау шараларын үйлестіру мақсатында әрбір аймақта облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдері орынбасарларының басқаруымен штабтар құрылды.  Вакциналарды сақтау және тасымалдау жағдайлары мұқият тексерілді. Кампанияға дайындықты тексеру үшін ҚР ДСӘДМ және Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті аймақтарға барып, мамандар қосымша иммундауға дайындық бойынша кеңестік және практикалық көмек көрсетті», - деп мәлімдеді Вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қыркүйек айында Алексей Цой Көкшетау, Орал, Павлодар, Тараз, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы медициналық ұйымдардың вакцинациялауға дайындығын тексерген болатын.

15 пен 19 жас аралығындағы 313 мың 348 жасөспірім қызылшаға қарсы қосымша иммундауға жатады. Кампанияны өткізу үшін құрамында 3567 дәрігер, 3611 мейірбике, 7134 тіркеушілері бар 3567 екпе бригадалары ұйымдастырылды. Қызылшаға қарсы вакцинациялауға қатысатын медициналық қызметкерлер атестаттациялаудан өткізілді.

Барлық аймақтарда жасөспірімдер және олардың ата-аналарымен вакцинациялаудың қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әрбір егілуші адам алдағы егу туралы хабардар болады. Ол немесе оның ата-анасы (заңды өкілі) дәрігерге шақыртылып, оған профилактикалық мақсаттағы егу туралы толық әрі шынайы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, иммундаудан кейін туындайтын ықтимал жағымсыз жағдайлар мен реакциялар, вакцинациялаудан бас тартудың салдары туралы ақпарат жеткізіледі.  Профилактикалық егу жұмыстары тек бекітілген форма бойынша ақпараттандырылған ерікті келісім негізінде ғана жүргізіледі.

Қызылшаға қарсы қолданылатын моновакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған, ол әлемнің 40-тан астам елінде қолданылады.

Қазақстанда 2015 жылдың сәуір айында аталған вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігіне 23 көрсеткіш бойынша сараптама жасалып, нәтижесінде вакцинаның физико-химиялық және биологиялық көрсеткіштері барлық нормативтерге сәйкес келетіні анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, қызылшаға қарсы вакциналаудың бірінші кезеңінде 529422 жасөспірім (60,1%-тан астам) қамтылған болатын.

 
0
0
442

Елордада KAZENERGY форумы ресми түрде шымылдығын түрді

Бүгін елімізде осымен 10-рет өткізіліп отырған KAZENERGY форумы ресми түрде ашылды.

Ауқымды шараға қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен аузы дуалы саясаткерлер мен ғалымдар, қоғам қайраткерлері елімізге арнайы келіп отыр.

Форум жаңа ғана салтанатты түрде ашылды. Алғаш болып ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник сөз сөйлеп, форум қатысушыларына Елбасының құттықтауын жеткізді. Көп ұзамастан ауқымды шара пленарлық сессияға ұласты. Басқосуда әлемдік энергетика нарығының жаңа талаптары мәселесі талқылануда. Таңдалып алынған тақырыптың ауқымы кең. Себебі сарапшылардың пікірінше, 2035 жылға дейін энерготасымалдаушыға сұраныстың өсуі 1,4%-ға дейін төмендейді. Салдарынан 2035 жылға дейін қара алтынға деген сұраныс азая бермек. Мамандар біртіндеп әлемдегі ең ірі мұнай тұтынатын ел АҚШ-тың орнын Қытай бастады деген пікір білдірді. Ал Тынық мұхиты аймағы мен Азия 2020 жылы ең ірі газ импорттаушы атанады. Көгілдір отынға деген сұраныстың біраз бөлігін Ресей мен Таяу Шығыс елдері қамтамасыз етпек. Бұл ретте еліміз қолайлы географиялық орналасуының арқасында болашақта энергияны тасымалдауға көп мән бермек. Сондай-ақ шикізатты өндіріп қана қомай, оны экспорттау басты назарда болады. Осы тұста мамандар инновацияға көптеп мән беру тиіс дейді. Бұған қоса келешекте баламалы энергетикаға да сұраныс арта түспек. Ал ауқымды шара ертең де жалғасатын болады. Шақырылған қонақтардың арасында Франциянның бұрынғы премьер-министрі Франсуа Фиион, Румынияның энергетика жөніндегі министрі Андрей Доминик Гереа, Қытайдың энергетика мемлекеттік басқармасының төрағасы Нуер Байкери сынды лауазымды тұлғалар мен халықаралық компаниялардың өкілдері, аузы дуалы саясаткерлер де бар. Сондай-ақ форум аясында энергетикадағы жаңа технологиялық жетістіктерді паш ететін инновациялық көрме ұйымдастырылған.

http://gbpp.org/kz/2015/10/8554

 
1
0
293

Н.Назарбаев әлемге жаңа болашақ ұсынды

«Ұлы көшбасшының ұлы сөзі. Назарбаев әлемге жаңа болашақ ұсынды».

Әзірбайжанның ABC.AZ басылымының беттерінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының жалпы дебатында сөйлеген сөзі туралы осылай жазылған.

Жаңалықтар порталы Елбасы халықаралық қауымдастықтың 100 жылдығына орай ұсынған «Жаһандық стратегиялық бастама – 2045» жоспарының басты 5 ережесін жариялады.

Басылым осы бастамалардың мәніне ерекше тоқталған. Мақалада  Біріккен ұлттар ұйымының экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыру; Біріккен ұлттар ұйымының ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын қабылдау; халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыру; халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құру; Астанадан Біріккен ұлттар ұйымы қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашу туралы айтылған.

«Жаһандық стратегиялық бастама – 2045» жоспарын жүзеге асырудың алғашқы қадамы ретінде Біріккен ұлттар ұйымының қолдауымен «Жаңа Болашақ» концепциясын әзірлеу болмақ. Әзірбайжандық ақпарат құралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық деңгейдегі өткір мәселелерді шешу жолдарын ұсынғанын айрықша атады.

http://gbpp.org/kz/2015/10/8544

 
1
0
328

Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Елбасының БҰҰ Бас Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөйлеген сөзі.

Құрметті Төраға мырза!

Құрметті Бас хатшы мырза!

Құрметті әріптестер!

Ханымдар мен мырзалар!

Біріккен ұлттар ұйымының 70 жылдық мерейтойы тұсында бұл ұйымның негізін қалаушылар оған қандай терең мағына бергені жөнінде ой бөлісу маңызды. Біріккен ұлттар ұйымы қазірдің өзінде жаһандық тұрғыдан тарихи мәні бар міндеттерді орындады.

Біріншіден, планетамызда адамдар 70 жыл бойы дүниежүзілік соғыссыз өмір сүріп келеді. Екіншіден, әлемде аса ауқымды отарсыздандыру жүзеге асырылды. Біріккен ұлттар ұйымын 70 жыл бұрын 51 мемлекет құрды. Ол кезде әлемнің көп бөлігін колониялар мен тәуелді аймақтар алып жатты. Бүгінде әлемдік қоғамдастықта 193 тәуелсіз ел бар. Үшіншіден, Біріккен ұлттар ұйымы күн сайынғы, қиын, бірақ қауіпсіздік пен даму үшін баршаға қажетті үнқатысудың бүкіләлемдік мінберіне айналды.

Адамзат одан өзінің әралуандықтағы бірлігін, біздің ғажап бірегей планетамыздың тағдырына қатыстылығының ортақтығын сезінеді. Біріккен ұлттар ұйымының негізін салушылар алдағы алыс болашаққа ой көзімен қарай білді. Әлем бүгінде олардың бастамалары мен орындалған арманының жемісін көріп отыр.

Ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан халықаралық қатынастардағы өзара сенімді қалпына келтіруге, халықаралық құқықтың негізінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдайды. 70 жыл бойы әлемдік қоғамдастық әскери қақтығыстарды ақылға қонымды шешудің түйінін табуға тырысып келеді. Бірақ қақтығыстар азаяр емес. Олар кейбір елдерде мемлекеттілікті күйретудің салдарынан шектен шыққан халықаралық терроризмге ұласуда.

Адамзат соғыстардың алдын алу және қақтығыстардың салдарын еңсерудің ескірген тәсілдерінен оларды мән-мағынасыз ететін жаңа даму стратегиясына өтуге тиіс. Ол үшін алыстағы болашаққа батыл көз салып, Біріккен ұлттар ұйымына 100 жыл толатын кездегі әлемнің қандай болатынын көре білуіміз керек. Мен Жер бетіндегі өркениет таяудағы 30 жылда соғыстар мен қақтығыстардың шиеленген түйінін даналықпен тарқату үшін күш-жігер таба алатынына сенімдімін.

ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті – әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс.

Сол үшін Біріккен ұлттар ұйымының жүзжылдығына Жаһандық стратегиялық бастама – 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынамын. Оның мәні – барлық ұлттардың әлемдік инфрақұрылымға, ресурстарға және нарықтарға қол жеткізуінің әділ шарттары негізінде әлемдік дамудың жаңа трендін қалыптастыру, сондай-ақ адамзаттың дамуы үшін жалпыға ортақ жауапкершілікті орнықтыру.

БІРІНШІ. Мен Біріккен ұлттар ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму Кеңесіне айналдыруды ұсынамын. Оның құрамына Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясы сайлаған мүше мемлекеттермен қатар Біріккен ұлттар ұйымының мамандандырылған мекемелерінің барлық басшылары, соның ішінде Халықаралық валюта қорының да басшылары ене алар еді.

Кеңеске Жаһандық экономикалық реттеушінің міндеттері жүктелуге тиіс. Кеңес жүзеге асыратын бүкіләлемдік жобалар жаһандық экономикалық өсім нүктелеріне айнала алады. Бұл жаһандық дағдарыстар қатерін айтарлықтай азайтуға, сондай-ақ мемлекеттердің ұлттық экономика және әлеуметтік саясат мәселелеріндегі жауапкершілігін күшейтуге септігін тигізеді. Жобасы Астана Экономикалық форумы аясында қызу талқыланып келе жатқан Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар идеясы өте өзекті болып көрінеді.

Әлемді алаңдатып отырған маңызды мәселелер – терроризм, мемлекеттердің күйреуі, көші-қон және өзге де келеңсіз құбылыстар экономикалық дағдарыстың, кедейшіліктің, сауатсыздық пен жұмыссыздықтың салдарлары болып табылады. Жаһандық дағдарыспен күресті қазіргі кезде заңдылық, демократиялылық, бәсекелестік, тиімділік және халықаралық бақылау ұстанымдарына сай келмей отырған эмиссия мен әлемнің резервтік валюталары айналымын реттеуден бастау қажет. ХХI ғасырда әлемге сапалық тұрғыдан жаңа қаржы құралдары керек. Жаһандық орнықты даму мен өсіп-өркендеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін ұлт үстілік әлемдік валюта әзірлеу бағытындағы Біріккен ұлттар ұйымына мүше елдердің күш-жігерін біріктіру қажет.

ЕКІНШІ. Хиросима мен Нагасакиді атом қаруымен бомбалаудан соң 70 жыл өткенде ядролық қарусыз әлем қалыптастыру ісін адамзаттың ХХІ ғасырдағы басты мақсаты етуге шақырамын. Біріккен ұлттар ұйымының ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларациясын қабылдауды ұсынамын.

Қазақстан – ядролық полигонды жапқан және ауқымы жағынан төртінші ядролық қару-жарақтан өз еркімен бас тартқан, сондай-ақ Орталық Азияда ядросыз аймақ құрған тарихтағы тұңғыш ел. Ядролық қарусыз аймақты әлемнің өзге өңірлерінде, соның ішінде Таяу Шығыста да құрған жөн. Ядролық державалар ядролық қаруға иелік етуден бас тартқан барлық елдерге күш қолданбауға кепілдік беруге тиіс.

Біз Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің екі раундын 2013 жылы Алматыда өткізуге бастамашы болдық. Иран ядролық бағдарламасы бойынша жалпыны қамтитын іс-қимыл жоспарына қол қойылуын қоштаймыз.

Қазіргі таңда мемлекеттердің бейбіт мақсатта қолданылатын атомға және ядролық отынға кемсітусіз қол жеткізу құқығын кепілдендіру қажет. Нақ осы себепті біз Қазақстанда МАГАТЭ-нің Халықаралық аз байытылған уран банкін құру туралы келісімді қолдап, қол қойдық. Бұл – жаһандық ауқымдағы оқиға.

Әлем оны атомды қауіпсіз әрі бейбіт мақсатта қолданудың маңызды қадамы ретінде бағалауға тиіс. Сонда атом энергетикасын дамытқысы келетін елдер үшін уранды өздері байытудың еш қажеттілігі болмайды. Жаһандық антиядролық қозғалыс құру маңызды міндет болып отыр. Жер бетіндегі әрбір адам ядролық сынақтарға тыйым салу ісіне өз үлесін қоса алады және солай болуға тиіс.

ҮШІНШІ. Халықаралық құқықтың қадірінің азаюы мен жаһандық институттар рөлінің әлсіреуі қауіпті сын-қатер болып отыр.

Біріккен ұлттар ұйымының Жарғысы дүниежүзілік соғыстар мен әскери қақтығыстардың миллиондаған құрбандарының қанымен жазылғанын ұмытпау маңызды.

Оның баптарының, әсіресе, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі баптарының қандай да бір бұзылуы адамзатты өткеннің қасіретті қателігін қайталауға ұрындырады. Санкцияларды Біріккен ұлттар ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін әрекет ретінде бағалап, олардың өз бетімен қолданылуын болдырмау қажет.Миллиондаған адамдардың игілігіне әсер ететін халықаралық санкциялар қолдану құқығы Қауіпсіздік Кеңесінің ерекше құзырында болуға тиіс деп сенемін. Бұл қағидаттарды сақтамау қазіргі әлемдік тәртіптің негіздерін ыдыратады, «қырғи-қабақ соғыстың» сарқыншағына айналады. Әмбебап ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымын алмастыра алатын балама жоқ екенін атап айтқым келеді.

Елдердің өздерінің халықаралық міндеттемелерін орындауы қазіргі әлемдік тәртіптің ең басты мәселесі болып қала береді. Қазақстан Украина дағдарысын бейбіт жолмен реттеуді және Минск келісімін қақтығысушы тараптардың толық орындауын дәйекті түрде жақтап келеді.

Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек. Сол үшін 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыруды ұсынамын.

ТӨРТІНШІ. Терроризм мен діни экстремизмнің қаупі жаһандық ауқымға жайылып барады. Біріккен ұлттар ұйымының қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құруды ұсынамын. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының терроризммен күрес жөніндегі мәселенің бәрін қамтитын құжатын әзірлеп, қабылдау қажет.

БЕСІНШІ. Біріккен ұлттар ұйымының «Баршаға арналған тұрақты энергетика» бастамасын қолдау үшін Астанада 2017 жылы «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен бүкіләлемдік көрме өтеді.

Барлық мемлекеттерді көрмені дайындауға және өткізуге қатысуға шақырамыз.

Болашақты ескеріп, «ЭКСПО-2017» көрмесі инфрақұрылымы негізінде Астанадан Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашуды ұсынамын.

Құрметті әріптестер!

Біріккен ұлттар ұйымының қолдауымен «Жаңа Болашақ» (NEW FUTURE) концепциясын әзірлеу Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын жүзеге асырудың алғашқы қадамы болар еді. Біріккен ұлттар ұйымының құрылғанына 70 жыл өткеннен кейінгі адамзат дамуындағы жаңа кезеңнің міндеттерін нақты айқындау қажет.

NEW FUTURE дегеніміз – ядролық, энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі, сенім, өзара түсіністік және реформалар. Қазақстан Еуразия өңіріндегі қақтығысушы тараптарды бітістіру үшін араағайындық жасауға күш салып келеді және күш сала бермек. Аталған бағыттар мен қағидаттар Қазақстанның 2017-2018 жылдарда Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлану науқанына арқау болып отыр.

70-сессияға қатысушылардың барлығын біздің еліміздің кандидатурасын қолдауға шақырамын.

Ханымдар мен мырзалар! 70 жыл бұрын Женевада, жұмыс істеуден қалған Ұлттар Лигасының орнына Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған кезде оның штаб-пәтерін Нью-Йоркте орналастыруға шешім қабылданды. Бұл сол кезеңде халықаралық қатынастар бойынша Батыс Жарты шарының ролі артқандығына байланысты болған еді. Әлемді дамыту орталығы Кәрі құрлықтан Жаңа құрлыққа, Еуропадан жаһандық өрлеудің жаңа орны – АҚШ-қа, Нью-Йоркке ауысты. Содан бері көп нәрсе өзгерді, әлем өзгеше қалыптасты. ХХІ ғасырда даму орталығы әлемнің ең үлкен континенті – ғаламшар тұрғындарының үштен екісі мекендейтін, ірі ресурстар шоғырланған Азияға қарай ойысады. Азияның дамып келе жатқан экономикаларының қуатты серпіні жаһандық үдерістердің жаңа сипатын танытып отыр. Осы үдерісті ескере отырып, мемлекеттердің өзара қарым-қатынасына жаңа серпін беру үшін бұл тарихи мүмкіндікті пайдаланудың маңызы зор. Біріккен ұлттар ұйымының штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселесін ойластыруды ұсынамын. Қазақстанның бастамаларын ұлттар қауымдастығы қабылдайды деп үміттенемін. Назарларыңызға рахмет!

http://gbpp.org/kz/2015/10/8551

 
1
0
759

Қалайша сені ұмытпадым

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»

Фотоматериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

   

Қалайша, әлі сені, ұмытпадым,

Қыл үстінде, болса да бар, үмітім.

Салып кеткен жараңды, жаза алмадым,

Сен деп, сен деп соға берді-ау жүрегім.

 

Мейли, мейлі бола берші басқамен,

Менен артық таба алсаң, басқа жанмен.

Қайтейін мынау жүректің, мен дүрсілін,

Баса алмадым, мұңымды, сан ойлаумен.

Бір көрініп, лап етіп, оттай жанған,

Бұл сезімге не дерсің, армандаған.

Жыласамда қайтейін, мен сұраған,

Өзің едің, тағдырымнан, тағдырдан.

 

Жылап тұрып, ойланайын сөзіме,

Шын сүймесен, бекер өтер өмірің.

Бар мұңымды, құрбан етем, өзіңе,

Болмаса да, мен де бүгін, көңілің.

 
2
1
990