Мобильді ЖҚКО
Мобильді ЖҚКО-ғы «Аэропорт Павлодар» АҚ-ның жас қызметкерлерімен кездесу өткізді. Ақпараттық-түсіндірмелі бағдарлама аясында жастардың алдыңда Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сінің қызметкерлері сөз сөйледі. Аэропорт қызметкерлеріне орталықтың жалпы принциптерімен қатар заңды көмек көрсету, кәсіпкерлікті дамытуда жәрдемдесу сервистерінің және психолог-инспектордың жеке кеңестері бар екендігі хабарланды. Кездесу барысында анықталғандай, тыңдаушылардың көпшілігі Орталықтың көмегімен көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктері туралы алғаш естіген. Бұл жайт мұндай ағартушылық кездесулер қажеттігін қуаттай түсті.

