Атырау облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі» тақырыбында студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
2015 жылғы 25 қарашада 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау Бизнес және құқық колледжінің оқытушыларымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі» тақырыбында студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Құттықтау сөзімен департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес Төрағасы Мұхит Кәрімұлы Избанов сөз сөйледі.
Өзінің сөз сөйлеу барысында М.К.Избанов 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуы және Елбасымен белгіленген бес институционалды реформа жөнінде қатысушыларды хабардар етті.
Конференцияға қатысуға 20 жуық баяндамалар түсіп, оның 12-і қорғалды.
Барлық баяндамалар тындалғаннан кейін, қатысушылардың қозғалған мәселелер жөнінде жалпы пікір алмасу өтті. Пікір алмасу барысында ашықтық пен зеректік танытқан бір-біріне қарама қайшы ойлар туындап, студенттердің конференцияда қозғалған мәселелерге бей-жай қарамағандығы көрінді. Бірқатар студенттер өздерінің ойларын айтып қана қоймай, бұл жағымсыз құбылысты жоюға қатысуға ұмтылыстарын көрсете отыра, әртүрлі ұсыныстарын айтты.
