Жаңаөзен қаласында гимназия орта мектебінің оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндірілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жаңаөзен аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29 қазанында Жаңаөзен қалалық № 5 Гимназия Орта мектебінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өткізілді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Елдос Таушанов ұстаздар мен оқушыларға іс-шараның мақсаты, Бөлім қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті және «Сыбайлас жемқорлық әлеуме…
