Мазмұнға өту

Жаңа

Біздің Президент – Көшбасшылықтың үлгісі

Қазақстанда 1 желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президент күні болып тойлануда. Бұл мереке Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өнегелі еңбегін белгілеу мен тану мақсатында құрылған.

Осынау бір маңызды күнде Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге байланысты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде салтанатты жиналыс өткізілді.

Шараға Департамент басшылығы мен ұжымы қатысты.

Құттықтау сөзімен салтанатты шараны Департамент басшысы Әділхан Әшірбаев ашты. Ол өз сөзінде Тұңғыш Президент күні мерекесі әр Қазақстандық үшін әлеуметтік және экономикалық маңыздылықты арттыратындығын және біздің Президентіміздің арқасында еліміз әлемдік деңгейге көтеріліп, сыртқы саясат аренасында өзін мойындата білгендігін атап өтті. Сондай-ақ, ол әр жыл сайын біздің еліміз Елбасы Жолдауларын өмірге айналдыруға тырысып жатырғандығын, Президент Жолдауын орындау мен жүзеге асыру  - әр қазақстандықтың міндеті екендігін атап өтті.

Департамент қызметкерлерінің патриоттық рухтарын көтеру мақсатында, біздің еліміздің дамуындағы Президентіміздің ерен еңбегі, қандай нәрселерді өмірге айналдырғандығы және де жас Қазақстан өзге мемлекеттерге өзін қалай мойындата білгендігі жөнінде бейнеленетін деректі фильм көрсетілді.

0
0
713

ҚР Президентінің Жолдауында қазақстандық халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша нақты жоспар бар – сарапшы

ҚР Президентінің Жолдауында қазақстандық халықтың өмір сүру сапасын арттыру және бұған дейін межеленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша нақты жоспар бар, деп ағынан жарылды Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі Айгүл Біжкенова «Strategy2050.kz»АА берген сұхбатында.

Сарапшының пайымынша, ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауын халық үлкен ықыласпен күтеді. Себебі онда мемлекеттік органдардың қызметіне әділ баға беріліп қана қоймай, одан ары дамудың негізгі векторлары анықталады.

«Ағымдағы жылғы Жолдау маңыздырақ болды десе болады, оның өзіндік себебі де бар. Біріншіден,  ол бүкіл әлемдегі дағдарысқа байланысты және ел ішіндегі тұрақты қаржылық-экономикалық жағдайды сақтап қалуға бағытталған. Екіншіден, Жолдауда қазақстандық халықтың өмір сүру сапасын арттыру және бұған дейін межеленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша нақты жоспар бар», - деді А. Біжкенова.

Оның айтуынша, Жолдау толығымен тұрақтылық пен мемлекеттік беріктікке деген қамқорлыққа толы. Сонымен қатар онда нақты міндеттер мен жоспарлар көрсетілген. Президент мемлекеттік бюджеттің шығынын азайту бойынша бірқатар баптарды қарап шықты, алайда әлеуметтік саясат еш өзгеріссіз қалды, аз қамтамасыз етілген жанұяларға одан ары қамқорлық танытыла береді және бюджет саласынның «В» санатындағы қызметкерлерінің жалақысы арттырылады.

«Жыл сайын Президент білім беру саласын назардан тыс қалдырған емес. Ағымдағы жылғы Жолдауда да білім саласына үлкен көңіл бөлінген. Енді 2017 жылдан бастап елімізде әр жас азамат тегін техникалық-кәсіптік білім ала алатын болады. Жұмысшы мамандықтарын көбейту ішкі жұмысбастылықты арттырады. Үлкен жетістіктерге жету үшін кішкентай дүниеден бастау керек. Осы ретте Президент жастарға өзінің еңбек биографиясын үлгі етті», - деп толықтырды А. Біжкенова.

Сарапшы атап өткендей, ҚР БҒМ-ның, яғни  жоғарғы оқу орындарының алдында ғылымды дамыту және ғылымды қажетсінетін процестерді дамыту туралы үлкен міндеттер қойды.

«Евразия ұлттық университеті бүгінде дұрыс бағытта жұмыс істеуде, ол ғалымдар мен білім алып жатқандардың оқу барысындағы ғылыми зерттеулерінің нәтижесін оқу процессіне енгізу, ғылыми-зерттеу институттарын құру және ғылымды коммерцияландыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Менің есептеуімше, дәл осы бағыт үлкен жетістікке жеткізеді», - деп түйді ол.

Ақпарат көзі

 

0
0
374

Жаңа қазақстандық boys-band «Алау тобының» тұсауы кесілді.

2015 жылдың қарашаның отызыншы жұлдызында Баян Есентаеваның басшылығымен  құрылған АЛАУ тобының тұсауы кесілді.

Продюсер және тележүргізуші Баян Есентаева жігіттерден тұратын жаңа тобын таныстырды. Жаңа топтың мүшелері "Қазақстан" ұлттық телеарнасындағы "Түнгі студияда" бағдарламасында белгілі болды.

Instagram парақшасында продюсер топ мүшелерінің есімдерін атады. Олар Ержан Мұқатаев, Ербол Салықбаев, Әсет Арыстанбек пен Хамит Сатаев. Есентаева жуырда бұл топтың бейнебаяны жарыққа шығады деп сөз берді.

Топ продюсері жігіттерге ең мықты болу керек деген талап қойған екен. Топ мүшелеріне тоқталып кететін болсақ, жауапкершілікті ең көп сезінетін - Әсет Арыстанбек, оның тәжірибесі үлкен, көптен бері бимен айналысады екен, кәсіби биші болып табылады, нағыз шығармашыл және сезімтал адам, оны топ лидері деп те атауға болады. Хамит Сатаев - жігіттердің ішінде ең салмақтысы, бірақ қызардың барлығы оны жақсы көреді.Ержан Мұқатаев - топтағы ең сымбатты, сұңғақ бойлы, ең еркесі де сол. Ербол Салықбаев ең тәжірибелі әнші, ән саласында үлкен мектептен өткен вокалист, қылықты да, тартымды әрі талантты -, дейді Баян Есентаева.


Топтың жеке стилисті бар екен, ол жігіттердің сырт бейнесін бастан аяққа дейін қадағалайды. Бұл олардың көз тартымды сырт бейнесінен де байқауға болады.

Мен өз атымнан жаңа қазақстандық boys-band-қа тек сәттілік және биік шыңдардан көріне беруді тілеймін.

 
2
0
2316

Қалықтап самға

Көптен бері  интернет парақшасында жазылмағын ойларым  тек қағаз бетіде.Не себепті екенін білмеймін? Қаламсапты қолға алып, ақ параққа жазғанды көбірек  ұнатамын. Әр бір сәт көз алдымда.  Жүректін түбінен шығатын сөздерді тез арада жазу үшін , әрдайым қасымда менің кітапшам болады.Енді ол жерде толған оқиғалар.  Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой демекші.  Уақыт тауып кезегімен жазуға уәде берем.

Көріскенше достар!

 

 
1
2
806

Марк Цукербергтің өз қызына жазған хаты (ТОЛЫҚ МӘТІН)

2015 жылдың 2 желтоқсанында атақты Фэйсбук әлеуметтік желісінің негізін қалаушы және басшысы Марк Цукерберг дүниеге Макс есімді қызының келгенін айтып, жары Присцилла Чан екеуі оған арнап жазған хатын жариялады. Басты сенсация – Цукербергтің Фэйсбуктегі акцияларының 99 пайызын немесе 45 миллиард АҚШ долларын келешек ұрпақтың өмірін жақсартуға жұмсайтындығы. Хаттағы негізгі идея – Макстың замандастарына және олардың ұрпақтары бүгінгіден тәуір әлемді, қоршаған ортаны қалдыру. Еl.kz редакциясы хаттың түпнұсқасын қазақ тіліне аударып, оқырман назарына ұсынады.


0
0
617

Астанада сарапшылар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту мәселелерін талқылады

Бүгін Астанада Халықаралық мүгедектер күніне арналған «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеудің және ықпалдастырудың оңалту технологиялары мен инновациялары» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының, мүдделі мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты.

Конференцияның мақсаты – тәжірибе алмасу, жаңа бағыттарды сараптау, мүгедектердің құқығын қорғау мәселесі бойынша заңнаманы жетілдірумен қатар ортақ ұсынымдарды қарастыру.

Сөз басында Светлана Жақыпова Қазақстанның мүгедектер құқығы туралы Конвенцияны ратификациялауы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын жақсартуға ықпалдасатынын атап айтты. Осы мақсатта ҚР Үкіметі мүгедектердің құқығы мен өмір сапасын жақсарту бойынша 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарын қабылдап, оны кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Аталған жоспардың негізгі бағыттарының бірі – арнайы және оңалтуға бағытталған әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру.

Конференция барысында ҚР ДСӘДМ өкілдері ҚР-дағы мүгедек азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін ұсынды.

Шара аясында сарапшылардың, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын өндірушілер мен жеткізушілердің қатысуымен протездеу мен естуді протездеудің стандарттарын жетілдіру және оларды өндірудің жаңа технологияларын енгізу; мүгедектерді оңалту ісін техникалық құралдармен және тиісті қызметтермен қамтамасыз ету, сонымен қатар, қолжетімді ортаны  қалыптастыру тақырыптарында секциялық отырыстар өтті.

Конференцияға қатысушылар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін инфрақұрылым обьектілерін бейімдеу мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, сонымен қатар, инклюзивті білім беруді дамыту, мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету, олардың өмір сапасын арттыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылы Қазақстан мүгедектердің құқығы туралы Конвенцияны ратификациялап, мүгедектігі бар тұлғаларға қатысты халықаралық стандарттарды  жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді қабылдады.

Конвенцияны ратификациялау республикада тұратын 627 мың мүгедектерге, олардың отбасыларына аталған санаттағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау және жүзеге асыру бойынша қосымша кепілдік береді.

Ақпарат көзі

 

0
0
387

Қазақстанда «Қазақстан — Қытай» магистральді газ құбырының үшінші желісінің құрылысы аяқталды

Алматы облысының Жамбыл ауданында Түркменстан, Өзбекстан, Қазақстанды және Қытайды газ көпірімен біріктірген «Қазақстан - Қытай» магистральді газ құбырының үшінші желісін (С желісі) іске қосу салтанатты шарасы өткізілді, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Осылайша, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы энергетикалық және аймақтық серіктестік салаларындағы газ тасымалдау саласындағы ірі халықаралық жоба толығымен аяқталды.

Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында көлік-логистикалық, индустриалдық және энергетикалық инфрақұрылымды дамытудың және энергоресурстарды тасымалдаудың жаңа бағыттарын құрудың аса маңыздылығын айрықша атап өтті, ал «Қазақстан-Қытай» атты инфрақұрылымдық жобаның аяқталуы, елдің газ тасымалдау саласының Президент тапсырмаларын іске асыруға қосқан үлкен үлесі болып табылады.

«Қазақстан-Қытай» газ тасымалдау магистралінің барлық «А», «В» және «С» үш желісінің жобалық өндірімділігі 55 млрд.м3. құрайды, соның арқасында магистральді газ инфрақұрылымы кеңейтілді, транзиттік және экспорттық потенциалдың мүмкіндіктері ұлғайды.

«Қазақстан-Қытай» магистральді газ құбырының «С» желісінің ұзындығы 1303 км. құрайды. Нысан барлық технологиялық сынақтардан табысты өтті. «Қазақстан-Қытай» магистральді газ құбырының «С» желісінің трассасы «А» және «В» желілерімен бір техникалық дәлізде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының аумақтары бойынша өтеді, яғни аталған аймақтардың тұтынушылары үшін газды іріктеу қарастырылған.

«Қазақстан-Қытай» магистральді газ құбыры «Түркменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» трансшекаралық газ құбырының құрылымдық бөлігі болып табылады, жалпы ұзақтығы 7,5 мың.км-дан астам.

«Қазақстан-Қытай» магистральді газ құбырының «С» желісін іске қосу бойынша салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Шарипбаев, «ПетроЧайна» вице-президенті Люй Гунсюн және т.б. қатысты. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атынан іс-шараға вице-министр Мағзұм Мырзағалиев қатысты.

Ақпарат көзі

 

0
0
569

«Отбасылық шешім»-мен үнемдеуге уақыт келд!

Басқа оператор желілеріне жиі қоңырау шаласыз ба? Ұтқыр интернетті үнемі пайдаланасыз ба? Артығырақ Интернет трафик гигабайтын және шектеусіз қоңырау шалуды қалайсыз ба? «Отбасылық шешім» жаңа қызметі - сізге арналған!

«Алтелдың» әрбір ұтқыр нөмірінде мына қызметтер қол жетімді:

1. Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерге шектеусіз қоңырау шалу;

2. Алтел желісі ішінде шектеусіз қоңырау шалу;

3. Шектеусіз ұтқыр интернет;

4. Басқа оператор нөмірлеріне 100 минутқа дейін тегін қоңырау шалу;

5. Желі ішінде тегін 300 sms-хабарлама.

«Отбасылық шешім» - 2 және одан да көп отбасы мүшелерінің қолданылуына ыңғайлы бекітілген және ұтқыр байланыс қызметтерінің топтамасы. Сіз әрбір «Алтел» нөміріне ай сайын 792 тг. төлеп шектеусіз қоңырау шалу, Интернет топтамасын  пайдалану, сондай-ақ ай сайын 415 тг. төлеп үйдегі телефоннан «Алтел» нөмірлеріне, республика бойынша қалалық нөмірлерге қоңырау шалып жақындарыңызбен тегін сөйлесу мүмкіндігіне ие боласыз.

Sim-картаны неғұрлым көп алсаңыз бір нөмірге төленетін абоненттік төлем соғұрлым аз әрі үнемдеу де арта түседі.

Отбасының барлық мүшелері риза болуы үшін әр sim-картаға ыңғайлы және тиімді тарифтік жоспарды таңдап алыңыз!

Толық ақпарат алу және қосылуға өтінім беру үшін 160 нөміріне қоңырау шалуға болады.

 
0
0
740

Адам капиталына инвестиция құю қазақстандықтарды әл-аухатының артуының кепілі – шетелдік сарапшы

Адам капиталына инвестиция құю қазақстандықтарды әл-аухатының артуының кепілі, деп ағынан жарылды Сухум мемлекеттік университетінің профессоры, грузин тарихшысы Гурам Мархулия «Strategy2050.kz»АА берген сұхбатында.

- Бүгінде көптеген мемлекеттер экономикада үлкен қиындықтармен бетпе-бет келуде. Әр мемлекет түрлі шешімдер қарастыруда. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауындағы экономикалық аспектіні қалай бағалайсыз?

- Қазақстан өмірінің барлық салаларының заманауи даму кезеңі – экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени қызметі институционалды ортаның қайта құру бойынша белсенді қызметімен сипатталады.   Жасыратыны жоқ, соңғы он жылдықтағы экономикалық саясаттың нәтижесі күтіліп отырған нәтижеге сай келеді. Экономикадағы өзгерістер мемлекет болашағын түгелдей өзгертті. Табысты саясаттың арқасында Қазақстанның халықаралық аренадағы беделімен өрнектеледі.

Кез-келген ұлттық экономиканы дамыту үлгісі тарихи кезеңдерге тәң түрлі ерекшеліктерге ие. Сондықтанда түрлі реформаларды жүргізуде  басты мәселе таңдалып алынған экономика үлгісінің дұрыстығы маңызды.

Қазақстан басшылығы дер кезінде халықаралық экономикалық даму тәжірибесін жіті зерттеді. Мемлекетті дамытудың ең ыңғайлы жолдары іріктелініп алынды, ол кезде бүгінгі жағдай мен қатар даму болашағы, реформалау принціптері ескерілді. Теориялық қондырғылардың қатарына Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың  әлеуметтік-экономикалық даму заманауи кезеңіне берген бағасын жатқызуға болады. Бұған дәлел ретінде «Қазақстан-2050» стратегиясын алуға болады.

Бұл экономикалық саясатта Қазақстанның ұлттық даму идеясы да қалыптасуда -  бай, мықты, демократиялы, жан-жақты, заманауи мемлекетті құру нақты мақсаттар мен міндеттерді негізге алады.

- Қазақстанда әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 40%-ға көтеру туралы шешім қаблданды. Сіздің ойыңызша бұл нені білдіреді?

- Сөзсіз экономикалық тәуекелдер мен жаһандық дағдарыс жағдайында Президент Н.Назарбаевтың экономикалық саясаты мақтауға тұрарлық.  Белсенді экономикалық өсім Қазақстан үкіметіне батыл әлеуметтік саясат жүргізуге мүмкіндік берді.

Әл-аухат жүйесінде халықтың табысы маңызды рөл атқарады. Бір жағынан олар әл-аухатты артыруға бағытталған табыс көзі, сонымен қатар жалпы халықтың жағдайының деңгейін анықтайды. Бүгінде Қазақстанда халық сұранысты анықтайды және бұл өндіріс үшін түрткі болады. Бұл Еуропаның бүгінгі жағдайында тіпті қызықты.

Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын қорыта келе мемлекеттің әлеуметтік саясатында масштабты инвестицияларға басымдылық берілуі тиіс деп атап өтті. Дәл осы саясат қазақстандық халқтың өсіп-өркендеуінің кепілі болып табылады.

- Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту бойынша жаңа бастамаларды көтеріп отыр. Сонымен қатар қатысушылар тікелей және ашық диалогқа шақыруда. Біздің еліміздің ұстанымын қалай бағалайсыз?

- КСРО және ол құлаған кезден кейін Қазақстан тұрақтылықты сақтап қала білді, бұл ретте дұрыс геосаяси жағдайды дұрыс бағалау оң әсер берді. Қазақстан өте қиын кезеңдерде көпвекторлы принціпті қолдады, ол өз кезегінде табысты сыртқы саясатты қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қазақстанның сыртқы саясатының құрамында ядролық қарудан бас тарту және ядросыз мемлекет ретінде статусты алғаны бар. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі, беделді халықаралық  субъектісі.  Жалпы, Қазақстан тарих үшін қас қағым сәтте өте табысты экономикалық, әлеуметтік, саяси реформаларды жүргізе білді және оны әлемде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының озық үлгісі ретінде бағалайды.

Қазақстанның «Еуропаға жолын» Еуроодақ өте жақсы қабылдады, халықаралық қатынастарда үлкен табысқа қол жеткізілді.

Айта кетерлік жайт, грузин қауымдастығы Президент Н.Назарбаевтың саясатын өте жоғары бағалайды. Қазақстан Ресейдің Грузияның кейбір аймақтарын сепаратистік деп тану туралы шешімін қолдамады. Бұл саясат екі ел арасындағы достықтан туып отыр.

Сіздің елдеріңізге барлық жақсылықты тілеймін, ішкі және сыртқы саясатта одан ары табысқа жете беріңіздер, ҚР Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

- Сұхбатыңызға рахмет.

Данияр Қасымов

Ақпарат көзі

 

0
0
666