Атырау облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері Ұлт жоспарын қолдайды.
2015 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) өкілдері Облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлерімен ашық кездесу өткізді.
Шара барысында Департамент қызметкерлері қатысушылар назарына жаңа қабылданған ҚР Қылмыстық Кодексі мен Қылмыстық-процестік Кодексін түсіндірді.
Сонымен қатар, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі ережелері, оның ішінде алдағы уақытта мемлекет қандай болуы тиіс жөнінде сөз қозғалды.
Қатысушылар сыбайлас жемқорлық қылмысымен күресуде өздерінің ұсыныстарын айтып өтті.
Ашық кездесу өткізілуінің басты мүддесі халықты сауаттандыру арқылы азаматтың сыбайлас жемқорлық қылмысына мүлдем төзбеушілік ахуалын арттыру мақсатында осы қылмысты жою болып табылады.
