Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақтың “қарапайым” құдалығы...

Менің бүгінгі қозғайын деп отырған тақырыбым нонсенс емес ,керісінше, күннен-күнге  қызықты “жазылмаған зандарға ” толығып , таңғалдырып келеді жұртты. Біз  қазақ тойшыл қауымбыз. Лайым солай болсын. Қазақтың тойы бітпесін.  Дегенімен, кейде құдалықты саудаға, арзан көңіл көтеруге айналдырып жіберетіндер де кездеседі қазір.

Бір-біріне  “сүйем-күйем” деп жүрген жастардың өмірі бір сәтте –ақ өзгеріп шыға келеді. Неге дейсіз бе?! Кездесіп жүріп ,отбасын құрамыз деген жігіттер мен қыздарымыздың көбісі осы бір “шаңырақ құрамыз ” деген тіркестің астарында қаншама еңбек жатқаны жайлы ойлай қоймайды. Еңбек деп отырғаным – шығын.  Жастар үйлену мәселесін біржола  кесіп-пішіп қойғаннан кейін ғана ата-анасына айтады. Ұлдың әке-шешесі аяқ астынан әбігерге түсіп, қыздың ата-анасының алдынан өтуге дайындалады. Тіпті  екі жақ  кафе-мейрамханада кездесіп, «Сен бізге осынша алтын, осынша ақша, осынша киіт әкелесің» деп қып-қызыл сауданың көрінісін қыздырып отыратынымыз өтірік емес.

Сөйтіп, бір-бірін ешқашан көрмеген,танымаған екі ел танысып,табысып, туыс болады. Екі жастың арқасында әрине.  «Құда мың жылдық» деп жатады құдасын құдайдай сыйлаған қазағым. Сол себепті болар, бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарайды.  Жата жастанса да баласына той жасап бермей, көңілі орнына түспейтін халық – қазақ. Құдасын төбесіне көтеріп, асын аузына тосып, барын кигізіп жіберетін де – қазақ. Бұның барлығы керемет арине. Бірақ осы соңғы уақыттағы той жасауды бәсекеге айналдыру , ұлттық көзқарасқа сәйкестігі жоқ өзіміз шығарып алған  “зандар” бізге қажет пе?!

Шашылып, ел болып шабылып үйлендірген жастарымыз уақыт өте келе «көңіліміз жараспады» дегенді айтуды да қалыпқа айналдырды.  Үлкендердің жас келінге «барған жеріне тастай батып, судай сін» дейтіні де осыдан болар. Айтады әрине. Айтады да қояды. Бірақ, қайтіп келген қызды “ішіме сыйған балам,сыртыма да сыйады ” деп жұбататындар да көп.

Қазіргі қазақтың “қарапайым ” құдалығы :бағалы бұйымдар, киіт, дорба,  қымбат арақ-шарап.  Келген құдаларды сылқитып ашшы суға тойғыздыру,билету - қарсы алушы жақтың басты міндеті. Ия, қазіргі құдалықтың  сәні – би мен арақ.Бір сөзбен айтқанда , үлкен шығын. Ал егер қарапайым отбасыдан шыққан жігіт байдың қызымен көңілі жарасса ше? Жастар өз арасында келіссе де, үлкендер жағы ондайды түсінбейді. Өйткені ,

“ұят болады ”,“ жұрт не айтады” деген тағы бар.

«Заманына қарай талабы» дейді. Рас, қазіргі құдалық та заманына қарай өзгерді, бірақ ең бастысы — екі бала бас қосып,  ел қатарлы отау құрып кетсе деген ниет түзу болсын.

Жупар КАРИМОВА

 
1
0
762

«Мамандықты таңдау-болашаққа жол ашу» атты тақырыбындағы іс-шара

2015 жылдың 17қараша күні Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылыған мектеп-лицейіинтернатының 11-сынып оқушыларымен өткен «Мамандықты таңдау-болашаққа жол ашу» атты тақырыбындағы               іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің консультанты М.Кабдоллин қатысты.

Іс-шарада М.Кабдоллин жалпы мемлекеттік қызметке орналасу процессі және «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспардың «кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бойынша жүзеге асырылатын жаңа реформалартуралы айтып өтті.

Іс-шараға қатысушылар тарапынанжалпы мемлекеттік қызметке орналасу процессі жәнемемлектеттік қызметтегі жаңа реформаларжөнінде сұрақтарқойылып, олардың барлығына қажетті жауаптар берілді.

0
0
508

Сенат мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасын қабылдады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңын қабылдады. Құжат туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндады.

«Заң жобасы бойынша конкурстық құжаттамаларды алдын ала талқылау институты енгізіледі.  Бұл норма өтінім берушілерге техникалық талаптармен алдын ала танысуға және олар бойынша ескертулер болған жағдайда оларды жою туралы өтініш беруге мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, конкурстан тыс рәсімдерге қойылатын талаптар көтеріледі. Ал шарттар жасасудың, тауарларды беру туралы электрондық жүк құжаттарының, орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсету актілерінің және электрондық шот-фактуралардың тек қана электрондық форматы енгізіледі», - деді министр.

Құжат сатып алулар ережесін жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуды қарастырады.

Негізгі заңмен қоса «ҚР-ның  мемлекеттік сатып алулар туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

Сондай-ақ, Сенат сот жүйесін жаңғырту туралы заңды Мәжіліске кері қайтарды

Сенат сот жүйесін жаңғырту туралы заңды Мәжіліске кері қайтарды. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жоғары Сот Кеңесі, сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

Заң жобасында судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарды қатаңдатуға бағытталған нормалар қамтылған.

Заң жобасы Елбасы айқындаған бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын атқару мақсатында әзірленген.

«Судьяның отставкаға шығауы үшін судьялық жұмыс өтілі он бес жылдан жиырма жылға ұлғайтылады. Сонымен қатар, Жоғарғы сот жанында Сот төрелігі академиясының жұмыс істеуі және Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриінің жаңа құрылымын құру көзделеді», - дейді Жоғарғы сот судьясы Ақылтай Қасымов.

Бұдан бөлек, заң жобасымен судьяның кәсіби қызметін бағалау белгіленеді. Мәселен, алғаш рет ол судья лауазымындағы бір жылдың нәтижелері бойынша, ал кейіннен әр бес жыл сайын жүргізіледі. Бұл ретте жиырма және одан да көп жыл судьялық өтілі бар судьялардың кәсіби қызметін мерзімді бағалаудан босатылады.

Заң жобасына талқылау барысында сенаторлар тарапынан бірқатар өзгерістер енгізу қажеттігі туындаған. Атап айтқанда, жоғарғы палата депутаттары судьялыққа кандидаттың жұмыс өтіліне қойылатын талаптарды түзетуді ұсынып отыр.

Сонымен қатар, сенаторлар Жоғарғы Соттың Төрағасы лауазымына кандидаттар үшін міндетті судьялық жұмыс өтілі туралы талаптарды алып тастау қажет деп санаған.

Ақпарат көзі

 
0
0
471

Қазақстанда «Балаға мейірімді қала» бастамасы бастау алады

2015 жылғы 20 қарашада Астана қаласында «Балаға мейірімді қала» бастамасын жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдар кеңесінің кеңейтілген бірлескен отырысы өтеді.

ҚР БҒМ хабарлағандай, кеңейтілген бірлескен отырыс ең үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленген балаға мейірімді қалаларды мойындаудың ұлттық жүйесіне бастама болып табылады.

Қазақстанда «Балаларға мейірімді қала» халықаралық бастамасы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті облыстар мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия мен Қазақстандағы Біріккен ұлттар ұйымы (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жанында бастаманы іске асыру бойынша министрліктердің, Үкіметтік емес ұйымдардың және Біріккен ұлттар ұйымы (ЮНИСЕФ) Балалар қоры өкілдігінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Кеңейтілген отырыстың қатысушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Мәдениет және спорт, Ұлттық экономика, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері, облыстардың және қалалардың әкімдер орынбасарлары, БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қорының, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Астана қаласының ұйымдары мен органдарының, БАҚ өкілдері (150 адам).

Кеңейтілген отырыстың пленарлық бөлімі барысында бастаманы іске асыруға қосылған қалалардың жұмысы нәтижесін талдау, балалар жағдайындағы жетістіктерді растаған Қазақстанның қалаларына  «Балаларға мейірімді қала» атағы мен дипломдарды салтанатты түрде табыстау болады. Секция отырысы барысында Қазақстанда «Балаларға мейірімді қала» бастамасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылау, қалалардың өкілдерін қазақстандық индекстерді есептеу рәсімімен таныстыру, Женева қаласындағы Қазақстан Республикасында балалардың жағдайы туралы мерзімдік баяндаманы қорғаудың қорытындысын талдау, сонымен қатар адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру мәселелерін және 2016 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеуді талқылау жоспарланды.

Ақпарат көзі

 
0
0
1148

А. Цой: Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге төмендеді

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой Астана қаласында өткен «Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау» атты аймақтық кездесуде мәлімдеді.

«Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың туберкулезбен сырқаттануын төмендетуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Елімізде аталған аурумен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге, оның салдарынан туындайтын өлім-жітім 2,6 есеге төмендеді», - деп атап айтты ол.

Вице-министр әртүрлі сараптамалық бағалаулар бойынша Қазақстан жыл сайын 300-500 мыңнан 1 млн-ға дейін еңбек мигранттарын қабылдайтынын, олардың 15%-ы жұқпалы аурулармен, оның ішінде туберкулез және АҚТҚ-мен ауыратынын мәлімдеді. Отандарына ауруы анықталған 10 адамның көп дегенде біреуі ғана қайтарылады. Өзге мигранттар еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне өз ауыртпашылығын жүктеп отыр. Шамамен мигранттар ағынының үштен бір бөлігі 2 ірі қаланың еншісінде: Алматы және Астана.

Республикада туберкулезбен сырқаттанған мигранттарға туберкулезге қарсы көмек шаралары ДДСҰ Еуропалық Аймағындағы (2012 ж. Вольфхезедегі бәтуаластық мәлімдемесі) туберкулезді трансшекаралық бақылау мен емдеудің ең төменгі пакетіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл – мигранттар арасындағы туберкулез бен көптеген әрі кең көлемді дәрілерге тұрақтылығы бар туберкулезді диагностикалаудың сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады. Шаралар ЖҚТБ, туберкулез, безгек ауруларымен күрес бойынша Жаһандық қор грантының шеңберінде денсаулық сақтау саласында білім беру және қайырымдылық шараларын өткізумен айналысатын халықаралық үкіметтік емес «Project HOPE» (Проект ХОУП) гуманитарлық ұйымымен бірлесе отырып жүргізіледі.

Қазақстанда 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрес бойынша кешендік жоспар жүзеге асырылуда. Аталған жоспарға мигранттар арасында туберкулезді емдеу мен алдын алу бойынша қызметтерді жетілдіру, жоғарғы деңгейде кездесулерді ұйымдастыру арқылы аймақтық диалогқа бастамашылық ету шаралары кіреді. ХОУП Жобасының ДДСҰ, көші-қон халықаралық ұйымы, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары Халықаралық федерациясымен бірлесе отырып өткізілетін бағдарлама еліміздің еңбек мигранттары көп қоныстанған 7 аймағында жүзеге асырылады.

Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің жетекші мамандары, денсаулық сақтау және көші-қон мәселелерімен айналысатын министрлік пен ведомстволардың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай-ДДСҰ), көші-қон және ұлттық туберкулезге қарсы орталықтарының, сонымен қатар, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Кездесу аясында екі күннің ішінде жұмыс топтарында және пленарлық отырыстарда жуық арадағы 12 айға жұмыс құралы болатын Әрекеттер жоспары (Жол картасы) талқыланатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда «Project HOPE» өзінің туберкулезбен күрес бағдарламасын 1993 жылдан бастаған болатын. Сол уақыттан бері туберкулезді бақылау бойынша әртүрлі жобаларды енгізуге қатысып келеді.

Ақпарат көзі

 
0
0
510

Қашықтықтан басқарылатын көліктер

Қашықтықтан басқарылатын ойыншықтар, ұшақтар (дрондар), жер серіктері бар. Ендеше қашықтықтан басқарылатын көліктерді неге жасамасқа? Оның технологиясы бүгінгі күннің ғылыми мүмкіндігімен салыстырғанда соншалықты керемет дей алмаймыз. Ғарыш аппараты Күн жүйесінен асып жатқанда, көлікті алыстан басқаруға таңғалатын не бар деп ойлауыңыз мүмкін. Дегенмен, кейде қарапайым нәрселердің өзі адам өмірін біршама деңгейде жеңілдетіп тастайтыны бар.

Назарларыңызға қашықтықтан басқарылатын 5 автокөлікті ұсынамыз.

 
0
0
530

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының аккредиттеуден өткені туралы баспасөз ақпараты

Алғаш рет еліміздің құқық қорғау жүйесінің ғылыми-білім беру мекемелері арасында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы сәйкес куәлік ала отырып ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде Білім және ғылым министрлігінің кешенді аккредиттеуінен өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuratura-zhanyndagy-kukyk-korgau-organdary-akademiyasynyn-akkreditteuden

0
0
421

«Жасыл ел» жасақтары еңбек маусымын аяқтады

Астанада «Жасыл ел» жасақтарының еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті.

Бейбітшілік және келісім сарайында биыл атқарылған жұмыс барысы қорытындыланып, арнайы мерекелік концерт болды. Елбасы бастамасымен 10 жыл бұрын қолға алынған жоба бүгінде оң нәтиже көрсетуде. Осы уақытқа дейін 230 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ 150 мың гектар жер абаттандырылып, 48 млн-дан астам көшет отырғызылды. Мерекелік шара барысында елді мекендерді көріктендіруге айтарлықтай үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Рахат Хамидуллин, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабының жетекшісі:

- Алдымыздағы жоспар – ЭКСПО-2017 жұмыстарына, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша құрылысқа, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолының бойында жасыл желектің бой көтеруіне жастарды тарту.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11785

 
1
0
455

«ЭКСПО-2017» барысында БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен G-Global аясында 3 форум өткізуге болады – С.Нөгербек

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі барысында БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен G-Global аясында 3 форум өткізуге болады.

Мұндай ұсынысты  бүгін «Жасыл көпір: Алдыңғы қатарлы практив және инновациялар үшін серіктестік тұрғынамасы» атты халықаралық конференция барысында G-Global халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков жасады.

«Біз «ЭКСПО-2017» аясында үш халықаралық форум өткізу бастамасын көтеріп отырмыз. Олардың күн тәртібі – СО2 шығарындыларын төмендету, энергия тиімділігін арттыру және барлық үшін қолжетімді энергия», – деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бұл халықаралық шараларды БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен өткізу қажет.

«Бүгінгі күні G-Global халықаралық хатшылығы, жасыл экономика коалициясы және G-Global барлығы үшін тұрақты даму бастамаларын ілгерілетуге жауапты болып табылатын Юнкелль мырзаның кеңсесімен келіссөздер жүргізуде», – деді С.Нөгербеков.

Сонымен қатар ол ЭКСПО-2017 алаңында барлығы үшін тұрақты энергия бастамасының жүзеге асырылуының 3 жылдық қорытындысына арналған конференция өткіге болатындығын да алға тартты. «Бұл алаңда аталған бағытта ерекшеленген 10 мемлекет пен 10 ірі компанияны марапаттауға да болар еді», – деп қосты ол.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11823

 
1
0
419

Қазақстан Парижде климат мәселесі бойынша БҰҰ конференциясына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан тарапы Парижде климаттық өзгерістерге арналған БҰҰ конференциясана қатысады. Бұл туралы бүгін «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты xалықаралық конференцияда Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен мәлім етті.

«Біз сіздерді осы конференцияның ашылуына жоғары саяси деңгейде қатысуға шақырамыз. Жақында Парижде Қазақстан тарапынан Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қатысатындығын естідік және біз осы бағыттағы жұмыстар үшін Қазақстанға алғыс айтамыз», – деді елші.

Айта кетейік, климаттық өзгерістерге арналған COP21 конференциясы Францияда биылғы 30 қарашадан 11 желтоқсан аралығында өтеді деп күтілуде. Бұл – климаттық өзгерістер бойынша БҰҰ Конвенциясы аясында өткізіліп отырған 21-ші конференция.

Халықаралық саммит Ле Бурже атты Париждің көрме көшенінде ұйымдастырылмақ.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11833

 
1
0
421