Мазмұнға өту

Жаңа

Г.Головкин Д.Лемьемен кездесуге сақадай-сай

Бокссүйер қауым ерекше ынтызарлықпен күтіп отырған Головкин-Лемье кездесуіне санаулы күндер қалды. Бүкіл әлемнің спортсүйер қауымы боксшылар туралы ақпараттарды да тағатсыздана күтуде. Естеріңізге сала кетейік, 13-қазан күні Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 11-00-де Генадий Головкин мен Дэвид Лемьенің Сквер Гардендегі ашық жаттығулары өтті. Бүгін міне, осы жаттығулардан көріністерді бейнелейтін суреттер де пайда болды, тіпті бейнематериалдар да бар. «Суреттегі көріністерге көз жүгіртетін болсақ, жерлесіміз Генадий бабында және ол өзінің жеңетінене әбден сенімді. Чемпион американдық ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында кездесудің алдында аздаған қобалжушылық бар екендігін және бұл қалыпты жағдай екендігін айтқан. Дегенмен, ашық жаттығулардағы көріністерден Головкиннің ештеңеден де кү…

0
0
273

Серікжан мен Ермек

Кешелі бері ғаламторды дүр сілкіндірген Серікжан Есенқосылының жариялаған жазбасы қолыма қалам алдырмай қоймады. Намысымды жандрып, ашуымды тудырған осы бір жариялымды кім жазғанын білмеймін, кім жазса да тегі мықты, асылы артық, тумасы бөлек қазақ жұртының нақ жауы жазды деп ойлаймын. Ұлы қазақтың кім екенін, қанды мықты ел екенін біліп, іші қайнаған қайдағы бір топ та шығар, алайда соның бір сандырағынан дана қазақтың беделі түсіп, биігі төмендей қоймас. Өйткені қазақ «Ит үрді, керуен көшті» деген бір керемет сөз бар. Сол секілді мұны жазып отырғандар да, жариялап отырғандар да ұлы көшке қарап үрген бұралқыдай» емес пе? Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында іштарлық еткен оларға айтарым, егер сендер тастаған ҚОЯНДАЙ ел болатын болсақ тұтастай біріккен бір мемлекетті осыдан осыншама жы…

3
2
410

Күзгі депрессиямен күресудің тәсілдері

Құлазу кезінде адам қара түске әуес болады. Күннің қысқаруы, бұлыңғыр ауа райы, сұп-сұр дүние көңілді түсіріп, жұмысқа деген қабілетті төмендетеді. Көңілсіз ойларға жетелейді. Бұл ағзада мелатонин атты гормонның пайда болуына септігін тигізеді. Бұл гормон адамды күйзеліске ұшыратады. Психологтардың айтуынша, соңғы кезде құлазу дерті адамдар арасында жиі кездеседі. Нәтижесінде адамды еш жаңалық қызықтырмайды. Жалғыздық сезімі жаулайды. Құлазу кезінде адам қара түске әуес болады. Терезе перделерін жауып қоюға тырысады. Қайғыға толы суреттер салады. Мұндай кезде, алдымен, тыныс алуды реттеген жөн. Бұл миға оттегінің жақсы жетуі мен қан айналымының жақсаруына септігін тигізеді. Күзгі депрессиямен күресудің бірнеше тәсілін ұсынамыз: Далаға шығып, әр 4 қадам сайын тыныс алып, келесі 4 қадамда а…

0
0
468

Алмас Өтешов: Күнде жаттығу кезінде жалпы алғанда 7 тоннаға дейін темір көтеремін

Ауыр атлетші Алмас Өтешов - 94 келі салмақта ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшы. Ауыр атлетші Алмас Өтешов - 94 келі салмақта ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшы. Жуырда«Таңшолпан» бағдарламасының тілшісі спортшыны әңгімеге тартып, сұхбаттасқан болатын. «Күніне екі, кейде үш жаттығу болады. Олимпиадаға жылдың басынан бері дайындалып жатырмыз. Бір жарысқа кемінде 10 ай дайындалу керек», - дейді Алмас Өтешов. Сондай-ақ, ол күнделікті жаттығу кезінде жалпы алғанда 7 тоннаға дейін зілтемір көтеретінін айтады. «Жаттығу кезінде 100, 150 келі зілтемірді бірден көтермейміз. Алдымен массаж, одан кейін дене қыздыру үшін жаттығу жасаймыз. 20 келі тартатын зілтемірден бастаймыз. Содан кейін ғана ауыр салмақ қоса бастаймыз. Есептеп қарасақ, күніне 7 тоннаға дейін темір көтереміз», - дейді…

0
0
389

Еуро-2016. Латвия-Қазақстан матчы 0:1 есебімен аяқталды

Риганың (Латвия) «Сконто» стадионында 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Латвия-Қазақстан матчы аяқталды. Іріктеу кезеңіндегі соңғы ойында футболдан Ұлттық құрама 0:1 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелері ойынды ширақ бастады, алайда 1-ші таймның 15-ші минутынан кейін қазақстандық футболшылар тізгінді өз қолына ала бастады. Құрама ойыншылары Гафуржан Сүйімбаев пен Исламбек Қуат алыстан соққы бағыттап көрді, бірақ оларға дәлдік жетіспеді. Ойыншылар 1-ші таймда 0:0 есебімен тарқасты. 2-ші таймда алма кезек шабуылдар жалғасты. Қазақстандық футболшылар 60-шы минутта өте қауіпті шабуыл ұйымдастырып, есеп ашуға қақпашы мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін 65-ші минутта Исламбек Қуат жылдам шабуыл нәтижесінде латвиялық қақпаның дәл бұрышына соққы бағыттап, гол соқты. Матчтың соңында а…

0
0
208

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімін қабылдады

Published 14.10.2015 24.kz Кездесу барысында Бауыржан Байбек қаланы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту жұмыстары жөнінде баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Атап айтқанда, негізгі азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу, тиімді оқу үдерісін ұйымдастыруға жағдай жасау, жылу беру маусымына дайындық жөніндегі шаралар қабылдануда. Б.Байбек жалпы сомасы 10 млрд теңге болатын меморандумға қол қойылғанын, соған сәйкес Алматы кәсіпорындары өз өнімдерін «ЭКСПО-2017» көрмесі нысандарының құрылысына жеткізіп отыратынын айтты. Мұндай қадам алдағы Универсиада нысандарына да байланысты жоспарланып отырғаны атап өтілді. Сонымен қатар Алматы әкімі биылғы шілдеде болған көшкін зардабын жою жұмыстары туралы да айтты. Мәселен, тиісті өтемақылық төлемдер жасалып, аумақтарды тазарт…

1
0
378

«ЕХРО-2017» көрмесіне қатысушылар қатары көбейіп келеді

Published 14.10.2015 24.kz Әлемдік экономикалық қиындықтарға қарамастан Қазақстан үкіметі «ЕХРО-2017» көрмесін өткізуге ауқымды күш жұмсап келеді. Оның үстіне құрылыс жұмыстары қарқын алған. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес осындай мәлімдеме жасады. Еліміздегі үшкүндік сапары кезінде ол «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының басшысы Ахметжан Есімовпен кездесіп, маңызды міндеттермен танысты. Бүгінде бұл көрмеге 48 мемлекет және 10 халықаралық ұйым қатысатындығын ресми түрде растаған. «Келер жылдың шілде айына дейін көрсеткіш 100-ге жетеді», – дейді мамандар. Ал биыл шараға қатысу туралы ресми құжатқа тағы 18 мемлекет қосылады деп күтілуде. Висенте Лоссерталес, Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы: - «Астана ЭКСПО-2017»…

1
0
222

Алматы кәсіпорындары мен ЭКСПО бас мердігері меморандумға қол қойды

Published 14.10.2015 egemen.kz Алматыда Тұңғыш Президент қорында Алматы әкімдігі мен «ЭКСПО-2017» бас мердігері құны 10 млрд. теңге болатын өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Аталған келісімге сәйкес енді Алматы қаласының кәсіпорындары Астанада өтетін аса маңызды халықаралық жобаға қатысып, «ЭКСПО-2017» жобасын ұйымдастыру ғана емес, құрылыс жұмыстары мен пайдалану кезеңінде де өз өнімдерін жеткізу жөнінде ұзақ мерзімді келісімге келе алатын болды. «Бүгінгі форумға «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы атынан төраға Ахметжан Есімовтің келіп жатқанына қуаныштымыз. Ахметжан Смағұлұлы – қаладағы көптеген маңызды жобалардың негізін қалаған адам. Көрмеге 40-тан астам компания қатысты. Мен олардың өнімдері өте сапалы деп ойлаймын. Алматылық кәсіпорынд…

1
0
297

Сәби болғым келеді

Мұқағали - менің сүйікті ақыным. Оның өлеңдері мен үшін әрқашан да жанға жақын, жүрекке жылы болып келеді. Қай өлеңі болса да, құрғақ сөзден құралса да, құнарлы мәнімен ерекшеленеді.

Шексіз ойлар маза берер ме, шіркін, миға ?! Кенеттен Мұқағалидың "Сәби болғым келеді" өлеңі есіме түсіп, артынан менің ой-өзегім жалғасын тапты.

 

Сәби болғым келеді, сәби болғым

Көздерінен пәктік қана көрінген.

Сәби болғым келеді, сәби болғым

Сөздерінен ақтық қана сезілген.

 

Сәби болғым келеді көрмеген еш қиындық,

Сәби болғым келеді білмеген еш зұлымдық.

Өсіп өндік, ер жеттік,

Қуандық, күлдік, сүріндік.

Сәбилі болу тек қана ендігі мақсат бүгіндік.   

4
0
1488

2015 жылдың 12 қазандағы жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат

2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 491 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде 417 объекті жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 12 қазандағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 388 объекті шығарылды, оның ішінде 212 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 10, коммуналдық меншік бойынша - 96, ӘКК - 59, холдингтер бойынша - 47. Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 2 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 436 млн. теңгеден астам, Холдингтер 61 703 млн теңге, ӘКК 2 923 млн. теңге. Республикалық меншік бойынша Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 21 объекті жоспарланған. Ағымдағы…

0
0
394