Атырауда тұрғындарға арналған түсіндірме акциясы жүргізілді.
Ағымдағы жылғы 27-28 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен Республикалық «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші Медиа орталық» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып теміржол вокзалында, «Атырау» сауда ойын-сауық кешенінде және қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығы филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамды көптеп тарту мақсатында акция өткізілді.
Акция барысында ҚР қолданыстағы заңнамасына сілтеме жасап, тұрғындардан бірқатар сұрақтарына толықтай жауаптар қайтарылды.
Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беріліп, оны болдырмау және алдын алу мақсатында түрлі әдістемелік материалдар таратылды.
