Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық (МЗТЖО) қызметкерлері «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын талқылауда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (ары қарай Департамент) Алматы қаласының МЗТЖО Алматы қаласы филиалымен бірлесе отырып, Алмалы, Бостандық аудандық МЗТЖО басшылары, бөлім бастықтары және осында жұмыс атқаратын қызметкерлермен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен 2015-2025 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны талқылау барысында кеңес өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев белгілеген 5 институциналды реформаны іске асыру барысында қабылданған «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып, мемлекеттік органдардағы шешім жолдарын талап ететін мәселелерге: мысалы, шенеуніктердің билікті немесе лауазымдық жағдайын жеке пайда алу үшін теріс пайданалу, қызметтік өкілеттіктерін пайдакүнемдік мақсатта пайдалану жағдайларын атап өтті.

Алмалы ауданы МЗТЖО басшысы Сәуле Жақсығұлова және Бостандық ауданы МЗТЖО басшысы Қымбат Рақымбаева өздері басқарып отырған аудандық бөлімдерде атқарылып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттеріне тоқталып өтті.

Іс-шара барысында МЗТЖО қызметкерлерінен мемлекеттік қызметті реформалау,  «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарына сәйкес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарға байланысты сұрақтар қойылып, оларға нақты және толыққанды жауап алды.

Іс шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаднамалар таратылды.

0
0
417

Осы тақырып бойынша