Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мамандықты таңдау-болашаққа жол ашу» атты тақырыбындағы іс-шара

2015 жылдың 17қараша күні Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылыған мектеп-лицейіинтернатының 11-сынып оқушыларымен өткен «Мамандықты таңдау-болашаққа жол ашу» атты тақырыбындағы               іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің консультанты М.Кабдоллин қатысты.

Іс-шарада М.Кабдоллин жалпы мемлекеттік қызметке орналасу процессі және «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспардың «кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бойынша жүзеге асырылатын жаңа реформалартуралы айтып өтті.

Іс-шараға қатысушылар тарапынанжалпы мемлекеттік қызметке орналасу процессі жәнемемлектеттік қызметтегі жаңа реформаларжөнінде сұрақтарқойылып, олардың барлығына қажетті жауаптар берілді.

0
0
471

Осы тақырып бойынша

«Мамандықты таңдау-болашаққа жол ашу» атты тақырыбындағы іс-шара - Yvision.kz