Бас прокуратураның алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2015 жылғы 15 қазан)
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратураның алқа мәжілісі болып өтті. Онда 2014 жыл мен 2015 жылдың 8 айындағы бөтеннің мүлкін ұрлауға тосқауыл қою саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жасалған талдау қорытындылары талқыланды.
Алқа жұмысына Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері, Жоғарғы соттың, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың, облыстық әкімдіктердің басшылары қатысты.
