Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында үздік плакаттар моделі анықталды

2015 жылы 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Шымкент қаласының Білім бөлімімен бірлесе, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Жастар сарайында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты тақырыбында жасөспірімдер арасында үздік плакаттың моделін жасау үшін сурет салудан байқау өтті.

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты –жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау мен «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы үздік плакаттың моделін жасау арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Іс-шара барысында жасөспірімдер бейнелеген суреттерден бірқатар үздік плакаттар моделі анықталып, Департамент басшылығы атынан марапаттаулар болды.

1 орынды  Шымкент қаласының №33 мектеп оқушысы Мусаева Дильбар иеленді.

ІІ орынды Шымкент қаласының №81 мектеп оқушысы Джохангиров Мақсат иеленді.

ІІІ орынды Шымкент қаласының №5 мектеп оқушысы Ли Александр иеленді.

Ең үздік креативті сурет салу номинациясы Шымкент қаласының № 120 мектеп оқушысы Ибрагимов Ибрагимге бұйырса, ал ең үздік шығармашылық сурет салу номинациясы Шымкент қаласының № 23 мектеп оқушысы Бекбосынова Аделя қанжығасына байлады.

Аталған үздік плакаттар алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту, сауаттандыру бойынша түрлі көше, даңғыл бойындағы билбордтарда, тренингтерде, кездесулерде, және т.б. іс-шараларда қолданылатын болады.

 
0
0
3158

Осы тақырып бойынша

«Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында үздік плакаттар моделі анықталды - Yvision.kz