Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өткізілді.

2015 жылғы 17 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұртшылықтың барлық топтарын кешенді тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) қызметкерлері Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді.

Аталған басқарма басшысының орынбасары О.А.Бисембиев қатысушыларды сыбайлас жемқорлық қарсы күреске шақыра отырып, одан әрі жемісті және ортақ ынтымақтастыққа үміт артып, шараны ашты.

Шара барысында Департамент өкілі сыбайлас жемқорлық саясатын түсіндіріп, баяндама жасады. Ол қатысушыларға Ұлт жоспарының «100 нақты қадамы» туралы, соның ішінде азаматтардың белсенді атсалысу қажеттілігін айтып өтті.

Қатысушыларды алдағы уақытта бірігіп сыбайлас жемқорлық қылмысымен күресуге және әділетті қоғам құруға шақырды. Шара барысында қатысушылар өздерінің туындаған сұрақтарын тікелей қойып, тиісті жауаптарын алды.

Сонымен қатар, қатысушылар назарына слайдтар және пара алу барысында ұсталған лауазымды тұлғаның ісі жөнінде бейнеролик көрсетілді. Және де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жадынамалар таратылды.

0
0
592

Осы тақырып бойынша

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өткізілді. - Yvision.kz