Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырауда Еңбек, әлеуметтік қорғау және қөші-қон Комитетінің қызметкерлеріне әлеуметтік тест өткізілді.

Ағымдағы жылғы 2 қыркүйекте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағытының шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) өкілдері Еңбек, әлеуметтік қорғау және қөші-қон Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек  үстел барысында 2015-2025 жылдарға арналған Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мақсаты мен міндеттерін, сонымен қата 5 реформаның «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жөнінде мағлұмат берілді.

Бұдан басқа, Департаменттің басты  мақсаты – азаматтардың сеніміне көп көңіл бөлінді. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында өздерінің ұсыныстарын айтты.

Сондай-ақ, қатысушылар сыбайлас жемқорлық қылмысының халықаралық тәжірибесі туралы белсенді пікір алмасты. Ашық диалог ретінде өткен дөңгелек үстелде барлық сұрақтарға жауап берілді.

Шараның соңында әлеуметтік тест өткізіліп, сыбайлас жемқорлық бағытында  жадынамалар таратылды.

 
0
0
459

Осы тақырып бойынша