Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Парижде климат мәселесі бойынша БҰҰ конференциясына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан тарапы Парижде климаттық өзгерістерге арналған БҰҰ конференциясана қатысады. Бұл туралы бүгін «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты xалықаралық конференцияда Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен мәлім етті.

«Біз сіздерді осы конференцияның ашылуына жоғары саяси деңгейде қатысуға шақырамыз. Жақында Парижде Қазақстан тарапынан Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қатысатындығын естідік және біз осы бағыттағы жұмыстар үшін Қазақстанға алғыс айтамыз», – деді елші.

Айта кетейік, климаттық өзгерістерге арналған COP21 конференциясы Францияда биылғы 30 қарашадан 11 желтоқсан аралығында өтеді деп күтілуде. Бұл – климаттық өзгерістер бойынша БҰҰ Конвенциясы аясында өткізіліп отырған 21-ші конференция.

Халықаралық саммит Ле Бурже атты Париждің көрме көшенінде ұйымдастырылмақ.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11833

 
1
0
362

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Парижде климат мәселесі бойынша БҰҰ конференциясына қатысады - Yvision.kz