Атырау облысында алғаш рет ғылыми-мәдени конференция бастама алды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің блогерлермен тығыз қарым-қатынасы шеңберінде және «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін» жүзеге асыруда ағымдағы жылғы 24 қарашада облыс аумағында «Спикер 7» (www.speaker7.kz) азаматтық алаңшаның жаңа векторы бастама алды.
Аталған үш тілді интеллектуалды конференцияда 7 спикер, соның ішінде атақты драматург және режиссер Аждар Улдуз «Ұлттық кітап басылымы және әдебиет»; жүйелі талдаушы Имангалиев Ислам «Ойын өмір стилі секілді»; Астана азаматтық кеңесінің негізін салушы Годвин Бенджамин «Қазақ рынконың болашағы ағылшын көз қарасымен»; «Атырау. Кішкентай ел» АҚ төрағасы Кумискалиев Ерлан «Улы қайырымдылық»; кинофильмдердің продюсері Артықбаева Бибінұр «Жайлылық аймағы немесе мен және өмір» және т.б. сөз сөйледі.
Ғылыми конференцияның негізгі мақсаты қатысушыларды белсенді азаматтық ұстанымға шақыра отырып, өздерінің бірегей идеяларымен, тәжірибелерімен, инсайдерлерімен бөлісіп, тұрғындарды біріктіру болып табылады. Конференцияға 350-ден астам адам қатысты (жергілікті атқарушы органдары, Медиа орталық ,студенттер, мекеп оқушылары, мұғалімдер, кәсіпкерлер және басқалары). «Барлығы біздің қолымызда. Дамыңдар. Жұмыс істеңдер. Армандаңдар. Балаларға үлгі көрсетіңдер. Жастар. Үлгі болыңдар».
Ғылыми-мәдени іс-шараның аталған спикерлері Атырау облысының тұрғындарын дүр сілкіндіргенін атап өткен жөн. Қатысушылар өз кезегінде аталған іс-шараны тұрғындар арасындағы қажетті диалог ретінде атап өтті.
