«Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған»
Бүгін, қарашаның 28 жұлдызында «Жас Отан» ЖҚ беленді жастары балалар үйінің тәрбиеленушілерімен көрісті. Бұл балалар үйі 9 «отбасынан» тұрады. Әр отбасыда ,шамамен, 10-15 бала тәрбиеленеді. Балалардың жас шамасы әртүрлі, негізінде, 3-11-сынып оқушылары. Жастар 9 топқа бөлініп, әр топ өз бағдарламасын дайындаған болатын. Кездесу барысында тәрбиеленушілер танысып, ойын ойнап, әңгіме шерту мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, «Жас Отан» ЖҚ белсенділері балаларға кеңсе тауарларын, киім-кешектерді табыс етіп, тәттілермен шағын шай ішу ұйымдастырды. «Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған» демекші, бұл кездесудің ең басты мақсаты – балаларға шағын мереке ұйымдастырып, оларды шаттыққа бөлеу болатын және олар бұл мақсаттарына қол жеткізді деуге әбден болады. Өйткені кеш бойы олардың жүздерінен…


