Н.Назарбаев әлемге жаңа болашақ ұсынды
«Ұлы көшбасшының ұлы сөзі. Назарбаев әлемге жаңа болашақ ұсынды».
Әзірбайжанның ABC.AZ басылымының беттерінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының жалпы дебатында сөйлеген сөзі туралы осылай жазылған.
Жаңалықтар порталы Елбасы халықаралық қауымдастықтың 100 жылдығына орай ұсынған «Жаһандық стратегиялық бастама – 2045» жоспарының басты 5 ережесін жариялады.
Басылым осы бастамалардың мәніне ерекше тоқталған. Мақалада Біріккен ұлттар ұйымының экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыру; Біріккен ұлттар ұйымының ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын қабылдау; халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыру; халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құру; Астанадан Біріккен ұлттар ұйымы қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашу туралы айтылған.
«Жаһандық стратегиялық бастама – 2045» жоспарын жүзеге асырудың алғашқы қадамы ретінде Біріккен ұлттар ұйымының қолдауымен «Жаңа Болашақ» концепциясын әзірлеу болмақ. Әзірбайжандық ақпарат құралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық деңгейдегі өткір мәселелерді шешу жолдарын ұсынғанын айрықша атады.
http://gbpp.org/kz/2015/10/8544
