Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда ЭКСПО-2017-ге әйелдердің қатысу тұжырымдамасы әзірленуде

Қазақстанда ЭКСПО-2017-ге әйелдердің қатысу тұжырымдамасы әзірленуде, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Әйелдердің IV Еуразиялық саммиті барысында.

« «Жасыл экономиканы» қолдау мен әйелдердің ЭКСПО-2017-ге қатысу мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы арасында  әйелдердің ЭКСПО-2017-ге қатысу тұжырымдамасы әзірленуде, осы орайда 150 шара ұйымдастырылмақ», – деді ол.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі арасында өтеді. Көрме тақырыбы – «Болашақтың энергиясы».

«Бүгінгі саммиттің делегаттары ЭКСПО-2017 қозғалысының белсенді қатысушылары болады деп үміттенем», – деді Г.Әбдіқалықова.

Айта кетейік, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы – елдің тұңғыш әйелдер ұйымы. Бүгінде Қауымдастық 15 мың әйелдің басын біріктіріп отыр. 20 жыл ішінде Қауымдастық жүздеген әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асырды.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12372

 
1
0
252

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда ЭКСПО-2017-ге әйелдердің қатысу тұжырымдамасы әзірленуде - Yvision.kz