Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүкіл халықпен Ел басының реформалары үшін

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының институционалды реформаларын түсіндіру мақсатымен МКМ «Медеу» биік таулы спорт кешенінде ұжымының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің кеңесшісі Мақсат Жаңбыршиев алғашкы интитуционалды реформаның кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша жаңадан енгізілген ақпараттар туралы хабарлады.

«Ильдаш» Татар орталығының төрағасы Нурия Ниязова біздің елдің әлем елдерінің дамыған 30-дығына жету бойынша Ел Басының реформалары туралы түсіндіріп, соңында Ұлт Көшбасшысының реформаларын жүзеге жөнінде барлық азаматтар мен этностық топтардың ұлтына қарамастан белсенді түрде қатысуы керектігін атап өтті.

 
0
0
206

Осы тақырып бойынша

Бүкіл халықпен Ел басының реформалары үшін - Yvision.kz