Жасыл экономика. Қоқыстан қалай құтыламыз?
http://gbpp.org/kz/2015/11/11922
http://gbpp.org/kz/2015/11/11922
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының xаттамасына 14 мемлекет пен 6 ұйым қол қойды. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.
«2010 жылы III Астаналық экономикалық форумында Қазақстан Президентінің ұсынған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы әлемдік қауымдастықтың, іскерлік ортаның, БҰҰ-ның «Рио+20» саммитінде қолдау тауып отыр. «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы ЭКСПО-2017 көрмесінде климаттық келісімдерге қол жеткізуге үлкен серпін бере алады», – деп атап өтті министр Астанада өтіп жатқан «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты xалықаралық конференцияда.
«Бағдарлама идеялары ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу дайындығының бағдарламасына енгізілген. Олардың ішінде жасыл теxнологияларды, ноу-xау, инновацияларды трансферттеу, онлайн көрмелерді өткізу сынды шаралар қамтылып отыр», – дейді ол.
«Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты xалықаралық конференция ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global жобасын дамыту коалициясы», Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Қазақстанның еріктілер альянсы ұйымдастырып отыр.
Оның жұмысына Армения, Грузия, Беларус, Ресей, Германия, Финляндия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Эстония елдерінің өкілетті министрліктері мен ҮЕҰ басшылары қатысуда.
Конференция бағдарламасы xалықаралық деңгейде жасыл экономикаға өту, алдыңғы қатарлы жасыл теxнологиялар мен жобаларды тарату, жасыл бизнесті дамыту, институционалды және теxникалық инновацияларды қолдау тақырыптарына арналған.
http://gbpp.org/kz/2015/11/11881
АСТАНА. ҚазАқпарат – G-Global тұғырнамасында жылсайын жасыл бастамаларды ілгерілету байқауын өткізу қажет. Бұл туралы бүгін «Жасыл көпір: Алдыңғы қатарлы практив және инновациялар үшін серіктестік тұрғынамасы» атты халықаралық конференция барысында G-Global халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков айтты.
«G-Global халықаралық хатшылығы «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын, «ЭКСПО-2017»-ні, БҰҰ-ның «Барлығы үшін тұрақты энергетика» бастамасын ілгерілету аясында біздің тұғырнамада жасыл бастамаларды, жасыл жобаларды, сонымен қатар институттық, ақпараттық және білім беру бағдарламаларын ілгерілету үшін жылсайынғы байқау өткізуді ұсынады», – деді ол.
Сонымен қатар, ол «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық аясында G-Global халықаралық хатшылығы өзінің серіктестерімен бірлесіп, «ЭКСПО-2017» республикалық онлайн конференциясын өткізгенін атап өтті.
«Байқау жарияланғанға дейін орыс және ағылшын тілдерінде 600-ден астам жоба келіп түсті. Біздің сарапшыларымыз олардың ішінен үздік 50 жобаны іріктеп алды. Ал оның 5-еуі қазіргі уақытта коммерциализациялану кезеңінде», – деді С.Нөгербеков.
http://gbpp.org/kz/2015/11/11872
Бүгінде Қазақстан полигондарында 100 млн тоннадан астам қоқыс жиналған.
Бұған мегаполистердегі халық санының артуы мен қаптамасы бар тауарлар түрінің көбеюі әсер етіп отыр. Бұдан шығудың басты жолы – қоқыстарды қайта өңдеу. Мамандардың сөзіне сенсек полигонға тасталатын қоқыс мөлшері қалдықтарды қайта өңдеу секторының дамуы есебінен азаюы тиіс. Елімізде бұл бағытта қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?
http://gbpp.org/kz/2015/11/11869

18 ноября т.г. состоялось заседание конкурсной комиссии по изучению эссе областного конкурса «Менің елім, менің Елбасым!», посвященного Дню Первого Президента Республики Казахстан.
Всего было подано 21 заявка, изучив эссе кандидатов к участию во втором туре допущены:
Список допущенных во 2 тур
1 Шекенова Назерке Ербулановна Департамент казначейства по СКО, главный специалист административного отдела
2 Токтамысов Жомарт Мажитович ГУ «Отдел культуры и развития языков Тимирязевского района», главный специалист по развитию языков
3 Бактыбаева Зульхия Базарбаевна Акжарский районный суд СКО, ведущий специалист
4 Байканова Асель Сериковна Департамент экологии по СКО, главный специалист отдела экологического контроля
5 Оразалина Тахмина Досжановна РГУ «Департамент комитета технического регулирования и метрологии МИР РК по СКО», ведущий специалист
6 Оверченко Виктория Сергеевна Прокуратура СКО, ведущий специалист Аппарата прокуратуры СКО
7 Темербекова Бибигуль Алтаевна ГУ «Отдел культуры и развития языков Мамлютского района СКО», главный специалист по развитию языков
8 Мамбетов Ерлан Жасуланович Управление координации занятости и социальных программ СКО, главный специалист отдела социальных нормативов и социальной помощи
9 Донадзе Нино Бичиковна Прокуратура СКО, ведущий специалист первого уровня прокуратуры района М.Жумабаева
10 Мамилина Бахытжан Асылбековна ГУ «Отдел внутренней политики Уалихановского района СКО», главный специалист по внутренней политике
11 Жумажанова Айгерим Омарбайкызы ГУ «Управление государственного архитектурно – строительного контроля и лицензирования СКО», главный специалист по кадровым вопросам (служба управления персоналом)
12 Хасенов Асхат Токсанович ГУ «Ревизионная комиссия по СКО», главный специалист главный контролер – ревизор отдела по контролю за расходами местного бюджета
13 Казбеков Бейбут Орманович Департамент юстиции СКО, руководитель отдела по правам интеллектуальной собственности
14 Каптаева Жанар Александровна Департамент юстиции СКО, главный специалист отдела организационно – аналитической работы
15 Токбаева Назым Сериковна ГУ «Отдел занятости и социальных программ Тимирязевского района», заведующая сектором по вопросам занятости

Проведение второго тура планируется 27 ноября т.г. в 10-00 ч. в малом зале областного маслихата (4 этаж) по адресу: г.Петропавловск ул.Конституции Казахстана 38 и включает:
1. Презентация (видеоролик) на тему «Если бы я был Президентом». Личная презентация участника конкурса в творческой форме с применением информационных технологий. Выступление должно длиться не более 5 минут.
2. Интеллектуальный тур – Тестирование на знание биографии Первого Президента РК. Участники конкурса отвечают на вопросы в письменном виде, количество вопросов – 20.
3. Устный тур на тему «Исторические личности Казахстана». Участники должны рассказать об исторической личности, ее роли в истории Казахстана. Продолжительность выступления не более 5 минут. Личность для темы выступления определяется случайным образом перед началом финального этапа.
Телефон для справок 8(7152) 31-80-73, 8(7152) 50-18-20, 8(7152) 50-18-21.


http://gbpp.org/kz/2015/11/11846
«Нұрлы жол» экономиканы дамытудың пәрменді құралы болып табылады, деді Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Наудужас Strategy2050.kz. АА берген эксклюзивті сұхбатында.

- Бүгінде жаһандық әлем экономиканың даму қарқынында кезекті құбылулар кезеңіне тап келіп отыр. Түрлі елдер шынайы өмірге бейімделудің жаңа тәсілдерін іздестіруде. Осы тұрғыда сіз Қазақстан қабылдап отырған шараларға қандай баға бересіз?
- Әрине, әлемдегі экономикалық көрініс көңіл көншітерліктей емес. Бұл саяси жағдайға да қатысты. Терроризммен күрес. Париждегі лаңкестік шабуылдарды еске түсірсек жеткілікті. Әрине болашақта экономикада жарқын сәттер болады. Дегенмен, қазір көптеген елдер қиындықтарға тап келіп отыр. Неге? Себебі қазір экологияға кері әсер етіп отырған тиімсіз энергетикадан тиімді энергетикаға көшу жүруде. Бұл өте маңызды мәселе, себебі энергетика барлық әлеуметтік-экономикалық дамудың моторы болып табылады. Егер энергетиканы алып тастасақ, онда экономикада аяқ киім өндірісі мен тоқаш пісіру ғана қалады. Әрине мен асыра сілтеп отырмын. Қазір сол энергетикада бірнеше маңызды бағыттар пайда болды. Бұл ең алдымен энергияны үнемдеу, энергияның қайта жаңғыртылатын түрлері, энерго тиімділік, тақта тасты энергетика. Қазақстанның керемет бастамаларының бірі - EXPO-2017 көрмесін өткізу, оның басты тақырыбы да Болашақ энергиясы болмақ. Яғни сіздің ел энергетика саласында ғылыми-техникалық прогреске бет бұрып жатыр. Бұл өте дұрыс, өте керемет! Екінші аспект транспорт. Энергетикасыз транспорт жоқ. Бұл екеуі егіз ұғымдар. Және мұнда Нұрсұлтан Назарбаев көптеген маңызды бастамаларды алға тартып отыр.
- Сіз, мүмкін, біздің «Нұрлы жол» бағдарламамыз туралы білетін шығарсыз. Сіз оған қалай қарайсыз?
- Иә, әрине. Ең алдымен айтарым, «Нұрлы жол» бағдарламасында алдағы уақытқа басым бағыттар нақты айқындалып көрсетілген. Онда қазір не істеу керегі нақты айтылған. «Нұрлы жол» - бұл экономиканың кез келген «ауруына» байланысты керемет мәзір. Аталмыш бағдарлама Қазақстанды әлемдік экономикадағы дағдарыстан қорғайды, тек энергетикада емес, басқа да салаларда. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қаржының 40%-ы көлік саласындағы міндеттерді шешуге бағытталған. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы да қуантарлық. Бұл ретте Қазақстан көбін жүзеге асырып, қаржыландырды. Темір жол саласында да Қазақстан көптеген жетістіктерге жетуде. Көбінде осындай жобаларға салынып жатқан ақша қайтарыла ма деген сұрақ туындайды. Мен «иә» деп жауап беремін. Барлық шығындар өтеледі. Логистикалық орталықтар да ойдағыдай жұмыс жасайды. Және бұл салада біздің кірістеріміз біреше есе өседі, ол кез келген ауропалық елдің кірісінен жоғары болады. Сонымен қатар, сізде Азияның ірі құрылысы жүріп жатыр. Ол EXPO-2017.
- Яғни сіздің ойыңызша, транспорттық жобаларды жүзеге асыру біздің экономикамыздың дамуына елеулі серпін бола ма?
- Әлбетте. Қазақстанның жер ауқымы өте үлкен. Бұл әлемдегі тоғызыншы аумақ! Транспорттық логистиканы дамыту арқылы тауарлардың бағасын арзандатуға болады. Бағаға әсер ететін екінші маңызды фактор энергетика. Осы салада энергияны үнемдеу және басқа да шаралар арқылы тауарлар бағасын төмендетуге болады. Одан адамдардың жалақысы төмендемейді. Мәселен, АҚШ-та, Еуропада жалақылар өте жоғары. Олар тауардың ақырғы құнының 5-7% ғана құрайды. Сондықтан басты назар дайын тауарлар бағасының тарнспорттық және энергетикалық құрамдастарына аударылуы керек. Бұл дұрыс басымдықтар. Оған қоса реформаларды жүзеге асыру жолдары да көрсетілген. Мен «100 қадам» туралы айтып отырмын. Әсіресе, заманауи білім беруді дамыту да маңызды. Сіздер ол туралы айтып қана қоймай, жүзеге асырып жатырсыздар. Мені Назарбаев Университеті де таң қалдырды. Бұл алға деген үлкен қадам. Оның үстіне сіздер өз елдеріңізде ғана емес, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде мамандар дайындауды жалғастырудасыздар. Бұл де өте дұрыс. Себебі осы жобалардың барлығын жүзеге асыру үшін мамандар дайындау өте маңызды. Жалпы менің ойымша, Қазақстан өзінің тұрақты дамуын жалғастырып отыр. Бұл өте маңызды. Мен сіздің баспасөзді мұқият шолып отырмын, белгілі бір тұжырымдар жасаймын. Қазақстан дағдарыстан сенімді түрде сақталған деп ойлаймын. Атап айтсақ, «Нұрлы жол» бағдарламасының қабылдануының арқасында.
- Сұхбатыңызға рахмет.
Данияр Қасымов
Парламент қысқа мерзім ішінде қоғамдық қатынастар жүйесін кешенді жаңғырту шараларын қамтитын, Елбасы жариялаған Ұлт жоспарын іске асыруға қажетті заңдар бойынша тиісті шешімдер қабылдады,деді Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның жалпы отырысында.
«Мемлекет басшысы бұл заңдардың бірқатарына, соның ішінде, тұңғыш рет жария түрде жаңа Азаматтық процестік кодекске қол қойды. Президент құқық саласына түбегейлі өзгерістер әкелетін бұл кодекстің маңызы зор екеніне айрықша назар аударды», - деді Қ.Тоқаев.
Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне арналған, уақыт талабына сай келетін жаңа Кәсіпкерлік кодексі және халықаралық стандарттарға негізделген еңбек қатынастарын реттейтін Еңбек кодексі қабылданды.
Бұдан басқа қабылданған маңызды заңдар еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға тың серпін береді деп санаймын.
Сенаторлар Елбасы жүктеген жауапты міндетті орындауда қауырт жұмыстың салмағын терең сезініп, заң жобаларын талқылау барысында жоғары кәсіби шеберлік танытқанын ерекше атап өткім келеді.
Кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы депутаттардың барлығына алғыс айтты.
Заң шығару үдерісінде Сенат пен Мәжіліс Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссиямен және Үкіметпен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, бірлесе тиімді еңбек етті.
Палата қабырғасында өткен қызу пікір алмасулар мен жүргізілген арнайы жұмыстардың нәтижесінде депутаттардың ұсыныстары бойынша Ұлт жоспарынан туындаған көптеген маңызды заң жобаларына нақты түзетулер енгізіліп, олардың сапасы арта түсті.
Өздеріңізге мәлім, Ұлт жоспарын іске асыруға арналған заңдардың басым көпшілігі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Сондықтан, алдағы кезеңде баршамыз осы заңдардың мәні мен маңыздылығын қоғам назарына кеңінен жеткізуге атсалысуымыз керек. Заңдар, ең алдымен, қалың көпшілікке түсінікті, қолданыста ыңғайлы болуы тиіс. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар жаңа заң нормаларын мүлтіксіз іске асыруды және тиісті заңға тәуелді актілерді әзірлеуді жедел қолға алуы қажет», - деді ол.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрлеуін тың белестерге бастайтын Президенттік реформаны табысты іске асыру үшін біз күш-жігерімізді аямай жұмсайтын боламыз деп мен кәміл сенемін.
«Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелеріне ел дамуы үшін аса маңызды заңдарды қабылдауда бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғысымды білдіремін», - деді Сенат төрағасы.
Қазір біз мемлекеттік -жеке әріптестік саласымен тығыз байланыста жұмыс жасап жатырмыз. Бұл тетік жеке сектор мемлекеттің ақпараттық жейесіне инвестициялай алатындай тиімді болады деп үміттенеміз, деді «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ басқармасының басшысы Бикеш Құрманғалиева Strategy2050.kz. АА берген эксклюзивті сұхбатында.
- Бикеш Қайдарқызы, бұған дейін Сіз, жаңаша бетбұрыстарды анықтайтын «Ақпараттандыру туралы» Заң жобасы қазір ҚР президентінің қол қоюында жатқанын айтқан болатынсыз. Соған толығырақ тоқталсаңыз.
- Мамандардың көбі біз ақпараттық жүйелерге деген талаптарды толық, кешенді түрде талқылағанда ғана IT - инфрақұрылымының тиімділігіне қол жеткізуге болатынын түсінеді. Бұл талаптар қандай да бір мекеменің қызметімен байланысты. Бұл ретте біз мембасқарудың барлық жүйесі туралы айтып отырмыз. «Ақпараттандыру туралы» заң - ақпараттандырумен байланысты барлық қарым-қатынасты реттейтін негізгі құжат. Онда ақпараттық коммуникациялық саланың барлық түсінік аппараты енгізіледі, қарым-қатынастар, негізгі ойыншылар, тараптардың жауапкершілігі анықталады.
- «Ақпараттандыру туралы» заң корпоративтік сайттарды қалай дұрыс әзірлеу керектігін анықтай ма?
- Мемлекеттік органдар арасындағы біріктірілген сервистік моделі туралы айтқанда, әңгіме тек корпоративтік сайттарды қалай дамыту турасында ғана емес, әңгіме мемлекеттік басқарудың барлық жүйесінің буындарының бірі ретінде меморгандарды кешенді автоманттандыру турасында.
Бізде бір ғана меморган қатысатын электронды форматта көрсетілетін қызметтер қалған жоқ. Ең аз дегенде қандай да бір ведомство ҚР Әділет министрлігімен, ҚР ұлттық экономика министрлігімен байланысты. Егер біз заңды тұлғалар туралы айтсақ, онда оның қызметі Әділет министрлігімен, Ұлттық экономика министрлігімен, ҚР салық жүйесімен байланысты.
- Соңғы жылдары елде инновациялық технологияларды дамытуға баса назар аударылуда. Мәселен, Астанада TechConnect.Tech. форумы өтті. Бүгінде көптеген сарапшылар атап өткендей, болашақ инновациялық технологияларда. Осы туралы сіз не ойлайсыз?
- IT - сектор шығындар орталығынан инновациялар технологиясына айналуда. Бүгінде бұл секторға үлкен үміт артылуда. Инновациялар туралы сөз қозғағанда біз ең алдымен тиімді IT - өнімдер, жүйелер туралы айтамыз. Сұраныс артуда, және қазір тек электронды үкіметпен ғана емес, экономиканы цифрландырумен айналысу үшін де жұмыс жүріп жатыр. Егер бұрын азаматттардың барлығы қандай да бір құжат үшін меморгандарға барса, онда қазір оны жсаудың қажеті жоқ, бизнесте де солай.
- Жақында ҚР президенті мемлекеттік-жеке әріптестік мәселесі бойынша заңнама толықтыруларына қол қойды. Мемлекеттік секторда IT - технологияларына жеке инвестицияларды тарту жоспарланып жатқан жоқ па?
- Бізде зор ақпараттық жүйелер бар, олар бюджет бойынша шығынға толы. Олар үшін біз МЖӘ үлгісін қолданамыз. Жақында заңның жаңа редакциясы қабылданды. Қазір біз бұл заңды бейімдеу және IT-секторы үшін қандай да бір тетік жасау үшін МЖӘ саласымен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Бұл тетік тиімді болады деп үміттенеміз.
Біздің ойымызша, келісімнің орташа мерзімі 5-7 жыл аралығында болады және сол кезде инвестор тарту мүмкіндігі туады. Оған қоса компаниялар да тәжірибе жинақтайды, себебі тұрақтылық болады. Біз компаниялар өнімнің қандай да бір түрі бойынша мамандануды бастайды деп ойлаймыз. Моделдің негізгі идеясы сервис үшін мемлекеттің төлем жасауында, бірақ ол сол жүйелерді жүзеге асырушы инвестор бола алмайды. Әзірге біздің нарық инвестициялауға дайын емес. Ал дәстүрлі түрде мемлекет инвестор ретінде шығушы еді.
- Сұхбатыңызға рахмет.