Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінде семинар-кеңес өтті
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент), «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Қоғамдық бірлестігінің президенті Жәнділдә Жакуповпен бірлесе Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды реформасы «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары мен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қоғамдық ортада кеңінен талқылау мақсатында Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің ұжымымен семинар-кеңес өткізді.
«Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» баяндамасымен, Департамент кызмеркері Асхат Байузаков, «100 нақты қадам» ұлттық жоспарына сәйкес мемлекеттік аппараттардағы реформа туралы жеткізді.
Қызметке қабылдау үш сатыдан тұратын болады: агенттікте сынақтан өту, мемлекеттік органда және агенттікте сұхбаттан өту. Бұдан әрі, 3 ай сынақ мерзімінен өту, қосу 3 ай тәлімгерімен жұмыс жасап барып жұмысқа қабылданады. Егер қызметкер сынақ мерзімінен өтсе, тұрақты жұмысқа қабылданады, ал егер өтпеген жағдайда, тәлімгерінен сұрайды. Мемлекеттік қызметте өсу де, үш сатыдан өтеді: ішкі орган қызметкерлері арасында, барлық органдар қызметкерлері арасында және лауазымға тағайындау. Кадрларды ауыстыру тікелей және көлденең жүзеге асырылатын болады, қызметтік тұрғын-үй қоры құрылады. Ашық конкурс жолымен, азаматтық, мемлекеттік, жеке секторлардың азаматтары тартылатын болады. Олар штаттың 15 %-ға жуығын құрайды және мемлекеттік басқару Академиясында курстан оқытудан өтеді. Басқару үшін шетел менеджерлерін тарту жоспарланған.
Жапон, АҚШ-да бұрыннан енгізілген, еңбек ақыны төлеудің баллдық шкаласы енгізіледі, яғни, жалақы орындалған жұмыс нәтижесіне байланысты төленеді. Жұмыс нәтижесі жақсы болған жағдайда бонус төленуі мүмкін.
Бұған қоса, қазір мемлекеттік қызметшілердің жаңа этика кодексі әзірлену сатысында, Жалпы бөлімінде мемлекеттік қызметтің қағидалары және құндылығы, ал, Ерекше бөлімінде – жұмыста және тұрмыста мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық үлгісі сипатталады. «Мемлекеттік қызмет туралы» жалпыға ортақ жаңа Заң әзірлену сатысында.
2016 жылы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттау жоспарлануда, орталық аппараттан бастап, жергіліктіге дейін, бірақ жазалау сипатта болмайды, әлсіз қызметкерлерді тартады, оқытады, біліктілігін көтереді, алдыңғы қызметкерлерді жоғарылатады және марапаттайды.
Жәндідә Жакупов, Алматы қаласы Әкімдігінің ішкі саясат Басқармасының тапсырысы бойынша Халықаралық құқық қорғау орталығымен өткізілген жоба, оның мақсаттары, тапсырмасы, мерзімі туралы айтып өтті. Бұдан әрі, слайдтарды көрсете отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды түсіндірді. ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының, ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі және ҚР-ның Қылмыстық кодексі баптарын толықтай түсіндірді.
Семинар-кеңес соңында, «Халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық жауапкершілігін жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларын өткізу» жобасы туралы жадынама таратылды.
