Елордада KAZENERGY форумы ресми түрде шымылдығын түрді
Бүгін елімізде осымен 10-рет өткізіліп отырған KAZENERGY форумы ресми түрде ашылды.
Ауқымды шараға қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен аузы дуалы саясаткерлер мен ғалымдар, қоғам қайраткерлері елімізге арнайы келіп отыр.
Форум жаңа ғана салтанатты түрде ашылды. Алғаш болып ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник сөз сөйлеп, форум қатысушыларына Елбасының құттықтауын жеткізді. Көп ұзамастан ауқымды шара пленарлық сессияға ұласты. Басқосуда әлемдік энергетика нарығының жаңа талаптары мәселесі талқылануда. Таңдалып алынған тақырыптың ауқымы кең. Себебі сарапшылардың пікірінше, 2035 жылға дейін энерготасымалдаушыға сұраныстың өсуі 1,4%-ға дейін төмендейді. Салдарынан 2035 жылға дейін қара алтынға деген сұраныс азая бермек. Мамандар біртіндеп әлемдегі ең ірі мұнай тұтынатын ел АҚШ-тың орнын Қытай бастады деген пікір білдірді. Ал Тынық мұхиты аймағы мен Азия 2020 жылы ең ірі газ импорттаушы атанады. Көгілдір отынға деген сұраныстың біраз бөлігін Ресей мен Таяу Шығыс елдері қамтамасыз етпек. Бұл ретте еліміз қолайлы географиялық орналасуының арқасында болашақта энергияны тасымалдауға көп мән бермек. Сондай-ақ шикізатты өндіріп қана қомай, оны экспорттау басты назарда болады. Осы тұста мамандар инновацияға көптеп мән беру тиіс дейді. Бұған қоса келешекте баламалы энергетикаға да сұраныс арта түспек. Ал ауқымды шара ертең де жалғасатын болады. Шақырылған қонақтардың арасында Франциянның бұрынғы премьер-министрі Франсуа Фиион, Румынияның энергетика жөніндегі министрі Андрей Доминик Гереа, Қытайдың энергетика мемлекеттік басқармасының төрағасы Нуер Байкери сынды лауазымды тұлғалар мен халықаралық компаниялардың өкілдері, аузы дуалы саясаткерлер де бар. Сондай-ақ форум аясында энергетикадағы жаңа технологиялық жетістіктерді паш ететін инновациялық көрме ұйымдастырылған.
http://gbpp.org/kz/2015/10/8554
