Медиктер «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарына сәйкес медициналық қызмет көрсету сапасын көтеруді қолдайды
Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Алматы теміржол ауруханасында «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын жүзеге асыру» атты семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің, Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, медицина мекемесінің ұжымдары қатысты.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері Сайлау Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасының 15 қадамы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны жүзеге асырудың тетіктері жөнінде баяндама жасады.
Бас дәрігердің орынбасары Сәуле Жәлелова ауруханада атқарылып жатқан жұмыстар мен Елбасының реформасында нақты көрсетілген халықтың тұрмыс-тіршілігіне, кәсіби мамандарды даярлауда мемлекеттік қызметте ғана емес барлық сала бойынша оның ішінде медицина саласы т.б. мәселелерге тоқталды.
Бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары Тамара Милосердова Ұлт жоспарындағы интелектуальды және инновациялық мәселелері жөнінде өз пікірін білдірді.
Сонымен қатар ақпараттық-аналитикалық орталықтың басшысы Омар Махмұтов «100 нақты қадамдағы» қоғамның өмір салтын жаңарту бағыттарына тоқталды.
Неврология бөлімінің меңгерушісі Ғалым Русанов өз сөзінде Елбасының «100 нақты қадамы» - мемлекет пен қоғам өмірінің дамытудағы барлық реформалары қамтылған 100 нақты тапсырмасы жөнінде өз ойын білдірді.
Семинар-кеңеске қатысушылар Елбасы Н.Назарбаеватың идеясын толығымен қолдады. Сұрақтар мен пікірлерге толыққанды жауап алды.

