Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«ЭКСПО-2017» барысында БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен G-Global аясында 3 форум өткізуге болады – С.Нөгербек

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі барысында БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен G-Global аясында 3 форум өткізуге болады.

Мұндай ұсынысты  бүгін «Жасыл көпір: Алдыңғы қатарлы практив және инновациялар үшін серіктестік тұрғынамасы» атты халықаралық конференция барысында G-Global халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков жасады.

«Біз «ЭКСПО-2017» аясында үш халықаралық форум өткізу бастамасын көтеріп отырмыз. Олардың күн тәртібі – СО2 шығарындыларын төмендету, энергия тиімділігін арттыру және барлық үшін қолжетімді энергия», – деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бұл халықаралық шараларды БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен өткізу қажет.

«Бүгінгі күні G-Global халықаралық хатшылығы, жасыл экономика коалициясы және G-Global барлығы үшін тұрақты даму бастамаларын ілгерілетуге жауапты болып табылатын Юнкелль мырзаның кеңсесімен келіссөздер жүргізуде», – деді С.Нөгербеков.

Сонымен қатар ол ЭКСПО-2017 алаңында барлығы үшін тұрақты энергия бастамасының жүзеге асырылуының 3 жылдық қорытындысына арналған конференция өткіге болатындығын да алға тартты. «Бұл алаңда аталған бағытта ерекшеленген 10 мемлекет пен 10 ірі компанияны марапаттауға да болар еді», – деп қосты ол.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11823

 
1
0
372

Осы тақырып бойынша

«ЭКСПО-2017» барысында БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен G-Global аясында 3 форум өткізуге болады – С.Нөгербек - Yvision.kz