Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халықаралық ұйымдар Елбасы Жолдауын қызу талқылауд

БҰҰ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауына қызығушылық білдіруде. Бүгін Венада ЮНИДО конференциясы бастау алған болатын.

Бірінші болып сөз алған Австрия президенті Хайнц Фишер жасыл экономика мен өндірістерді дамыту жайын сөз етті. БҰҰ-ның мінберінен айтылған ұсыныстар Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдамасындағы басты талаптармен сай келіп отыр. ЮНИДО мамандарының айтуынша, Қазақстанның нақты бес бағыттағы жұмысы – дағдарыстан шығарар бірден бір жол.

Виктор Хиноджосса-Барраган, экономика ғылымдарының докторы:

- Қазақстан қазір тек шикізат жасаумен ғана емес, дайын өнім жасауға көшті. Бұл – өте дұрыс бағыт. Қазір Қазақстан таңдаған жол ЮНИДО-ның бағытымен сәйкес болғандығы бізді де қуантады. Өндіріс ошақтарына инновациялық жаңалықтар енгізу туралы және болашақ зерттеу орталықтарын ашу туралы ұсынысы өте орынды деп білемін.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12369

1
0
463

Осы тақырып бойынша

Халықаралық ұйымдар Елбасы Жолдауын қызу талқылауд - Yvision.kz