Мазмұнға өту

Жаңа

Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық (МЗТЖО) қызметкерлері «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын талқылауда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (ары қарай Департамент) Алматы қаласының МЗТЖО Алматы қаласы филиалымен бірлесе отырып, Алмалы, Бостандық аудандық МЗТЖО басшылары, бөлім бастықтары және осында жұмыс атқаратын қызметкерлермен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен 2015-2025 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны талқылау барысында кеңес өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев белгілеген 5 институциналды реформаны іске асыру барысында қабылданған «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып, мемлекеттік органдардағы шешім жолдарын талап ететін мәселелерге: мысалы, шенеуніктердің билікті немесе лауазымдық жағдайын жеке пайда алу үшін теріс пайданалу, қызметтік өкілеттіктерін пайдакүнемдік мақсатта пайдалану жағдайларын атап өтті.

Алмалы ауданы МЗТЖО басшысы Сәуле Жақсығұлова және Бостандық ауданы МЗТЖО басшысы Қымбат Рақымбаева өздері басқарып отырған аудандық бөлімдерде атқарылып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттеріне тоқталып өтті.

Іс-шара барысында МЗТЖО қызметкерлерінен мемлекеттік қызметті реформалау,  «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарына сәйкес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарға байланысты сұрақтар қойылып, оларға нақты және толыққанды жауап алды.

Іс шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаднамалар таратылды.

0
0
464

Алматы қаласы Түрксіб ауданының мемлекеттік қызметкерлері Елбасының «100 нақты қадам» реформаларын қолдайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласы Түксіб ауданының әкімдігінде, Алматы қаласы маслихатының депутаттары, Түрксіб ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағалары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері және басқа да мемлекеттік емес ұйымдарының қатысуымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын талқылау бойынша семинар-кеңес өткізді.

 

Департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес Төрағасы Бахтияр Камалов «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының алғашқы 15 қадамын түсіндіріп, сондай-ақ бес институционалды реформаны және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспарын іске асыру тетіктерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері туралы айтып өтті.

 

Түрксіб ауданының әкімі Владимир Устюгов «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы айтып өтіп, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру және өзі басқарып отырған ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттандырып өтті. Жылдың басында қылмыстылықпен күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Үйлестіру кеңесінің 2 отырысы, кестеге сәйкес сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын болдырмау бойынша аудандық бөлімшелердің басшыларымен тыңдаулар өткізілгендігін баяндады.

 

«Нұр Отан» партиясы Түрксіб ауданы филиалы төрағасының орынбасары Сақыш Қазытайқызы «Нұр Отан» партиясы Түрксіб ауданы филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қоғамдық кеңесі, аудан әкімінің аппараты және прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында қоғамдық тыңдаулар өткізгендігін атап өтті.

Кеңес барысында «АЗМК» АҚ-ың басшысы - Алматы қаласы маслихатының депутаты А. Шардиновтан мемлекеттік қызмет әрекеттеріне және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына қатысты сұрақтар мен ұсыныстар, сондай-ақ кеңеске қатысушылардан басқа да сұрақтар келіп түсті. Қойылған сұраққа толық қамтылған жауаптарын алды.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын насихаттайтын жадынамалар таратылды.

Семинар-кеңес бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өтті.

 
0
0
404

Медиктер «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарына сәйкес медициналық қызмет көрсету сапасын көтеруді қолдайды

Алматы қаласы  Түрксіб ауданындағы        Алматы теміржол ауруханасында «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын жүзеге асыру» атты семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің, Алматы қаласы  Түрксіб ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, медицина мекемесінің ұжымдары  қатысты.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері Сайлау Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасының  15 қадамы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны жүзеге асырудың тетіктері жөнінде баяндама жасады.

Бас дәрігердің орынбасары  Сәуле Жәлелова  ауруханада  атқарылып жатқан жұмыстар мен Елбасының  реформасында  нақты көрсетілген халықтың тұрмыс-тіршілігіне, кәсіби мамандарды даярлауда мемлекеттік қызметте ғана емес барлық сала бойынша оның ішінде медицина саласы т.б. мәселелерге  тоқталды.

Бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары Тамара Милосердова Ұлт жоспарындағы интелектуальды және инновациялық мәселелері жөнінде өз пікірін білдірді.

Сонымен қатар ақпараттық-аналитикалық орталықтың басшысы Омар Махмұтов «100 нақты қадамдағы» қоғамның өмір салтын жаңарту бағыттарына тоқталды.

Неврология бөлімінің меңгерушісі Ғалым Русанов өз сөзінде Елбасының «100 нақты қадамы» - мемлекет пен қоғам өмірінің дамытудағы барлық реформалары қамтылған 100 нақты тапсырмасы жөнінде өз ойын білдірді.

Семинар-кеңеске қатысушылар Елбасы Н.Назарбаеватың идеясын толығымен қолдады.  Сұрақтар мен пікірлерге  толыққанды жауап алды.

0
0
402

Алатау ауданының прокурорлары жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (ары қарай Департамент) Алматы қаласы Алатау ауданы прокуроры, бөлім басшылары мен жеке құрамның қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын түсіндіру мақсатында Алатау ауданының прокуратурасында дөңгелек үстел өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов  «100 нақты қадам» ұлттық жоспарының алғашы 15 қадамы мен осы құжатта қаралған құқық қорғау органдарына қатысты көрсетілген мәселелерге тоқталып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басты міндеттері мен мақсаттарын атап өтті.

Алатау ауданының прокуроры Ерлан Меңдешев сот органдарына қатысты өзгерістерді айтып, аудандық прокуратура бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап, прокуратура мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың аса маңыздылығына тоқталды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын кең көлемде талқылап, өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

0
0
571

Алматы халықаралық әуежайы ұжымы «100 нақты қадам» Президент реформасын қолдайды

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен (бұдан әрі - Департамент) Алматы халықаралық әуежайында (бұдан әрі - АҚ) еңбек ұжымы өкілдерінің 250 адамнан астам қатысуымен кеңес өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау Департамент бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің ұсынған Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасын және 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіріп, Алматы қаласы Департаментінің сайтында жергілікті атқарушы органдардың бос жұмыс орындары туралы ақпараттандыруларды іздеу жүйесі пилоттық жоба ретінде құрылғанын және әр азамат Департамент сайтында Almaty-anticorruption.gov.kz домені арқылы жергілікті мемлекеттік органдарда керекті бос жұмыс орынды таңдай алатыны туралы айтып өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық және құқықбұзушылықпен және мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілген жағдайда, Агенттіктің 1494 бірыңғай контакт ортылығына шағым бабымен жүгіну мүмкіндігі туралы ақпарат берді.

Алматы қаласы Маслихат депутаты, АҚ Президенті Айбол Бекмухамбетов, көрсетілетін қызмет және инфрақұрылымды жетілдіру бойынша түрлі іс-шаралар дамытылып өткізілетіні туралы айтып өтті. Сондай-ақ, Ұлт жоспарының үшінші реформасына сәйкес - индустрияландыру жəне экономикалық өсімді қамтамасыз ету ретінде, АҚ экономикаға үлкен үлес қосып, Түрксіб ауданы бойынша ең ірі салықтөлеуші болып табылатыны туралы айтып өтті.

АҚ жастарының өкілі Арнат Ахметжанов, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда АҚ еңбек ұжымының жас ұрпақтың орны және мемлекет алдында тұрған мақсаттарға жетуге жастардың орны туралы айтты.

Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа орай кітапшалармен сауалнамалар таратылды.

0
0
254

Медициналық колледж оқытушылары мен оқушылары 100 нақты қадамды қолдайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (ары қарай Департамент) Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасымен біріге отырып 5 институционалды реформаны іске асыру мақсатында қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын түсіндіру мақсатында Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық колледжінде семинар-кеңес өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов 100 нақты қадам Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамына тоқталып, басқа да қадамдар бойынша түсініктеме берді.

Алматы қаласы денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Әсем Мұсабаева денсаулық сақтау және білім беру жүйесіндегі өзгерістерге байланысты, ал аталған басқарманың заң кеңесшісі Дәулет Абдраханов сот жүйесі және құқық қорғау органдарына байланысты Ұлт жоспарында көрсетілген өзгерістерді атап өтті. Алматы қаласы денсаулық басқармасына қарасты медициналық колледж директоры Ақмира Садықова 100 нақты қадамды және де басқа жүргізіліп жатқан реформаларды түсіндіру бойынша атқарып жатқан жұмыстарына, колледж мұғалімдері мен оқушылары арасында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаднамалар таратылды.

Семинар-кеңес барысында қатысушылар жүргізіліп жатқан өзгерістер жайында көптеген сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.

 
0
0
326

Алматы қаласының жалпы білім беретін мекемелері Ұлт жоспарының «100 нақты қадамын» жүзеге асуын қолдайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлерінің, жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей директорларының, сондай-ақ Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің қатысуымен Алматы қаласының білім басқармасының тамыз кеңесінің отырысы өткізілді.

Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Геннадий Даньяров кеңес отырысының қатысушыларына 100 нақты қадамның орындалу тәсілдерін және реформалардың жүзеге асыру әдістерін түсіндірді.

Кездесу барысында Геннадий Данияров жастар арасында мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға белсенді қатысқаны үшін кейбір колледж директорларын (Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі, №1 Алматы қазақ педагогикалық колледжі, Алматы сән және дизайн колледжі, Алматы сән және дизайн колледжі, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі, туризм және қонақжайлық индустриясы колледжі, Алматы политехникалық колледжі) алғыс хаттарымен марапаттады.

Өз кезегінде білім беру орындарының басшылары бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамда көрсетілген стратегиялық міндеттерді бірлесіп іске асыру үшін барлық күш жігері мен білімдерін салуға сөздерін берді.

   
0
0
879

Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінде семинар-кеңес өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент), «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Қоғамдық бірлестігінің президенті Жәнділдә Жакуповпен  бірлесе  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды  реформасы  «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары  мен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қоғамдық  ортада кеңінен талқылау мақсатында Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің ұжымымен семинар-кеңес өткізді.

«Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» баяндамасымен, Департамент кызмеркері Асхат Байузаков, «100 нақты қадам» ұлттық жоспарына сәйкес мемлекеттік аппараттардағы реформа туралы жеткізді.

Қызметке қабылдау үш сатыдан тұратын болады: агенттікте сынақтан өту, мемлекеттік органда және агенттікте сұхбаттан өту. Бұдан әрі, 3 ай сынақ мерзімінен өту, қосу 3 ай тәлімгерімен жұмыс жасап барып жұмысқа қабылданады. Егер қызметкер сынақ мерзімінен өтсе, тұрақты жұмысқа қабылданады, ал егер өтпеген жағдайда, тәлімгерінен сұрайды. Мемлекеттік қызметте өсу де, үш сатыдан өтеді: ішкі орган қызметкерлері арасында, барлық органдар қызметкерлері арасында және лауазымға тағайындау. Кадрларды ауыстыру тікелей және көлденең жүзеге асырылатын болады, қызметтік тұрғын-үй қоры құрылады. Ашық конкурс жолымен, азаматтық, мемлекеттік, жеке секторлардың азаматтары тартылатын болады. Олар штаттың 15 %-ға жуығын құрайды және мемлекеттік басқару Академиясында курстан оқытудан өтеді. Басқару үшін шетел менеджерлерін тарту жоспарланған.

Жапон, АҚШ-да бұрыннан енгізілген, еңбек ақыны төлеудің баллдық шкаласы енгізіледі, яғни, жалақы орындалған жұмыс нәтижесіне байланысты төленеді. Жұмыс нәтижесі жақсы болған жағдайда бонус төленуі мүмкін.

Бұған қоса, қазір мемлекеттік қызметшілердің жаңа этика кодексі әзірлену сатысында, Жалпы бөлімінде мемлекеттік қызметтің қағидалары және құндылығы, ал, Ерекше бөлімінде – жұмыста және тұрмыста мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық үлгісі сипатталады. «Мемлекеттік қызмет туралы» жалпыға ортақ жаңа Заң әзірлену сатысында.

2016 жылы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттау жоспарлануда, орталық аппараттан бастап, жергіліктіге дейін, бірақ жазалау сипатта болмайды, әлсіз қызметкерлерді тартады, оқытады, біліктілігін көтереді, алдыңғы қызметкерлерді жоғарылатады және марапаттайды.

Жәндідә Жакупов, Алматы қаласы Әкімдігінің ішкі саясат Басқармасының тапсырысы бойынша Халықаралық құқық қорғау орталығымен өткізілген жоба, оның мақсаттары, тапсырмасы, мерзімі туралы айтып өтті. Бұдан әрі, слайдтарды көрсете отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды түсіндірді. ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының, ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі және ҚР-ның Қылмыстық кодексі баптарын толықтай түсіндірді.

Семинар-кеңес соңында, «Халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық жауапкершілігін жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларын өткізу» жобасы туралы жадынама таратылды.

   
0
0
873

Қызылордада заңнама талаптарын орындамаған 306 шетелдік анықталды

Қызылорда облысы аумағында 07-09 желтоқсан аралығында Көші-қон полициясы басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мигрант» жедел-профилактикалық шарасы өткізілген болатын. Аталмыш профилактикалық шарасының 3 күнінде 306 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Сонымен қатар, шетел азаматы бола тұрып, өзіне қатысты қабылданған Қазақстан Республикасы шегінен шығарып жіберу жайлы шешімді орындамаған 5 Өзбекстан Республикасы азаматының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 393-бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Іс-шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 20 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке  тартылып, тиісті шаралар көрілді.

Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп- келушілерді заңнама талаптарын бұза отырып тартып, олардың еңбегін заңсыз пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша 7 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
323

Бүкіл халықпен Ел басының реформалары үшін

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының институционалды реформаларын түсіндіру мақсатымен МКМ «Медеу» биік таулы спорт кешенінде ұжымының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің кеңесшісі Мақсат Жаңбыршиев алғашкы интитуционалды реформаның кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша жаңадан енгізілген ақпараттар туралы хабарлады.

«Ильдаш» Татар орталығының төрағасы Нурия Ниязова біздің елдің әлем елдерінің дамыған 30-дығына жету бойынша Ел Басының реформалары туралы түсіндіріп, соңында Ұлт Көшбасшысының реформаларын жүзеге жөнінде барлық азаматтар мен этностық топтардың ұлтына қарамастан белсенді түрде қатысуы керектігін атап өтті.

 
0
0
236