Мазмұнға өту

Жаңа

STARTUP. Шалғайда жүріп-ақ үйіңіздің қауіпсіздігін бақылайсыз!

El.kz тілшілері «Еліміздің ең жүйрік стартап-жобалары» деген тақырыпта сериялы мақалалар мен зерттеу материалдарын дайындауды қолға алды. Алдағы уақытта оқырман назарына еліміздегі ең мықты стартап-жобалардың авторларын рет-ретімен ұсынып отырады.


0
0
462

Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі!

Екі жүзден астам жас павлодарлықтар өз еңбек жолы мен жарқын болашағына қадам басты. Бүгін, Жастар бастамаларын дамыту орталығында кезекті бос қызмет орындарының жәрмеңкесі өтті. Мұндай акциялар әлеуметтік жұмыс орындары туралы хабарлап қана қоймай, жас адамдарға жеке әлеуетті жұмыс берушілермен кездесуге, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі. 16 шағын кәсіпорындармен қатар, «Қазақстан алюминийі» АҚ, ПМХЗ ЖШС сынды ірі кәсіпорындар талантты, бәсекеге қабілетті кадрларды іздеуде жәрмеңкені аралап қайтты. Сонымен қатар, Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік берілді. Әрбір өтініш берушіге «Жұмыспен қамту…

0
0
375

Мен оны #ЖАТырқамаймын

Себебі, жат қылығы жоқ. Барлығы өзіме - қазаққа тән. Тарихы да, сюжеті де. Себебі - бастан кешкенім. Тәнім сол тағдыр тезін тірнектеп жүріп өткермесе де, жаным сол қиын-қыстаудан қазір өткендей қансырайды. Қансырайды, өйткені жара жазылған жоқ. Көп сұраққа жауап алынған жоқ... Қансырайды, себебі тоқшылықта, күннің аманында қарным ашады алақаным тастай суып, қаным басыма шабады сол кезді елестетсем... Тарихи маңызы бар туындының дүниеге келгеніне көңілім толып, Ермек ағаны құттықтауға асықтым. Қуанды, әрине, хабарласқаныма. Әйтсе де, көңіл-күйі түсіңкі. Күллі Елордада "Жат" фильмі бір-ақ кинотеатрда, бір-ақ мезгіл жүргеніне мен де таң қалдым! Не өзің түсірмейсің, не түсіргенге мүмкіндік бермейсің... Себебі ақшада, басқада десең де, ұсақ-түйектен асып кете алмадық, биік мақсатты көздей алма…

4
0
686

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы және ол үшін заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік туралы»

2015 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы және ол үшін заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік туралы» тақырыбындадөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Төлегенов мекемедегі сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде консультанты Б.Хайруллин дөңгелек үстелге қат…

0
0
1129

Көріспегелі көп болды...

Көріспегелі көп болды...

Сағындым,

Жыладым,

Көңліме мұң толды.

Екеуіміз көп жүрген бір жолды

күн сайын өтемін,

іздеймін, күтемін,

сонымен күз болды.

Ол кезден көп нәрсе өзгерді -

біз сүйген тағамдар,

ұнатқан адамдар -

Бәрі де, бәрі де өзге енді.

Өзгерді қаланың ажары,

Екеуіміз үйренген.

Саябақ, серуен...

Тіпті де басқаша соғады самалы.

Қазірде тым басқа жұмысым,

жоғалды көп ойлар,

өртенді көп сыйлар,

тым басқа ашылды тынысым.

Телефон шырылын күтпеймін -

"Еркінмін!"- деп қоям,

бос сөзге де тоям,

сондықтан, сөз шығын етпеймін.

Мұң шақтым - тек реніш байқама,

Өзгеріп кеттің деп,

Мені әлек еттің деп,

Басыңды бекерге шайқама.

Өзгердім деуден мен танбаймын,

себебі әлі де өзгерем.

Мен сені есіме алмаймын,

себебі ұмытып көрмегем...

0
0
358

Алматы облысында қайта жаңғыртылған «Динамо» спорт кешені пайдалануға берілді

Талдықорған қаласында спорттық – сауықтыру кешені ашылып, Алматы облысының ішкі істер департаментінің қолданысына берілді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Ғимарат өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. Соңғы жылдары қатты ескірген кешенге құрылыс жұмыстары қажет болатын. ІІД басшысы полиция генерал-майоры М. Ұрымхановтың өтініші бойынша облыс әкімі Амандық Баталов қажетті қаражат бөліп, заманауи және сапалы нысанның бой көтеруіне өз үлесін қосты. Кешеннің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген өңір басшысы А.Баталов: «1970 жылдары салынған «Динамо» спорт кешенінен осы күнге дейін көптеген спорт шеберлері мен Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері түлеп шыққан. Елбасының тапсырмасына сәйкес полиция қызметкерлері жыл сайын қызметіне сәйкестігін анықтау мақсатында аттестациядан…

0
0
438

Бакуде Транскаспий халықаралық көлік бағдары тиімділігін көтеру талқылануда

Бакуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті Асқар Маминнің төрағалығымен Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту жөніндегі Үйлестіру комитетінің кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ. Кеңес отырысына Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия темір жол әкімшіліктері жетекшілері мен Ақтау халықаралық теңіз порты, Баку халықаралық теңіз сауда порты, Каспий теңізі кеме кәсіпорны жетекшілері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде: Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Грузия-Түркия бағдарындағы «Nomad Express» контейнерлік пойызын өткізудегі темір жол теңіз көлігі тікелей халықаралық темір жол паром бағдарындағы қатысушыларды көлік компанияларының өзара ықпалдасу тұрғысындағы технологиялық жұмысын бекіту жайы қаралды;ТХКБ «Nomad Express» бағдарындағы контейнерлік пойызды ұйымдастырудағы кешендік мөлшерлем…

0
0
337

108 жас авиатор Қазақстанның ӘӘК-нің бөлімдеріне қызмет етуге аттанады (ФОТО)

Ақтөбе қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта жас лейтенант-авиаторларының шығарылымы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының 108 түлегіне ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен «лейтенант» бірінші офицерлік атағы берілді, жоғары білімі туралы дипломдар мен төсбелгілер табыс етілді. Бітірушілер қатарында ҰҚШҰ-ның бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнында білім алған Қырғызстан мен Тәжікстанның 15 өкілі бар. Бозбалалар әскери істі оқып-үйренді, авиациялық мамандықтарды игерді, дене төзімділігін дамытты. Төрт жыл ішінде жоғары оқу орнының командалық және профессорлық-оқытушылар құрамының қорғауымен кешегі оқушылар өз елін қорғауға дайын нағыз офицерлерге, тәртіпті әскерилерге, білікті ав…

0
0
578

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі өзгереді

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары екінші оқылымда Елбасының 2014 жылғы 4 мамырдағы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әзірленген «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады. Заң жобасы елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және көші-қон үрдістерін реттеу мақсатында әлеуметтік-еңбек қатынастарын жаңғыртуға бағытталған. Заң жобасы келесі мәселелерді қарастырады:Шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты (ШЖК):Елге жұмысқа орналасу үшін келетін шетелдіктерге жұмыс берушілер тарапынан ШЖК тарту рәсімін ырықтандыру, шетелдік жоғары білікті мамандардың еркін нарығын құру арқылы экономикадағы кадрлар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған ж…

0
0
355

Головкин мен Лемье жекпе-жек алдында соңғы ашық жаттығуларын өткізді (ФОТО)

WBA (Super), WBC (Interim) мен IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен IBF чемпионы канадалық Давид Лемье (34-2, 31 КО) Нью-Йоркте жекпе-жек алдында соңғы ашық жаттығуын өткізді.

Еске сала кетейік, кездесу АҚШ-та 17 қазанда «Madison Square Garden» аренасында өтеді.

Қазақстандық көрермендер Головкин-Лемье жекпе-жегін 18 қазан күні таңғы сағат 06:55-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

0
0
477