Мазмұнға өту

Жаңа

Ақылың басыңда болса, бақытың қасыңда болар!

Ақылың басыңда болса, бақытың қасыңда болар!

 

Көп адамдар өздерін бақытсызбын деп санайды, бірақ олар бақыттың елеусіз заттардан тұратынын түсінеме екен? Менің ойымша бақыт жаңбыр тамшысы сияқты аз-аздан жиналып шалшық болатын, сол шалшықтар бір-бірімен қосылып көлшікке айналатыны сияқты бақытта   елеусіз, ескерусіз істелетін іс әрекеттердің нәтижесі сияқты. Мысылы сіз бүгін достарыңызбен қыдырдыңыз, ойнадыңыз-күлдіңіз, бірақ бүл сәттің сіздің өміріңіздегі  бақытты күндердің бірі екенін сезбейсіз.

Тек бір-екі жыл өткеннен кейін қайталанбас сол шақты сағына еске алып өзіңіздің бақытты адам екеніңізді сезінесіз. Сонда мені мазалайтын бір сұрақ неге біз бақытты шақты дәл уақытында сезіне алмаймыз? Неге бәрін соңында сезінемізде, артыншы өкінеміз?..

Мектеп оқып жүргенде өзімнен үлкен студент аға-әпкелеріме қарап қызығатынмын. Мен қашан  солар сияқты есейіп, студент болып университет жағасында жүреді екенмін, мектепті қашан аяқтар екенмін деп асығатынмын. Ал қазір ойласам дәл сол кез менің өмірімнің ең тамаша бақытты шағы екен ғой. Еш уайым жоқ, ата-анаң қасыңда, не жеп не ішем демейсің, тек мектепке барып сабағынды оқып келсең болды, рахат! Бәрі дайын...

Бірақ сол бақытты бал күндердің қадірін кеш түсініп жатырмын. Халық айтады ғой "Адам басына қиындық түспей бақыттың дәмін сезбейді"-,деп шыныменде мектеп бітіріп, қалаға келіп студент болғаннан бері бақыт деген сөздің мәнін ұққандай болдым. Неге дейсіз ғой? Себебі сабақтан асқазаның шұрылдап, қарның ашып келгенде барын алдыңа тосатын анамның, жабырқаған сәтте еркелетіп алдайтын әкемнің, құлын-тайдай алысып ойнайтын бауырларымның қадірін түсіндім және сол бір бақытты қайталанбас шақты қатты сағынамын.

"Ақылың басыңда болса, бақытың қасыңда"-,  деп бекер айтпаған. Сондықтан әр сағат, әр минутымызды бағалап өзіміздің бақытты екенімізді сезінейік!

 
0
0
819

ҚР Тұңғыш Президенті күнін бекіту Н.Назарбаевқа көрсетілген құрмет – сарапшы

ҚР Тұңғыш Президенті күнін бекіту Н.Назарбаевқа көрсетілген құрмет, деді IV-V шақырылымының Парламент Сенатының депутаты, Л.Н. Гумилев атындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының депутаты Анатолий Башмаков Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.

- Анатолий Афанасьевич, ҚР Тұңғыш Президенті күнін бекітуді  немен байланыстырасыз?

-1 желтоқсан күнін Тұңғыш Президент күні деп бекіту 2011 жылы жүзеге асты. Мен ол кезде Парламент Сенаты жұмыс тобының мүшесі болдым, ол кезде осы заңнаманы қарастырып жатқан 10 депутаттың қатарында болдым.

Айтатыным, бұл қазақстандықтардың, республика азаматтарының қалауы болды. Бұған көзім  Петропавл жұртшылығымен кездесуде жетті. Халық кездесуде Тұңғыш Президентке құрмет ретінде бір күнді арнау керектігін айтты. Елбасы елдің қалыптасу, бірлік жолында ерен еңбек етті, ол ескерілуі керек деп жатты халық.

Тұңғыш Президент күнін бекітерде біз, депутаттар   көпұлтты елдің қалауын жүзеге асырдық.

-Н.Назарбаевтың әлемдік қауымдастықтың мүшесі ретінде біздің елдің қалыптасуындағы рөлі қандай?

- Ұлт көшбасшысының бұл орайдағы еңбегіне баға беру мүмкін емес. Бұл құр айтылған сөз емес.

Біз ТМД бойынша өз шекарасы туралы келісім орнатқан алғашқы елміз. Бұл Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай,. Бұл 12,5 мың шақырым. Әлемдегі құрлық шекарасы үлкен мемлекет.

Өте ауқымды жұмыс жасалды. Көп жылдар бойы КСРО кезеңінен бастап Қытаймен шекараны бөлу мәселесі ұшығып тұратын. Ал, Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен аз уақыттың ішінде шекара мәселесіне қатысты барлық сұрақтарды шешті. Біз өз жерімізді ресми түрде бекітіп алдық.

Бүгін біз егемендікке ие болып отырмыз. Бұл халықаралық беделдің жоғарылығы Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында байқалды.

Тұңғыш рет әлем жоғары мінберден қазақ тілінің әуезділігіне куә болды. Елбасы ең өзекті мәселелерге назар аударды.

Сарапшылардың пікірі бойынша, Елбасының Біріккен Ұлттар Ұйымында сөйлеген сөзі ең тиімді болып танылған. Н.Назарбаев Қазақстанды әлемнің ең үлкен орны БҰҰ толыққанды мүшесі ретінде таныстырды. Бүгінде әлемнің барлық елдері біздің тәуелсіздігімізді мойындап, 120 ел дипломатиялық қарым-қатынас орнатып отыр. Бұл Елбасының беделінің нәтижесінде қол жеткізіліп отырған нәтиже.

Еске алсақ, Н.Назарбаев советтік кезде де Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылдаған болатын. Осындай істерді атқарып жатқан Елбасымыз бір күнді беріп, Тұңғыш Президент күні деп атауға әбден лайық.

Семей талай тағдырдың тауқыметін адамдарға тарттырды. Ол ядролық сынақтар мен жарылыстардың нәтижесі. Сондықтан да Семей ядролық полигонының жабылуы барлық әлем үшін маңызды оқиға болды. Бұл Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі.

- Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ұсынған Қазақстанның идеологиялық  доктринасын қалай бағалайсыз?

- Елбасы «Мәңгілік ел» гуманистикалық тұжырымдамасына өте тиімді келді. Болашаққа нық қадам басу үшін өткеніңді ұмытпау қажет. Н.Назарбаев бізге  тарихымызды еске салып, көне тарихымызға назар аудартты. Бұл қазақстандық бірлікті сақтауда өте маңызды.

Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біздің Елбасы көптің қалауын түсініп, «Мәңгілік елдің» дүниеге келуі де осы болды. Бұл шешімге Елбасы Ұлытау киелі таудың бөктерінде келді.

Мен үшін Н.Назарбаев Қазақстан халқы мен мемлекетке қызмет етудің ең адал, жарқын мысалы.

Ақпарат көзі

 

0
0
472

ҚХА Н.Назарбаевты ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады

Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ҚР Президенті күнімен құттықтады.

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазақстан халқының өміріндегі атаулы дата – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Сізге деніңізге саулық, елімізге ізгілік, бейбітшілік пен амандық тілеген ыстық лебізімізді, орасан зор алғысымызды қабыл алыңыз.

2015 жыл Тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше жыл болды.

Бұл жылы тарихымыздағы елеулі белестер – Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аталып өтті.

Тұңғыш Президент күні Сіздің Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауындағы айтулы жеңісіңіздің аясында өтуде. Бұл жеңіс Сіздің бейбітшілік пен келісім саясатыңызға деген бүкілхалықтық сенімнің салтанаты болды, болашаққа сенімділікті, тұрақтылықты және жалпыұлттық бірлікті ныйғайтуды қамтамасыз етті.

Биылғы жылы Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына шығаруға бағытталған орасан зор Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бастау алды.

Сіздің «100 нақты қадам: Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарыңыз Қазақстан халқының «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының аясында біріккен Болашағы біртұтас ұлт ретінде дамуының стратегиялық келешегін айқындап берді.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Сіз Қазақстан халқыға арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын жария еттіңіз. Онда дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның үдемелі және сенімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі жаңа міндеттер қойдыңыз.

Жолдау еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық салалары бойынша Қазақстанның әр азаматының мүддесіне сай келетін маңызды да қажетті шешімдерінің бар екенін көрсетті.

Біз Сіздің барлық бастамаларыңызды толық қолдаймыз, олардың Қазақстан халқын Сіздің тапсырмаларыңыз бен міндеттеріңізді орындауға жұмылдыратын жасампаздық қуатына сенімдіміз.

Біз Сізді құттықтаймыз, құрметті Елбасы! Сүйікті Отанымыз Қазақстан Республикасының әл-ауқаты мен гүлденуі жолында Сізге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат және шығармашылық тілейміз!

Ақпарат көзі

 

0
0
485

ОҚО-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 13 әлеуметтік нысан ашылды

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күнін Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары айрықша атап өтуде. Мереке қарсаңында облыстағы аудан, қалаларда жалпы саны 13 әлеуметтік нысан ашылып, ел игілігіне тапсырылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мәселен, Түлкібас ауданында 4 әлеуметтік және кәсіпкерлік нысаны бой көтеріп, пайдалануға берілді. Елбасының 2020 жылға дейін балаларды балабақшамен 100 пайыз қамтамасыз ету жоспарына сәйкес, аудандағы Ынтымақ ауылында 100 орындық балабақша ел игілігі үшін жұмысын бастады.

Әлеуметтік нысан «Балапан» бағдарламасы аясында мемлекет пен жекеменшік әріптестігі негізінде іске қосылды. Айта өткен жөн, 2 мыңнан астам халқы бар елдімекенде бұған дейін балабақша болмаған.

Сондай-ақ, мереке аясында Түлкібастағы Күмісбастау елді мекені мен М.Жәрімбетов ауылында заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген медициналық бекет пен фелдьшерлік акушерлік тірек пункті ашылды. Бұл ауданда жалпы 53 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, жергілікті жерде отандық өнімді дамыту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, халықты жұмыспен қамту бағыты аясында Азаттық ауылында минералды емдік-сауықтыру ас суын өндіретін «Кристал-су» ЖШС-і іске қосылды. Жылына 10 мың тонна өнім өндіретін цехта сусынның 6 түрі шығарылады. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Сарыағашта апатты мектептердің саны біреуге азайды.

Яғни аудандағы Тегісшіл елді мекенінде ашылған 300 орындық №34 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп жаңадан ашылды. Сонымен қатар, Ордабасы ауданының екі ауылының тұрғындары да қуанышқа кенелді. Ондағы Ақсары ауылындағы «Ақсары» бастауыш мектебі мен Жаңа Тұрмыс елді мекеніндегі «Жамбыл» бастауыш мектептері жаңа ғимаратқа қоныс аударды.

Жалпы, жыл басынан бері Ордабасыда 4 бастауыш мектепке ғимарат сатып алынып, жаңа қонысқа жайғасып отыр. Ол үшін аудандық бюджеттен әрбір білім мекемесіне 13 миллион теңгеден қаралған. Созақ ауданында да жаңа нысан бой көтерді. Аудандағы Тасты ауылынан ашылған 50 орындық балабақшаға «Катко» қазақ-француз біріккен кәсіпорны ЖШС-і демеушілік еткен.

Осы күндері төлебиліктер де мектепке дейінгі мекемелермен толықты. Аудандағы Аққұм елді мекенінде 80 бүлдіршінге шақталған «Ақжұлдыз», Зертас ауылында 100 балаға арналған «Ақбота бөбекжай» балабақшасы есігін айқара ашты. Сондай-ақ, мерекені тойлау барысында Төлебидегі Жамбыл және Қаратөбе ауылдарындағы мәдениет үйлері ағымдағы жөндеуден өтіп, аудан тұрғындарына қолданысқа берілді.

Іргетасы 50-60 жыл бұрын қаланған өнер шаңырақтары аудандық бюджет есебінен жөнделіп отыр. Сондай-ақ, Қазығұрт ауданында ардагерлер үйінің лентасы қиылды. Аудандық мәдениет сарайына қарасты ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, қариялардың игілігіне берілген нысан ардагерлер бөлмесі мен демалыс бөлмесі және әйелдер кеңесінің бөлмелерінен тұрады. Оңтүстік Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, «Әлем мойындаған көшбасшы», «Елбасы оқыған кітаптар», «Менің елім – Менің Президентім», «Елбасы және Оңтүстік» т.б. тақырыптарда түрлі мәдени іс-шаралар мен кездесулер, фото көрмелер және спорттық жарыстар өткізілуде.

Ақпарат көзі

 

0
0
265

ҚР Ұлттық музейінде «Эрмитаж күндері» өтуде

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күні аясында Мемлекеттік Эрмитаж бен ҚР Ұлттық музейі арасындағы бірлескен ынтымақтастық шартын жүзеге асыру негізінде «Эрмитаж күндері» басталды. Шара 2 желтоқсан күні жалғасады, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметі.

Ғылыми реставрация, ғылыми-ағартушылық жұмыстары, музей экспонаттарын сақтау мен қорғау бойынша музей ісінің ірі мамандарынан тұратын делегацияны тарих ғылымдарының докторы, профессор, РҒА корреспондент-мүшесі, Ресей музейлері одағының төрағасы, Халықаралық музейлер кеңесінің мүшесі (ИКОМ), тарихшы-шығыстанушы, арабтанушы және исламтанушы, Таяу Шығыстың ежелгі және ортағасырлық тарихы, Араб түбегінің тарихы, Саба, Химйар, Құран және исламның  ерте тарихы, ежелгі араб жазулары, арабтардың эпостық аңыздары, араб қолжазба кітабы, мұсылман мәдениеті салаларын зерттеген  Мемлекеттік Эрмитаждың Бас директоры Михаил Пиотровский бастап келді.

«Менің Қазақстанға келгендегі мақсатым – Астана, Қазақстанның Ұлттық музейінде Эрмитаж күндерін өткізу. Жалпы, желтоқсан айының басында Эрмитаж күндерін ұйымдастырып, жыл бойы атқарған жұмысымызды қорытындылаймыз. Биыл өз елімізде есеп берместен бұрын, Астанаға келіп, Эрмитаж күндерін ұйымдастырып жатырмыз. Шара аясында өзара тəжірибе алмасамыз. Ұлттық музейге бұл алғаш келуім»,– деді М.Пиотровский.

«Эрмитаж күндерінің» салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сонымен қатар ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Ұлттық музейдің халықаралық дəрежеде өз орны болу керек.  Михаил Пиотровский реставрация, музейфикация сияқты сирек кездесетін мамандарды ертіп келді. Біздің мақсатымыз – Эрмитажбен тығыз қарым-қатынас орнату. Мысалы, келесі жылы Қазақстанда Эрмитаждың бірнеше көрмесін өткізуіміз керек. Себебі, Эрмитажда Сақ мəдениетіне байланысты көптеген жəдігерлер, Ақсақ Темірдің тасқа жазған жазбалары сияқты көптеген жəдігерлер бар. Сонымен қатар, Қазақстан музейлеріндегі де сирек кездесетін жəдігерлерді Эрмитажға қоюымыз керек. Сондықтан, осы Эрмитаж күндерінің маңызы зор, – деді А. Мұхамедиұлы.

Шара барысында лекциялар, семинарлар, шеберлік сабақтары, кездесулер, музейлердің ИКОМ Халықаралық  Кеңесімен бірлесіп қызмет ету бойынша, сонымен қатар, Эрмитаж туралы виртуалды көрме сияқты халықаралық музей жобалары аясында музей салаларын дамыту сынды өзекті мәселелерді талқылау болды.

«Бүгінде музей қауымдастығының алдында жалпы адамзаттық құндылықтарды сақтау мен насихаттауға қатысты өзекті мәселелер тұр. Оларды тиімді шешуде Ұлттық музейдің ролі ерекше. Музей ашылғалы бері шетелдік, оның ішінде Ресей музейлерімен тығыз байланыс орнатып келеді. Осындай әріптестік байланыстың нәтижесінде түрлі бағыттағы мәдени алмасулар, көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылды. Ұлттық музейде Эрмитаж күндерінің өтуі де сондай ауқымды жұмыстың жемісі», – деді ҚР Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай.

Ақпарат көзі

 

0
0
714

Бас прокуратурада «Шығармашылық — экстремизмге қарсы» атты шығармашылық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті

Жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдерінің арасындағы «Шығармашылық - экстремизмге қарсы» атты экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті тақырыптарды үздік жариялауға арналған байқауды Діндерді зерттеу орталықтарының қауымдастығы Бас прокуратураның тапсырысымен өткізген болатын.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuraturada-shygarmashylyk-ekstremizmge-karsy-atty-shygarmashylyk-baykaudyn

0
0
296

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс туралы баспасөз ақпараты

Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салатантты жиналыс болып өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-respublikasynyn-tungysh-prezidenti-kunine-arnalgan-saltanatty-zhinalys-0

0
0
313

Жасыл экономика. Баламалы қуат көзін дамытудың жаңа белестері

Кедендік баж салығынан босату, салықтық шегерімдер мен инвестициялық субсидиялар.

Бұл Қазақстан нарығына келетін шетелдік инвесторларға жасалатын бірқатар жеңілдіктер. Бүгінде ел экономикасына қаржы құюға әзір инвесторлар баламалы қуат көзі секторына көп қызығушылық танытуда. Шығарылым осы саладағы жаңа бастамаларға арналмақ.

http://gbpp.org/kz/2015/11/12297

 
1
0
270

Украиналық кәсіпкерлер EXPO 2017 көрмесі аясында өз жобаларын ұсынады

Украиналық кәсіпкерлер баламалы энергия көздері саласындағы жобаларын Қазақстан нарығында жүзеге асыруға дайын.

Бұл туралы олар Киев қаласында өткен EXPO 2017 көрмесіне арналған халықаралық форумда мәлімдеді. Мұнда Қазақстанның Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков бизнесмендерді еліміздің инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Сондай-ақ ол қазақ елі «жасыл экономикаға» көшуді бастаған ТМД елдерінің ішінде алғашқы мемлекет екенін айтып, осы бағыттағы тың технологияларды біздің нарықта енгізуге зор мүмкіндік жасалғанын жеткізді.

Майра Қадырбекова, Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің кеңесшісі:

- Бүгінгі іс-шарада Украинаның бизнес-қауымдастығы Қазақстанның бүгінгі инвестициялық ахуалы мен елімізде бизнес жүргізуге жасалған жағдайлармен танысты. Украиналық кәсіпкерлер баламалы энергия көздері саласындағы жобаларын біздің нарықта жүзеге асыруға дайын екенін айтып отыр.

http://gbpp.org/kz/2015/11/12303

 
1
0
397

А.Есімов Парижде ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы туралы есеп берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 25 қарашада Парижде Халықаралық көрме бюросы Бас Ассамблеясының 158-ші сессиясы өтті, оған ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовтің басшылығымен қазақстандық делегация қатысты.

«Астана ЭКСПО-2017 ҰК баспасөз қызметі хабарлағандай, отырыста «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық туралы есеп тыңдалды.
Өз сөзінде ұлттық компания басшысы көрме кешенінің құрылысы бойынша жұмыс мәртебесі, көрменің мазмұнды бөлігі, халықаралық қатысушыларды, демеушілерді тарту және көрмені алға жылжыту мәселелерін айтты.

А.Есімов бүгінде 54 ел мен 11 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растағанын нақтылады, сонымен қатар, халықаралық павильондар секцияларының 29 комиссары тағайындалды. ҚР Үкіметі мен ХКБ арасындағы See Agreement шартына қол қойылды.

Көрмеге 3 айда 2,1 млн адам қатынайды (5,1 млн келушілер). Олардың 85 пайызы – ҚР азаматтары, 15 пайызы – шетелдіктер. Skyway International Travels, STIC Travel Group и CITS туроператорларымен шарттар жасалды.

Көрме кешенінің құрылысы 2014 жылғы 24 сәуірде басталды. Кестеге сәйкес 2015 жылғы желтоқсанда оның алғашқы нысаны – Ұйымдастыру кеңесі пайдалануға беріледі.

http://gbpp.org/kz/2015/11/12308

 
1
0
253